МИФ мейрамханасы «Электроника әлемі» апталық қорытынды кеші

94

МИФ мейрамханасы «Электроника әлемі» апталық қорытынды кеші

Мақсаты:

1)Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2)Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

3)Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты

Жоспары:

І.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру).

а)Кешке 9-11 сынып оқушылары қатысады.

1-үстел (қонақтар саны 4)

2-үстел (қонақтар саны 4)

3-үстел (қонақтар саны 4)

4-үстел (қонақтар саны 4)

б)Кештің шартымен  таныстыру.

Кештің барысында:

1.Толық жауапқа 5 ұпай

2.Толық емес жауапқа 3 ұпай

3.Қате жауапқа 0 ұпай

ІІІ.Кеш барысы.

1-жүр.: Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар,

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.

Бүгінгі кеште біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

2-жүр.: Уа, халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі ойын төрінде

Есеп шешіп жырысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруен шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

1-жүр.: Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

(Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз. Даряшылар қонақтардың сыртқы киімдерін шешіп, орындарына отырғызады)

2-жүр.: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика, Информатика, Физика жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ – қазы сайлаймыз.

1.Математика пәнінің мұғалімі Алимбаева Даргүл Мажитқызы.

2.Физика пәнінің мұғалімі Тулегенова Ағиба Семғалиқызы.

3.Информатика пәнінің мұғалімі Куанышева Галия Қуанқызы.

1-жүр.:  Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.

Кім білімді, кім тапқыр – шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

2-жүр.:  Топ алдында шыққан басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер оқушыларымыз

Сәтті келіп қалғандай танысатын.

(Әр топ өздерін таныстырады)

IV.Кеш барысы.

Даяршылар мейрамхананың бүгінгі күннің ас мәзірін қонақтарға ұсынады.

Бүгінгі ас мәзірі.

1.Дәмді теңдеулер.

1-үстел.

Физика. Клаузиус теңдеуі немесе газдардың малекулалы-

кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі деп – ……

//

Математика.  өрнегін ықшамда.

Информатика.Ондық санау жүйесін екілік санау жүйесіне

ауыстыр: 32210 — ?2

2-үстел.

Физика. Идеал газ күй теңдеуі немесе Менделеев – Клайперон

теңдеуі деп – …… /

Математика.  өрнегін ықшамда.

Информатика. Ондық санау жүйесін екілік санау жүйесіне

ауыстыр: 28310 — ?2

3-үстел.

Физика. =c1m1(θ-t1) салқын деденің алған жылу мөлшері

=c2m2(θ-t2) қызған деденің берген жылу мөлшері

Жылу баланысының теңдеуі деп – …… / Qалған =  Qберген/

Математика.  өрнегін ықшамда.

Информатика. Ондық санау жүйесін екілік санау жүйесіне

ауыстыр: 42810 — ?2

4-үстел.

Физика.Электромагниттік тербелістерді сипаттайтын негізгі

теңдеу деп –…… //

Математика.  өрнегін ықшамда.

Информатика. Ондық санау жүйесін екілік санау жүйесіне

ауыстыр: 31510 — ?2

 

2.Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ.

1-үстел.

а)Бұтақ орнына мың бір инесі

Компьютер жаны мекені /кактус/

б)Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала – шаға ұсағын

Буырына қысады /магнит/

в)Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында /сызғыш/

 

2-үстел.

а)Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? /дәреже/

б)Экран бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап  ұрады /меңзер/

в)Бір бұлбұл отырады салып әнді

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды

Өнері қандай асқан деп ойладым

Бір демде жер түбінен хабар алдым /радио/

3-үстел.

а)Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды /бос орын пернесі/

б)Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны /квадрат түбір/

в)Жалғыз бағыт білері

Бұрғаныңа көнбейді

Жол көрсетіп береді

Бірақ өзі көрмейді /компас/

4-үстел.

а)Ақпаратты қағазға шығарады

Бұл құрылғы қалай деп аталады? /Басу құрылғысы/

б)Бүтін сан бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң теріс сан бәрі сонда /рационал сандар/

в)Тар шеңбер айналып

Тұр қазықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды /сағат/

2-жүр.:Ойын толқын айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

3.Палауға қосылған есептер. (Алгебрадан есептер).

1-үстел. Бос тор көзге сандарды қойғанда, барлық 8 амал

орындалуы тиіс. /7+3-5=5,  6-2+4=8,  8+4-6=6,   5+5-3=7/

 

2-үстел. Міне қзықты кестелер

Бұл кестеде тек беттер

Дұрыстап көз сал

Қатаң заңға бағынған

Сұрақ тұрған жерге ойланып суретін сал.

3-үстел. 4 түзу сызықпен тік төртбұрышты 10 бөлікке бөлгенде, әр бөлікте бір гүл қалу керек

4-үстел. Сұрақ белгісінің орнына сұрақ қойыңдар. /төмендегі сан сол жақтағы саннан 2-ге кіші, бірінші саннан 2-ге үлкен/

IV.Тәжірибемен әзірленген винегрет салаты. (Физикадан тәжірибелер. Көрсетіп, түсіндіру керек). «Құпия жәжік» ішінде физикалық құралдар жасырылған. Даяршылар жасырын қағаздағы нөмерді суырады. Сол нөмерге байланысты «Құпия жәшік» ішіндегі тәжрибені түсіндіру керек.

1.Денелердің электленуі. (эбонит, шыны таяқша, тері, жібек мата)

/Дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу  — электрлеу деп аталады/

2.Магнит өрісінің күш сызықтары. /Өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің  (магнит индукция векторының) бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады/

3.Атмосфералық қысым. /Стаканды төңкергенде үстіңгі жағындағы бос кеңістіктегі қысымнан қағазды стаканға қысып ұстап тұрған атмосфералық қысым артық/

4.Камертон. /Дыбыстың қаттылығы нег байланысты болатынын анықтау үшін камертон пайдаланамыз. Камертонның немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады/

 

1-жүр.:Ойын толқын жатқандай асып тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып

V.Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (МИФ ғалымдары).

1-үстел.

Информатика. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «аналитикалық машина» жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің «атасы» деп те атайды. Бұл қай ғалым? /Чарлз Бэббидж/

Физика. 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде дүниеге келген. Электромагнетизм саласында бiрнеше жаңалық ашқан, Француз ғалымы. Электр және магнетизм саласы бойынша өте маңызды мақалаласы 1827 жылы жарық көрген “Электродинамика құбылыстарының математикалық теориясы туралы мемуар» – болып табылады. /Андре Мари Ампер/

Математика.  Келтірілген квадраттық теңдеу түбірлерін коэффиценттер арқылы ұсынған ғалым. /Франсуо Виет/

2-үстел.

Информатика. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепті – пефорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші-пефорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын IBM фирмасына айнады. Бұл қай ғалым? /Герман Холлерит/

Физика. Ағылшын физигi, дәрiгер және астроном, жарықтың толқындық теориясының негiзiн салушысының бiрi. Лондондың корольдiк ұйымның мүшесi (1794), 1802-29 оның хатшысы. /Юнг Янг Томсон/

Математика. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын байланыстыратын теорамены кім ұсынды? /Пифогор/

3-үстел.

Информатика. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1984жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым — әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Бұл қай ғалым? /Ада Лавлейс/

Физика. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. /Майкл Фарадей/

Математика.  Жазықтықтағы координаталық жүйе қай ғалым атымен аталады? /Декарт Рене/

4-үстел.

Информатика. 1642 жылы бұл француз матиматигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын мехтикалық есептеу машинасын құрастырды. Бұл қай ғалым? /Блез Паскаль/

Физика. 1811 жылы  жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамалды айтты. Осы жорамал негiзiнде Амедео негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. /Авогадро Амедео/

Математика.  Орыстың ұлы математик әйел адамы. /Софи Коволевская/

 

2-жүр.:Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

VI.Біздің дастарханнан сіздерге дәм. (Инорматикадан сұрақ).

1-үстел.

Информатикадағы винчестер ұғымы тағы қандай мағынаны білдіреді? /Англиядаға қала, мылтық, қатқыл дискі)

2-үстел.

Информатиканы ұстап тұрған басты үш алып. /логика, алгоритм, ақпарат/

3-үстел.

Барлық әлемді ұстап тұрған басты үш алып. /зат, энергия, ақпарат/

4-үстел. «Құпия жәшік»

Бұл құралдың жасы 200-500 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан»» деп, жапондықтар «серобян деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?

1-жүр.: Білімінің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста керек екен.

VII.Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

1.Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 м ағаштың басына қанша күнде шығады? /5 күнде/

2.Адам қандай жолмен жүрмейді? /Құс жолы/

3.Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/

4.Тақтада көрсетілген 81 санына 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? /қағазды төңкереміз/

5.Әлемдегі ең бай адам кім? /Билл Гейтс/

6.Бит, байт, мегабайт, киллограмм. Артығын алып таста. /килограмм/

  1. Аспан неге көк? /Атмосфера көк түсті көп жұтады/

8.Ең алғаш программа жазған ғалым. /Ада Лавлейс/

9.Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылдып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіпте аламыз. Он не? /сандар/

10.Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? /тоқ/

VIII.Компьютер балмұздағы.

Қимыл қозғалыспен Роботтың іс-қимылын көрсету керек.

1-үстел. Мейрамхананың терезесін жуып жатыр.

2-үстел. Мейрамхананың асын әзірлеу.

4-үстел. Мейрамхананың үстел үстін жинау.

5-үстел. Мейрамхананың ішін жинау.

ІХ.Мерамхананың тартуы «Торт». (Қонақтарға дәмді торт ұсынылады).

2-жүр.: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам тыңдады

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңілді жақын тыңдады

(Әділ қазылардан қорытынды баға сұраймыз)

1-жүр.: Бүгінгі кеш қызықты кеш

Көрермендер халайық

Ой-түйсікті қозғап небір

Көрініске назар салайық

(Ортада КТК-дан үзінді. Әділ қазылар қорытындысын шығарып болғанша 11 сынып оқушылары физика-математика-информатика атпалығына байланысты КТК-дан көрініс көрсетеді)

Х.Қорытынды. Әділ-қазылар қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау /Диплом, медаль беру/ рәсімі.