Сызықтық теңсіздіктерді шешу

  1. Сабақтың мақсаты: 1) Сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;

2) Теңсіздіктерді шешу және шешімдер жиынын анықтай білуге үйрету;

3) Ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу;

  1. Сабақ түрі: білімді бекіту.

3.Сабақ типі: әдеби-монтажды сабақ.

  1. Қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, тест тапсырмалары.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
  2. Үй тапсырмасын тексеру           5 минут
  3. Білімді бекіту тапсырмалары 30  минут
  4. Сабақты қорыту, білім бағалау 4 минут
  5. Үйге тапсырма беру 1 минут

Сабақ барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру, сабақтың барысы мен мақсаты туралы түсінік

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

III.Білімді бекіту тапсырмалары

  • Музыкалық –әдеби монтаж

1-оқушы : Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап, қайта тұрып,

Осы күнге жеттік біз.

2-оқушы: Математика Ұлы атамыз,

Қажет болды адамдарға.

Туын жықпай келе жатыр,

Мынау қилы замандарда.

  • Сұрақпен жұмыс
  1. Теңсіздіктің түрлері
  2. Сан аралықтары
  3. Теңсіздік қасиеттері

 

3-оқушы:  Азияда ғылым қашан,

Нұрын шашты жарқырай?

Ғалымдары кімдер болды,

Айтыңдаршы жалпылай?!

4- оқушы: Ғалым болған ұл-қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлықбекті отқа жақты,

Сол заманның құзғындары.

5- оқушы: «Екінші ұстаз»- деп атады,

Фарабиді жұрт түгел.

Атамыздың трактатын,

Бағалы әлі ,мықты дер.

6-оқушы: Әл-Бируни-Әбуәли,

-Өзбекстан, тәжікстан !

Елдерінің мақтаны,

Қатарынан озып шыққан.

7- оқушы: Тоғызыншы – он бесінші,

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге,

Бұлар – Азия ғалымы.

  • Карточка тапсырмаларын орындау.

Теңсіздіктерді сан түзуінде кескіндеп, шешімдер жиынын сан аралығында жазыңдар.

  1. Х ≤  3 ,  Х › -5,2
  2. Х ≥  2, Х ‹ -3,7
  3. Х ≥ 7, Х ‹ -6,5

8-оқушы: Еуропа ғалымдары,

Бастау алды бұлардан.

Барын алып, жоғын тауып,

Алақайлап қуанған.

9-оқушы: Қолына алып бағындырды,

Он алтыншы ғасырды.

Білімді де, ғылымды да,

Пайдасына асырды.

10-оқушыы: Француздан виет шықты,

Кезегім менің келді деп.

Алгебралық символдарды,

Әріптермен белгілеп.

11-оқушы: Іле-шала Декарт келді,

Осы күнгі белгіні ап.

Бүгінгі ұрпақ, жазып жүрміз,

Декартша әлі белгілеп.

12-оқушы: Куб теңдеуді шешеміз деп,

Талап қылды әркімдер.

Итальяндық Тарталья алғаш,

Шешкен нағыз – кемеңгер!

13- оқушы: Мұра қылып жазып кетті,

Кардано оны жазбаша.

Бізге бүгін жетер ме еді,

Егерде ешкім жазбаса?

14-оқушы: Геометриялық тәсілменен,

Куб теңдеуді Хайям шешкен.

Әрі ақын ,әрі ғалым,

Мол бақытты бастан кешкен.

  • Есептер шығару.

Х-тің мәні болатын натурал сандарды жаз:

  1. 14,2 ≤ Х ≤ 21,  Х= 15, 16, 17, 18, 19,20,21.
  2. 8,3 ≤ Х ≤ 15 , Х= 9 ,10, 11,12,13,14,15.
  3. 5,5 ≤ Х ≤ 11,2, Х= 6, 7, 8, 9, 10, 11.

15-оқушы:Орыстарда бұл ғылым,

Дамыды қашан қарыштап.

Аты шықты кімдердің,

Айтыңдаршы дұрыстап.

16-оқушы: Орыстар да бастау алып,

Он жетінші ғасырдан.

Өндірісте, ғылымда,

Жаңалықтар ашылған.

17-оқушы: Ломоносов, Лобачевский-

Аты шыққан ғалымдар.

Мақтанышы өз елінің,

Мәңгі өшпес жалындар.

  • Тест тапсырмаларын орындау.
р/с1-нұсқар/с2-нұсқа
 

 

 

1

 

Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

2,3  Х ≤  6,6

 

А)      б)     в)

 

 

 

 

1

 

Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

-1,2  Х ≤  3,2

 

А)      б)        в)

 

 

 

 

2

 

Х-тің мәнін табыңыз:   19 21

 

А) 19;                 б) 20;                в) 21.

 

 

 

2

 

Х-тің мәнін табыңыз:   17 х 19

 

А) 17;                 б) 18;                в) 19.

3Теңсіздікті шешіңіз: 2х   12

 

А)        б)          в)

3Теңсіздікті шешіңіз: 3х   12

 

А)        б)          в)

 

IV.Сабақты қорыту , оқушы білімін бағалау.

Сұрақтар: 1) Азия ғалымдары  (Ұлықбек, Фараби, Әл-Бируни)

2) Еуропа ғалымдары  (Декарт, Виет, Тарталья, Кардано)

3) Орыс ғалымдары (Ломоносов, Лобачевский)

4) Қазіргі қазақтан шыққан математик ғалымдар.

«Математиканың әні» орындалады.

V.Үйге тапсырма