«Сынып топ басшысы» интеллектуалды ойыны.

 «Сынып топ басшысы» интеллектуалды ойыны.

Математикалық ойын дегеніміз — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға

жетелейтін,адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру,логикалық ойлауын дамыту,таным әрекетін қалыптастыру,тиянақтау,пысықтау,алған білімді тексеру,қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Төменде «Сынып топ басшысы» тақырыбында өткен сабағымды ұсынып отырмын.

“Математиканың өз тілі бар – ол формула“ Софья Ковалевская
“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
“Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек “. С.М.Ломоносов
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі ˮСынып топ басшысы” атты 5”А” сыныпбының оқушылары арасында өткізілгелі отырған математика-дан  интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер!

Ойын шарты: Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен 5”А” сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған «Қырандар» және  сыныптың алғырларынан тұратын «Болашақ» топтарын ортаға шақырып құрмет — қошемет көрсетіп қояйық.
Жүргізуші:
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика — ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа.
Жасықтан емессің сен, қаталдансың!
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән – “математика” атанғансың!
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! — деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар-деген.
Ал қазір мен сіздерді “Болашақ” тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі – Дүйсенова  Гүлдана
Мүшелері: Маратова Айдана, Бекмұханова Шәмша,Бекқалиев Ибрахим, Алиев  Абылай.
Сонымен сөз кезегін сәлемдесу рәсімі бойынша “Болашақ” тобына береміз.
Топтың ұраны:Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:  Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Жүргізуші: “Қырандар” тобы, сөз кезегі сіздерге де келіп жетті.
Келесі кезекте мен сіздерді “Қырандар” тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі –Аманбаева Айгерім.
Мүшелері:Мұханғалиева Айдана, Бекмұханбетов Қуандық,Жолдыбаев Кенжебек , Рахимов Нұрдаулет.

Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Қырандар”   тобына ұсынамыз.
Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,
Сәлемдесуі:  Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Танысудан сірә бізде қашпаймыз.
Жүргізуші:  Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейін.
1-кезең. “Бәйге”-есептер шығару.
2-кезең. «Жалғастыр»-сайысы.
3-кезең. «Сөз жұмбақ»-сайысы.
4–кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу.
5-кезең. «Кім жылдам»-топ жетекшілер сайысы.

6-кезең. «Картина құрау»-сайысы.

7-кезең. «Өлең шығару»- сайысы.

 

Жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біз алғашқы — Бәйге кезеңін бастайық.
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейін.
1-кезең. “Бәйге” –есептер шығару. Әр топтың барлық мүшелері шығады,1 адамға бір есептен беріледі. Бос орынды толтыру.

  • 3 2)       3)       4)        5)

2-кезең. «Жалғастыр сайысы». «Мақал сөздің мәйегі» дегендей, бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.  Біздің алма ағашымыздағы алманың бірін таңдап, сонда берілген мақал-мәтелдердің  ізін жалғастырып толық айт.

1.Жеті жұрттың тілін біл ,…    (жеті түрлі білім біл.)

2.Отыз тістен шыққан сөз,…   (отыз елге тарайды.)

3.Жүз теңгең болғанша ,…  (жүз досың болсын.)

4.Бір кісінікі мақұл,…(екі кісінікі ақыл.)

5.Алтыға дейін бала ерке,… (алпыстан кейін шал ерке)

6.Біреуге мал қайғы, …(біреуге жан қайғы)

7.Жүзден жүйрік,…(мыңнан тұлпар)

8.Бірінші байлық -,…(денсаулық)

Екінші байлық -,…(ақ жаулық)

Үшінші байлық-,…(он саулық)

9.Жүздің түсін білгенше,…(бірдің атын біл)

10.Біреу тойып секіреді,…(біреу тоңып секіреді)

 

Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі  3-кезегіне  көшейік.

3-кезең «Сөз жұмбақ шешу» сайысы.

ШЕҢБЕР
БІР
ҮЛКЕН
ӘРІПТІ
МЕТР

1.Барлық нүктелері бір жазықтықта және  центрден бірдей қашықтықта жататын фигура.

  1. 5 пен 5-тің бөліндісі нешеге тең.
  2. «Кіші» ұғымына қарсы ұғым.
  3. Құрамында әріптері бар  өрнек.

5.Ұзындықтың өлшем бірлігі?

Жүргізуші:
Ұлттық ойын көкпар!
Білекті жігіт, белді ат,
Жекпе-жек, тартысты сәт,
Тақымы тастай батыр ұлдар мен сәйгүліктер додасы.
4–кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу.

1.Табақта үш алма ,қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын , болады неше алма.  (5)

2.Көлден ұшты төрт қаз,

Қайтып қонды екі қаз ,

Ұшып кетті нешеуі. (2)

 

3.Талдан ұшты көп торғай, емес бірақ көп торғай

Біреуі бастауышы, төртеуі қостауышы

Ойың жүйрік болса егер, торғай нешеу есепте. (5)

4.Он саусақтың үшеуін досың сұрап алды,айтшы сонда нешеуі өзіңде қалды. (7)

5.Бір қоянның екі құлағы бар, екі қоянның неше құлағы бар. (4)
Жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.

5-кезең. «Кім жылдам» топ басшылар сайысы. Есеп дұрыс болса ұпай беріледі.

+5=37

+7=39

32                  +9=41

+10=42

+3=35

Жүргізуші:
Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың ,
Қиындықтан өткізер.

6-кезең. «Картина құрау»-сайысы. Бұл сайыста әр топқа математика сабағында кездесетін төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш және т.б.  жобада қиылған картина қағаздары беріледі,одан берілген картинаны құрап шығару керек.

Жүргізуші.  Бойларыңда от бар екенін  байқадық,

Жүректерде шоқ бар екенін байқадық,

Әрқашанда осы шоқты өшірмей ,

Жалындатып шарықтаңдар , әрдайым.

 

 7-кезең.«Өлең шығару»сайысы. Осы сайыста әр топ келе жатқан « 8-наурыз» мерекесіне арнап, кемінде 1-2 шумақ болатындай шын журектерінен шыққан  ұйқасты өлең шығару керек.

Жургізуші:    Әділқазылар шешімдері шыққанша  Қойшыбаев Мекке мен  Нұржанқызы Әселдің  орындауында  өлеңін тыңдайық. 
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Жүргізуші:  Әділқазылардың шығарған шешіміне сөз кезегін берейік.

 Міне біздер анықтадық тұлпарды,

Айта  алмаспыз, міне, мынау кеш қалды,

Риза бол  уажіне  әділқазы алқасы,

Құттықтаймыз натижемен озып шыққан,

Жүзден жүйрік,мыңнан шыққан тұлпарды,

-деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймын.

Қорытынды

Жеңімпаз    топты анықтап,  жеңімпаздарды  марапаттау.