Рационал сандарға амалдар қолдану, деңгейлік тапсырмалар.

47

 Қарағанды облысы  Жезқазған қаласы

Қ. И. Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейі

Пән мұғалімі Ташенова Гулмира Абдиманаповна

 Сабақ жоспары

Пәні:       математика   6 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Рационал сандарға амалдар қолдану,   деңгейлік   тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:  жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз – «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.

  1. Үй жұмысын тексеру. (тақта арқылы) №572

1)  0,5 *  = — 6,5          Жауабы :  х = 4;  х = 1.

2)  | 9 – 4х| : 8 + 0,875 =1        Жауабы:  х = 2;  х = 2,5.

3)  6,8 : | 5х -24| + 2,3 = 4        Жауабы:  х = 4;  х = 5,3.
4) | 3х — 16| * 2,6 + 3,8  = 22    Жауабы:  х = 3;  х = 7

Рационал сандарға амалдар қолдану
  1. 3. Қайталау сұрақтары

 

 

— Таңбалар ережесін жаз

  1. Ауызша жаттығулар (есептеулердің жауабында, жақын арада елімізде өтетін елеулі оқиғалар жөнінде мәліметтер жасырулы)

1) – 168 : (-3)   (Ертең қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Солтүстік

Американың және Орталық Азияның 56 елін біріктіретін

әлемдегі аса ірі өңірлік құрылымның  ЕҚЫҰ- ның

Саммит-і басталады.)

2)  | -2010 | -11   ( Саммит жоғары деңгейдегі кездесу десек, бұл 11 рет өтіп

отырған бас қосу. 1999 жылы соңғы кездесу Ыстамбұлда

өткен.)

3)      ( Тәуелсіздікке 19 жыл.)

4)   х- (-5) =18;  = ? ( 2011 жылдың 30 қаңтарында басталып Астана мен

Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азия ойындарына

169 қазақстандық спортшы қатысады.)

5)  -2 * (- 5,5)    ( бұл додада спортшылар  спорттық 11 түрінен бәсекеге

түспек)

 

 

5    Деңгейлік тапсырмалар

 

 

деңгей

есептер  

1 топ

 

2 топ

 

3 топ

 

А

2 ұпай

 

 

№581

 

2) (0,25-1): (-5)

 

4) 1,4:(-7)+(- 0,8)

 

6) 5,6:(-4)+0,4

 

№582

 

2) -6(1,5+а)

 

4)

 

6)

 

В

 

4 ұпай

 

№586

 

1)

 

2)

 

3) :

 

№589

 

4)9,1х+2-х-6

= -52,6

 

3)12х-5,9-7,5х+3,2 =-4,05

 

2)4,8х-5,5-х= -18,8

С

6 ұпай

 

№592

 

2)

 

 

3)

 

4)

 

Жауаптары интерактивті тақтада біртіндеп ашу арқылы тексеріледі.

 

 

 

 6    «Жауабы кімде?» ойынын ойнаймыз.

  1. Санақ басынан санды кескіндейтін нүктеге дейін қашықтық ____

(санның модулі) деп аталады.

  1. Кез келген теріс сан нөлден _____ (кіші).
  2. Екі теріс санның қайсысының модулі үлкен болса, сол сан _____ (кіші).
  3. -25 пен -18-дің қосындысының модулі неге тең? (-43)
  4. -4 · (-8,5) көбейтіндісін есепте. (34)
  5. -0,25х=5 теңдеуін шеш. (х=-20)
  6. -4·38,7 · (-2,5) тиімді тәсілмен есепте. (387)
  7. -8+х+(-22) өрнегін ықщамда.(-30+х)

(интерактивті тақтада жауаптарды жылжыту арқылы тексеріледі)

 

Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.  Натурал сан, бүтін сан, рационал сандарды Эйлер – Венн дөңгелектерімен көрсетейік. Рационал сандарды оқып-үйрену қажет пе? Өмірде кездесетін мысалдарға назар аударайық. (сурет бойынша)

  1. Үйге тапсырма: № 581 (тақ)   № 582 (тақ);  №586 (1).
  2. Оқушыларды бағалау.