Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар!

  Сабақтың тақырыбы:  Тапқыр достар!

Білімділік:  Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету;

                           Дамытушылық:    Іскерліктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:        Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие беру,  тапқырлыққа, жылдамдыққа, дәлдікке,  ұқыптылыққа,  ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар, қанатты сөздер,

Сабақтың түрі:  интеллектуалдық ойын

Сабақ барысы:

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып

Енді сайыс кезеңдерімен таныс болайық.

  1. Таныстыру
  2. «Мықты болсаң, тауып көр!», сандық ребустар
  3. «Жүйрік болсаң, шауып көр!», сиқырлы шаршыны толтыру
  4. «Ойлы болсаң, озып көр!», сөз тізбегі
  5. Сұрақ-жауап
  6. «Ойнайық та, ойлайық!», керекті фигураны табу
  7. Ребус шешу

 

 

 

1)Таныстыру

1-топтың таныстыруы:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2-топтың таныстыруы:

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

2) «Мықты болсаң, тауып көр!»,  сандық ребустар

Әрбір топқа жеке-жеке үш ребустан беріледі. Бұл ребустарда сандық есептер жасырылған. Әрбір дұрыс шешілген ребусқа 10 ұпай беріледі.

№ 1 ребус                                                   № 2 ребус

 

№ 3 ребус                                                   № 4 ребус

 

№ 5 ребус                                                   № 6 ребус

 

3) Тапқыр болсаң? Көрермендермен ойын

Төменде берілген сөздерді  қимылмен көрсету

А)Сызғыш

Ә)Циркуль

Б)Транспортир

В)Қаламсап

Г)Дәптер

Д) «х» таңбасы.

Ж)Үшбұрыш

З) төртбұрыш

 

3) «Жүйрік болсаң, шауып көр!», сиқырлы шаршыны толтыру

Сиқырлы шаршыдағы сандарды көлденеңінен, тігінен және қиғашынан қосқанда сандардың қосындысы тең болуы керек. Бір сан екі рет қайталанбайды. Бос торкөздерді толтырыңдар.

  • «Ойлы болсаң, озып көр!», сөз тізбегі

Әр командаға карточка беріледі. Онда математикалық термин жазылады. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталып, математикаға  қатысы болуы керек. Қай топ көп сөз жазады, сол ұтады.1-карточка: формула; 2-карточка: хорда;

  • Сұрақ-жауап

9 сынып.

1.Рационал сандар деп қандай санды айтамыз?   /оң,теріс және бөлшек сандар/

2.Геометрия терминінің мағанасы.                         /   «жер» өлшеу/

3.Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын түзу.                   /Хорда/

4.Планиметрия нені зерттейді?

 

5.50-ді ½ бөлсең қанша болады.                       /100/

6.Қарама-қарсы сандар деп қандай санды айтамыз.     /таңбалары әр түрлі/

7.Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі                        /180 градус/

8.Ромбы дегеніміз не?   /Барлық қабырғалары тең параллелограмм/

9.Ұшақ Семейден Астанаға дейін 1сағат 40 минут ұшады,ал кері қайтқанда 100 минут ұшады айырмашылығы неде?     /Тең/

10.Квадраттың қабырғасы 9-ға тең ауданы нешеге тең?                    /81/

 

 

  • «Ойнайық та, ойлайық!», керекті фигураны табу
  • Ребус шешу

 

 

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.

Егеменді қазақтың біз ұраны,

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.

 

 

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.