Санды теңсіздіктер тарауын қайталау

102

Күні : 28.02.2012

Пән: математика

Сабақ типі: Аралас

Сабақ түрі: қаланың тарихына саяхат

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер тарауын қайталау

Мақсаттары:

Білімділік:  Оқушылардың санды теңсіздіктер тарауындағы санды теңсіздіктерге амалдар қолдануда, оларды сан аралықтарында белгілеуде, бір айнымалысы бар санды теңсіздіктерді шешуде алған білімдерін қайталау, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың санды теңсіздіктерге амалдар қолдана білуде, сан аралықтарын дурыс белгілеуде, санды тесіздіктердің шешімін таба білуде бірнеше амалды есте сақтап, қолдана білуін дамыту; математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін кеңейту; логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік:  Қаланың тарихына саяхат жасай отырып оқушыларға қаланың жылдан жылға өркендеуін көрсету арқылы елжандылыққа,  ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге бейімдеу.

Әдіс –тәсілдер: Деңгейлеп –саралап оқытудың салыстыру, зерттеу, бақылау, бағалау тәсілдері, пән аралық байланыс: өлкетану, тарих, ақпараттану.

Көрнекіліктер: флипчарт, кеспе қағаздар, бағалау парағы, смайликтар, аудио – видео мәлімет, интерактивті тақта, жай тақта.

Жұмыс түрлері: деңгейлік  тапсырмалар, тест.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі  (3 минут)

ІІ. Қайталау кезеңі: 1. Үй жұмысын тексеру  (2 минут)

  1. Теңсіздіктерді жазу  (2 минут)                  7 минут

                                    3.Теңсіздіктерді бағалау (3 минут)

ІІІ. Бекіту кезеңі: 1. Теңсіздіктерді ажырату  ( 2 минут)

  1.   Теңсіздіктердің қасиеттерін қолдану  ( 4 минут)       10 минут
  2. Теңсіздіктерді дәлелдеу (4  минут)

ІV-V. Дамыту кезеңі:  1. Теңсіздіктерге қосу, азайту амалдарын қолдану (2 мин)

  1.   Теңсіздіктерге көбейту амалын қолдану (3 минут)               20
  2.   Теңсіздіктердің көбейтіндісін бағалау. (4 минут)
  3. видеоролик тамашалау. (2 минут)
  4.                            Сан аралықтарын белгілеу (2 минут)
  5. Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу.(3 минут)
  6. Теңсіздіктерді шешу (4 минут)

VІ. Қорытынды:   деңгейлік тест   (5 минут)

VІІ. Бағалау. (2 минут)

VІІІ. Үйге тапсырма беру:  (1 минут)

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:               — Оқушылармен амандасу, түгендеу.

                                              — Сабақ мақсатымен таныстыру.

Кіріспе сөз. Оқушылар алдымен сабақ басталмас бұрын мен сендердің көңіл күйлеріңді білгім келеді. «Жабырқау», «жақсы», «өте жақсы»  смайликтарын көтеру  арқылы көңіл –күйлеріңізді білдіріңіздер.

      Бүгін бізде ерекше сабақ. Яғни біздің сабағымыз сүйікті қаламыз Рудныйдың 55 жылдығына арналады. Біз санды теңсіздіктер тарауын жеке , деңгейлі және топтық тапсырмалар арқылы қайталай отырып, «Жүйелі білім» ғарыш кемесімен Рудный қаласының тарихына  саяхат жасаймыз.  Жорық қағазында белгіленген 6 аялдама бар: индустриализация жылы, өркендеу жылы, саяси жыл, сергіту сәті, даму жылы, тест жұмысы. Яғни осы аялдамалардағы тапсырмаларды орындау арқылы Рудный қаласының тарихи жетістіктері жайында мәлімет аламыз.  Ғарыш кемесіне отыру үшін үй жұмысын тексереміз.

ІІ. Қайталау:                          — Үй жұмысын тексеру.

№ 1299

А — деңгейі:              1) 19         2) 10          3) 1,5

 

 

В — деңгейі:        Мына теңсіздіктерді қос теңсіздіктер түрінде жазыңдар:

а) 7<15  және 15 < 20           б) 0,8 > 0,3   және  0,8 < 1 

 

С –деңгейі:  Егер 5 < х < 9  болса : 1)  3х –ті  2) 3х+1 ді бағалаңдар.

а) 3х < 8 – х болса, х < 2        ә) 4 х — 3<12 + х  болса, х < 5  болатынын.

Қорытынды:

 

Ғарыш кемесіне қош келдіңіздер!

Ғарыш кемеміздің құрамын белгілеп, орындарымызға жайғасып отырайық:

  1. Бортинженерлер бөлімі (А  «3» — «4»  деңгейіндегі қайталау, бекіту тапсырмаларын орындаушы 8 оқушы)
  2. Операторлар бөлімі (В   «4» деңгейіндегі дамыту тапсырмаларын орындаушы 8 оқушы)
  3. Пилоттар бөлімі (С   «5» — деңгейіндегі дамытушылық, шығармашылық тапсырмаларын орындаушы 8 оқушы)
  4. Стюардессалар бөлімі. (бағалау парағына жауаптылар 3 оқушы, әр топта біреуден)
  5. Кеме командирі (мұғалім)
  6. Үй тапсырмасын бағалау

ІІІ. Бекіту. «Индустрализация жылдары»  Операторлар бөлімі жорық қағазына қарап, алғашқы аялдамамызды айтуыңызды сұраймыз. (Индустриализация жылдары)

Бортинженерлер бөліміне тапсырмалары: қайталау, бекіту тапсырмалары,  А- деңгейі:

Мына теңсіздіктердің ішінен тура теңсіздіктерді теріп жаз:( 1 оқушы интерактивті тақтада, қалғаны орындарында дәптерде)

5,6 > 4,3          — 0,9 < 1       0,1 > 0      -9,7 > 6,5       <            1,3 < 2,5      0,75 < -3

Қорытынды: командирдің сұрағы: Тура теңсіздіктерді қалай анықтадың?

Операторлар бөліміне тапсырмалар: дамытушылық тапсымалары,  В – деңгейі:  (1 оқушы жай тақтада, қалғаны орындарында дәптерде)   

3а -5 < 2а -1 теңсіздігінің екі жақ бөлігінде :

  • 2,5 санына көбейткенде шығатын тура теңсіздікті жазыңдар;
  • -3 санын, 5 санын қосқанда шығатын тура теңсіздікті жаз

Қорытынды: командирдің сұрағы: Теңсіздіктің қандай қасиетін қолдандың?

Пилоттар бөліміне тапсырмалар: дамытушылық, шығармашылық тапсырмалары,  С –деңгейі: (1 оқушы жай тақтада, қалғандары орындарында дәптерде)

Санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып, дәлелдеңдер:

а) 3х < 8 – х болса, х < 2        ә) 4 х — 3<12 + х  болса, х < 5  болатынын.

Қорытынды: командирдің сұрағы: Теңсіздіктің қандай қасиетін қолдандып, дәлелдедің?

Тапсырмаларды бағалау…

       Индустриализация жылдары: 2011 – 2006 жылдар аралығында.  Сонымен, қаламыздың 2011 -2006 жылдар аралығындағы жетістіктеріне көз жүгіртейік. Стюардесса Тыныштықова Мадина таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

Саяхатымыз алі жалғасуда, жорық қағазымыздағы келесі аялдамамыз  «Өркендеу жылы»

ІV.   Дамыту кезеңі.  « Өркендеу жылдары»

Бортинженерлер бөліміне тапсырмалар:  қайталау, бекіту тапсырмалары, А- деңгейі:

  1. Теңсіздіктерді қосу және азайту:

а ) 5 < 9     және  3< 4      ә)  13 < 19 ден  7 < 4           б)   3,5 > 2,5  ге  3,2 < 4

Қорытынды: командирдің сұрағы: Теңсіздіктер қалай қосылады және азайтылады?

Операторлар бөліміне тапсырмалар: Дамытушылық тапсырмалары,  В – деңгейі:  (1 оқушы жай тақтада, қалғаны орындарында дәптерде)   

Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтіңдер:

а) 3,1 > 2,7      және 5 > 2          ә ) 9,5 < 11,3       және   5 > 3        б) 5,3 > 3,1    және 4>3

Қорытынды: командирдің сұрағы:   Теңсіздіктер қалай көбейтіледі ?

Пилоттар бөліміне тапсырмалар:  Дамытушылық, шығармашылық тапсырмалары,  С –деңгейі: (1 оқушы жай тақтада, қалғандары орындарында дәптерде)

Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтіп, ху көбейтіндісін бағалаңдар:

1)      және             2)      және

Қорытынды: командирдің сұрағы:  ху көбейтіндісін қалай бағаладық?

Тапсырмаларды бағалау…

Өркендеу жылдары: 2005 – 2001 жылдар аралығында.  Сонымен, қаламыздың 2005 -2001 жылдар аралығындағы жетістіктеріне көз жүгіртейік. Стюардесса Рахманова Даметкен таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Саяси жылдар»

Бортинженерлер бөліміне тапсырмалар:  қайталау, бекіту тапсырмалары,  А- деңгейі:

Суретте кескінделген сан аралығын белгіленуін пайдаланып жазыңдар:

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: командирдің сұрағы:  Сан аралығын қалай анықтадық?

Операторлар бөліміне тапсырмалар: Дамытушылық тапсырмалары, В – деңгейі:  (1 оқушы жай тақтада, қалғаны орындарында дәптерде)   

Сан аралықтарын координаталық түзуде кескінде:

1)                  2)   ( -1; 8]            3)  ( -∞; 4 ]

Қорытынды: командирдің сұрағы:   Сан аралықтарын координаталық түзуде қалай кескіндедік?

Пилоттар бөліміне тапсырмалар:  Дамытушылық, шығармашылық тапсырмалары,  С –деңгейі: (1 оқушы жай тақтада, қалғандары орындарында дәптерде)

  1. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың қиылысуын және бірігуін жаз

а ) [ -3; 5 ]    және    [-1 ; 9]                     ә)  ( -5; 9 ]  және   [ 7; 12 )

Қорытынды: командирдің сұрағы:   Теңсіздіктердің қиылысуы мен бірігуін қалай анықтадық?

Тапсырмаларды бағалау…

Саяси жылдар: 2004 – 1995 жылдар аралығында.  Сонымен, қаламыздың 2004-1995 жылдар аралығындағы жетістіктеріне көз жүгіртейік. Стюардесса Нұрханова Малика  таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

VІ. «Горняк» кинотеатры. Бұл аялдамада  видео роликті тамашалаймыз.

 

VІ І. Деңгейлік тест. «Даму жылдары»

1-3 сұрақтар қайталау, бекіту деңгейінде, 4-6 сұрақтар дамыту деңгейінде, 7-9 дамытушылық, шығармашылық деңгейінде. 

  1. а және b санын салыстырғанда а – b айырмасы оң сан болса, онда а саны b санынан ……    болады.

А)  кіші            Б) үлкен           С) тең

  1. Егер теңсіздік < және > белгілерімен жазылса қалай аталады?

А)  қатаң           Б) қатаң емес           С) бірдей теңсіздік белгілері

  1. 15>9 теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де 3 санын көбейтсек теңсіздік …….

А)  5 > 3                Б)  45 >27           C) 18 > 12

  1. Егер 8< х < 12 болса, 2х –ті бағала

А) 4 <  < 6           Б)  10 <2+x < 14       C) 16 < 2x < 24

  1. 9 х ≥ 27  теңсіздігін шешімдер жиынын көрсет

А) [3;  +∞)                   Б)  ( -∞;  3)           С) ( 3; +∞)

  1. – 2 ≤ х < 4  теңсіздігінің шешімдер жиынын көрсет

А) [-2;  +∞)                   Б)  ( -∞;  4)           С) [-2; 4)

 

  1. x < 5 теңсіздігінің шешімдер жиынының сан аралығы қалай аталады?

А) интервал                  Б)   кесінді        С) ашық сәуле

  1. – 5 ≤ х < 4 теңсіздігінің шешімдер жиынынының сан аралығын көрсет

А) сәуле                    Б)  интервал             С) жартылай интервал

  1. [-8; 2] және  [1;9] теңсіздіктерінің сан аралықтарының қиылысуын тап:

А)  [1;2]                     Б) ( 1;2 )                 С)  (-8; 9)

Дәптер алмастыру арқылы өз бетінше тестті бағалау.

 

 

 

Қорытынды: Қанша бала «5» -ке, «4»-ке, «3»-ке орындады?

Даму жылдары: жылдар аралығында.  Сонымен, қаламыздың ашылу жылдарына жеттік. Стюардесса Тыныштықова Мадина таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды кезеңі:

 

Үйге тапсырма: №1320 (Бірнеше амалдар қолдана отырып, теңдеуді шешу)

Енді аман –есен үйге оралу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

 

Сонымен, біз тапсырмаларды орындау барысында:

  1. Санды теңсіздіктердің қандай қасиеттерін қолдандық?
  2. Сан аралықтарын қалай анықтадық?
  3. Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуін қалай анықтадық?
  4. Қала тарихынан қандай мәліметтер сіздерді таң қалдырды?
  5. Қаланың өсіп өркендеуі сатысындағы тұрғындардың өзіндік рөлі?

Саяхатымызды қорытындылау үшін, ғарыш кемесінің  әр топтағы  стюардессаларға топ мүшелерінің қорытынды бағасын бағалау парағынан шығаруын сұраймыз.

Өздеріңіздің саяхат бойынша көңіл –күйлеріңізді алдарыңыздағы смайлик арқылы көрсетулеріңізді сұраймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« №15 орта мектебі » ММ

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:    Санды теңсіздіктер тарауын қайталау

 

 

 

 

                                                    

                                                                                         Сынып:  6 «А»

 

                                                                             Пән мұғалімі : Сұлтанова Г.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудный, 2012 ж

Сабаққа  өзіндік талдау

Мұғалімнің аты – жөні: Сұлтанова Гүлсая Қонысбайқызы

Пән:  математика

Күні: 28.02.2011ж

Сынып: 6 «А»

Сыныптағы барлық оқушы саны: 27

Қатысқан бала саны: 27

Сабақ өткен кабинет: 306

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер тарауын қайталау.

Сабақтың түрі:  қаланың тарихына саяхат

Сабақтың әдісі:  Жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың дидактикалық мақсаттары:  Сабақ  – мұғалімнің шығармашылық еңбегі болғандықтан, кез келген ұстаз өз  сабағында  дидактикалық (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) мақсаттардың нақтылығына баса назар аударады.

а) білімділік : Оқушылардың санды теңсіздіктер тарауындағы санды теңсіздіктерге амалдар қолдануда, оларды сан аралықтарында белгілеуде, бір айнымалысы бар санды теңсіздіктерді шешуде алған білімдерін қайталау, бекіту.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың санды теңсіздіктерге амалдар қолдана білуде, сан аралықтарын дурыс белгілеуде, санды тесіздіктердің шешімін таба білуде бірнеше амалды есте сақтап, қолдана білуін дамыту; математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін кеңейту; логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

б) Тәрбиелік: Қаланың тарихына саяхат жасай отырып оқушыларға қаланың жылдан жылға өркендеуін көрсету арқылы елжандылыққа,  ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге бейімдеу.

Сабақ  дамыта оқыту  технологиясын  қолданумен өтті. Бұл технологияны қолдану оқытудың негізгі принциптерін (ынтымақтастық,шығармашылық) орындалуына жағдай жасады.

Сабақта  қолданылған әдістер: Деңгейлеп –саралап оқытудың салыстыру, зерттеу, бақылау, бағалау тәсілдері. Сөйлесу әңгімелесу (оқушылардың назарын  сабаққа  аудару үшін кезеңдерді талдау үшін); көрнекілік (оқушылардың танымдық – қызығушылық әрекеттерін іске асыру үшін); логикалық (шығармашылық, өлең шығару) әдіс, интерактивтік әдістер.

 

Пәнаралық байланыс: өлкетану, тарих

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ негізгі  8 кезеңнен тұрды.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгенделіп, сабақ дайындығы тексерілді. Сабақ мақсатымен таныстырылды.Сабақ Рудный қаласының 55 жылдығына орай жылдар тарихымен күнімен байланыстырылды.
  2. Қайталау кезеңі: Ғарыш кемесіне отыру үшін үй жұмысын тексеру арқылы жолдама алынды және ауызша сұрақтар қойылды. В және С деңгейіндегі тапсырмаларды орындайтын оқушылар карточка бойынша орындады. Әр кезең тапсырмалар арқылы байланыстырылды. Сонымен қатар әр кезең қорытындыланып, бағаланып отырылды.

III. Бекіту  кезеңі: Бұл кезең 3 бөлімнен тұрды. «Индустриализация жылы» , «Саяси жыл»  деп аталатын бөлімдерінде А,В,С  түрінде берілген деңгейлік тапсырмалар орындалды. Әр тапсырманы орындаған соң Рудный қаласының тарихы туралы мәлімет таныстырылды.

IV-V. Дамыту кезеңі. «Өркендеу жылы» алдамасында , «Сүйікті қалам Рудный» атты аялдамада Рудный қаласы туралы шағын бейне фильм көрсетілді.

VІ. Түсінігін тексеру кезеңі: Үш деңгейден құрастырылған  тест тапсырмаларын орындады.

VІI. Үй тапсырмасы: №1326  есеп

VIІІ. Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланды

Бекіту, қорытындылау: жалпы оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып білімдерін тиянақтай білді. Әр тапсырманы орындаған сәтте Рудный қаласының тарихындағы елеулі оқиғалармен таныстырылды.

Сабақтың түйіні: Сабақта алдыма қойылған, көзделген мақсатыма жеттім, әр сабақ барысындағы кезеңдер бір-бірімен байланысты болды.  Өзімнің қолданатын технология бойынша толығымен жұмыс жасадым.