Жай сандар, құрама сандар

 

 Сынып: 5 « » 

Сабақтың тақырыбы:   Жай сандар, құрама сандар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Жай сандар және құрама сандар ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

        3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

        Сабақ түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

 

  1.       Үй тапсырмасын тексеру № 243, № 246 , № 252
  2. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
  3. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?

 

  1. Жаңа сабақты меңгерту: 
  • 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысал: 13 және 101 жай сандар

  • Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды

 Мысал: 8 саны -құрама сандар, бөлгіштері: 1,2,4,8.

 

  1. Есептер шығару.

 

№ 258 -263 жазбаша тақтада орындау

№ 266 өздіктерінен

  1. Сабақты бекіту кезеңі:
  2. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
  3. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
  4. 1 саны қандай сан?

 

6 . Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  1. Үйге тапсырма: §10 сұрақ 1-3, № 267-272

 

Күні:

Сынып: 5 « » 

Сабақтың тақырыбы:   Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу туралы ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

        3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

        Сабақ түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру: §10 сұрақ 1-3, № 267-272
  2. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
  3. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
  4. 1 саны қандай сан?

 

Жаңа сабақты меңгерту: 

  • Құрама сандыжай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деп аталды.

Мысал: 462=6*77=(2*3)*(7*11)=2*3*7*11

462=21*22=(3*7)*(2*11)=3*7*2*11                                                                       55ғ

  • Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

 Мысал: 36 = 2*2*3*3                36= 22 *32

Есептер шығару.

 

№ 278-281. № 285-286  жазбаша тақтада орындау

№ 291 өздіктерінен

  1. Сабақты бекіту кезеңі:
  2. Құрама санды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
  3. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеуде қандай реттілікті сақтау керек?

 

6 . Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  1. Үйге тапсырма: §11. 1-2 сұрақ. №283, №287-288