«Математикалық сауаттылық – ойлы адамзаттың қажетін қанағаттандыру негізі» таңдау курсының бағдарламасы

287

«Математикалық сауаттылық – ойлы адамзаттың қажетін қанағаттандыру негізі» таңдау курсының бағдарламасы

6-сынып

Түсініктеме хат

 

Таңдау курсы 6-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін және болашақтағы бейіндік оқуға алдын ала дайындау үшін қазіргі заманғы өмірдегі өте маңызды математикалық ұғымдардың бірі – процент ұғымына және PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады.

Курс оқушылардың физика-математикалық, финансты-экономикалық бағыттар бойынша бейіналды дайындығына бағдарланған. Ол математиканың базалық курсын кеңейтеді және оқушыларға математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді.

Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.

Ұсынылып отырған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесінің дамуы болып табылады, оқушыларда «процент» терминінің мағынасының маңызды түсінушілігі болуына әсер етеді, оны пайдаланып шешетін есептер аймағын бірталай кеңейтеді. Курс оқушыларға проценттік есептеулер сияқты қарапайым және белгілі математикалық аппараттың өмірдегі кең қолданысын көрсетеді. Есептер шығару кезінде химиямен, физикамен, экономикамен пәнаралық байланыс айқын көрінеді, бұл оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, математикалық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Финансты математика мәселелері қазіргі уақытта тек болашақ финансистер мен экономистер үшін ғана емес, барлық адамдар үшін де қызығушылық танытады. Күнделікті өмірде біздің әрқайсымыз тауарлар және қызмет ету бағаларымен ұшырасамыз. Банктерде жинақ салымын немесе кредитті рәсімдегенде, тауар құнын өтеу мерзімін ұзартуда, айып өсімінің, салықтың, сақтандырудың төлемінде осындай мәселелермен айналысуға тура келеді. Сондықтан математикалық сауаттылық, яғни мектептік математика осындай кездесулердің адамдар үшін финансты шығынға айналмауына жауапты десек те болады. Осы тәрізді есептер математиканың практикалық құндылығын айқын көрсететін болып табылатынының маңызы аз емес.

Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Таңдау курсының сабақтарын дайындау және өктізу кезінде оқушылардың өзін-өзі анықтац үдерісіне әсер ету үшін және оларға өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетпей, өзіне дұрыс баға беруіне көмектесу үшін зерттеушілік және іс-әрекеттік ыңғайды қолдану ұсынылады. Сабақтарды жүргізу технологиясында оқушыларға өтілген материалдың қаншалықты игерілгенін тексеруге мүмкіндік беретіндей  өзін-өзі тексеру кезеңдері болады. Қорытынды бақылау түрі курс тақырыбы бойынша оқушылардың дайындаған жобаларының тұсаукесері болуы мүмкін.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

 

Оқушылардың проценттік есептеулер туралы біліктерін өмірлік тәжірибені әр түрлі мәселелер спектрімен байыту есебінен кеңейту; болашақ оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға әсер ету; математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру; PISA тапсырмаларында  теңдеу құруға берілген есептерді шығара отырып, өмірде туындайтын көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және қолдануға дағдылау.

 

КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

 

  1. Оқушыларды проценттің пайда болу тарихымен таныстыру.
  2. Проценттің әр түрлі өмір жағдайларында (кең сатылым, тариф, айыппұл, дауыс беру) қолданылуын оқушыларға көрсету.
  3. Орындалу кезінде процентті қолдануды талап ететін кейбір банк операцияларымен оқушыларды таныстыру.
  4. Қорытпаларға, қоспаларға, ерітінділерге берілген есептерді процент көмегімен шешу әдістеріноқушыларға көрсету.
  5. Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру.
  6. Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін дамыту.
  7. Оқушылардың математикалық іс-әрекетке деген өз қабілеттерін сараптауға мүмкіндік беру.
  8. Проценттің көмегімен есептер шығару арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибелерін байыту.

 

КУРСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

 

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.

 

КУРСТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

 

  • Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіреді;
  • Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;
  • Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді;
  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
  • Қоғамдық прогрестің дамуы үшін жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі болатын математиканың маңызын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Курстың мазмұны

 

1 тақырып. Процент ұғымы, пайда болу тарихы.(3 сағ)

Процент ұғымы. Проценттің пайда болу тарихы. Проценттік қатынастар (А саны В санының нен процентін құрайды; А саны В санына қарағанда неше процент артық; А саны В санына қарағанда неше процент кем). Тренингтік және рейтингтік кестелермен жұмыс. Есептнр шығару.

 

2 тақырып. Өмір жағдаяттарындағы проценттер. (6 сағ)

Жаппай сатылым, тариф, айыппұл және дауыс беру туралы есептерді шешуде проценттердің қолданылуы. Берілген есептердің әр түрлі әдістермен шешілуі. Әрбір оқушының өзіне ыңғайлы және түсінікті әдісті өз бетімен таңдап алуы маңызды. Есептерді шығару кезінде калькулятор қолдануға рұқсат беріледі. Есептер шығару.

 

3 тақырып. Проценттер және банктік операциялар.(4 сағ)

Жай және күрделі проценттер. Кредит мерзімі. Есеп айырысу ставкасы. Вексельдерді рәсімдеу. Дисконт. Проценттік ставканы есептеу. Есептер шығару.

 

4 тақырып. Қоспаларға, қорытпаларға және ерітінділерге есептер.

(4 сағ)

Заттың концентрациясы. Проценттік құрам. Берілген типтегі есептерді шығару кезінда жіберілетін мүмкін қателер. Есептер шығару.

 

5 тақырып. Теңдеу құруға берілген есептердің типтері. (9 сағ)

Сандық тәуелділіктер; проценттер, қоспалар, ерітінділер;  қозғалыс есептері; бірігіп жұмыс атқару есептері.

 

5 тақырып. Барлық курс бойынша есептер шығару.(4 сағ)

6 тақырып. Қорытынды сабақ. (4 сағ)

Оқушылар жобаларының тұсаукесері. Курстың тақырыптары бойынша жоба дайындау қажеттігін оқушыларға алдын ала хабарлау керек, ол үшін оларды осындай әрекеттермен алдын ала таныстыру қажет. Сабақ-тұсаукесер қызықты болып шығу үшін жобалардың түрлері оқушылардың деңгейі мен мүдделеріне сәйкес болу керек, сонымен қатар мазмұны мен формасы да қызықты болғаны жөн. Жұмыстар жеке де, топтық та бола алады. Аталмыш сабақты жеңімпаздарын оқушылардың өздері анықтайтын сайыс сабақ түрінде өткізуге болады (немесе мұғалімнің қалауымен басқаша да өткізуге болады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстың оқу-тақырыптық жоспары.

 

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Сабақтың түрі
1 Проценттің пайда болу тарихы. 1 Лекция
2-3 Процент ұғымы. 2 Әңгіме
Өмір жағдаяттарындағы проценттер

 

6 Өзін-һзі бағалау сабақтары
4-6 Жаппай сатылым, тариф, айыппұл және дауыс беру туралы есептер 3  
7-9 Есептердің әр түрлі әдістермен шешілуі 3  
Проценттер және банк операциялары 4 Практикум-сабақтар
10 Жай және күрделі проценттер. 1  
11 Кредит мерзімі. Есеп айырысу ставкасы. Вексельдерді рәсімдеу. Дисконт. 1  
12-13 Проценттік ставканы есептеу. Есептер шығару.

 

2  
Қоспалар, қорытпалар және ерітінділерге есептер 4 Практикум-сабақтар
14 Заттың концентрациясы. Проценттік құрам 1  
15 Берілген типтегі есептерді шығару кезінда жіберілетін мүмкін қателер 1  
16-17 Есептер шығару 2  
Теңдеу құруға берілген есептердің типтері 9 Практикум-сабақтар
18-20 Сандық тәуелділіктер 3  
21-23 Қозғалыс есептері 3  
24-26 Бірігіп жұмыс атқару есептері 3  
27-30 Толық курс бойынша есептер шығару 4 Семинар
31-34 Қорытынды сабақтар 4 Жобалар тұсаукесері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстың оқу-әдістемелік қамсыздануы.

 

  1. Барабанов 0.0. Задачи на проценты как проблема нормы словоупотребления. \\ Математика в школе, № 5, 2003.
  2. Барабанов 0.0. Конкурсный экзамен по математике. Формулы успеха. — Ковров, 1998.
  3. Захарова А.Е. Несколько задач про «цены». \\ Математика в школе, №8, 2002.
  4. Петров В. А. Элементы финансовой математики на уроках.\\ Математика в школе, №8,2002.
  5. Сборник задач по математике для поступающих в вузы (с решениями). В двух книгах. Книга 1. Алгебра / Под ред. М.И.Сканави. — 9-е изд., перераб. и доп. — М.: Издательский дом «ОНИКС 21 век»: Мир и образование, 2001.
  6. Симонов А.С. Экономика на уроках математики. — М.: Школа — Пресс, 1999.
  7. Спивак В.А. Тысяча и одна задача по математике: Кн. для учащихся 5-7 кл. / А.В.Спивак. — М.: Просвешение, 2002.
  8. Фирсова М.М. Урок решения задач с экономическим содержанием,\\ Математика в школе,№8,2002.
  9. Ю.Студенецкая В.Н., СагателоваJI.C. Сборник элективных курсов — Волгоград: Учитель,2007