Үшбұрыштардың түрлері

203

Ауданы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ақжігіт орта мектебі» ММ

Математика пәні мұғалімі: Тасболатова Айнұр

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың түрлері

Сабақтың мақсаты:  а) Үшбұрыштың түрлерімен таныстырып, олардың қасиеттері туралы мағұлмат беру.

ә) Алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру,

ұйымшылдыққа,  жинақылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың типі:           жаңа сабақ

Сабақтың түрі:             саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, сызғыш, бор, тақта,үлестірме қағаздар.

Сабақтың жүрісі:     1. Ұйымдастыру

  1. Үй жұмысын тексеру.

 

Сұрақтар әлеміне саяхат

1.Геометрия дегеніміз не?

2.Теорема дегеніміз не?

3.Үшбұрыш дегеніміз не?

4.Жазыңқы бұрыш дегеніміз не?

5.Сүйір бұрыш дегеніміз не?

6.Сыбайлас бұрыш дегеніміз не?

7.Вертикаль бұрыш дегеніміз не?

8.Нүктелер мен түзулер қандай әріптермен белгіленеді?

 

Жаңа сабақ

  • Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тең қабырғалы үшбұрыш,тең бүйірлі үшбұрыш,қабырғалары әр түрлі үшбұрыш.

 

Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.

 

Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.Тең қабырғалар үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп аталады да, үшінші қабырғасы үшбұрыштың табаны деп аталады.

 

Үш қабырғасының ұзындықтары үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп аталады.

 

Үшбұрыштың қабырғалары ұзындықтарының қосындысы үшбұрыштың периметрі деп аталады. Периметр Р әрпімен белгіленеді. Р=а+в+с.

 

 

 

  • Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тік бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш.

Бір бұрышы тік бұрыш болатын үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады.Тік бұрыш жасайтын екі қабырғаның әрқайсысы катет деп аталады. Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп аталады.

 

Бір бұрышы доғал үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

 

Барлық бұрыштары сүйір болатын  үшбұрыш сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту есептері:

а в с Р            Үшбұрыштың түрі
1 2 см 3 см 7 см ?                        ?
2 3 3 3 ?                        ?
3 6 6 2 ?                         ?
4 ? ? ? 9              Тең қабырғалы
5 3 ? ? 11               Тең бүйірлі
6 3 4 ? 10                          ?
7 4 ? 2 10                          ?

 

№12-есеп

Бер:                        Сызбасы:                   Шешуі:

АС=3см                                                    3+2=5

ВС=5см                                                     Р=5+5+3=13

 

Жауабы:ВС=5см,  Р=13см

р=?

 

№15-есеп

Бер:                     Сызбасы:                          Шешуі:

АС=3см                                                        АВ=3+1=4

АВ=4см                                                        ВС=(3+4)-2=5

Р=3+4+5=12

Т/К:  Р=?                                                    Жауабы:   Р=12см

№16-есеп

Бер:                               Сызбасы:             Шешуі:

ЕД=4 см                            К                         4х2=8

ЕК=8 см

Т/к: ЕК=?                                                   КД=8 см

 

КД=?

 

Е              Д

 

 

 

 

Қорытындылау:      1. Қандай үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады?

  1. Қандай үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады?
  2. Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады?
  3.   Үшбұрыштың периметрі деп нені айтамыз?

5.Тік бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады?

 

 

Үйге тапсырма:  № 23,    № 26-есептер

Бағалау.