Қосу және азайту

40
  1. Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. 22 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру  (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және  азайту амалдарын жазуды үйрету.  2. Ұқыптылыққа баулу.  3. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра    отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру  және ажырату екенін көрсету.

Сабақтың көрнекілігі:  Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау                         

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а)   Үлестірмелі материалдардың көмегімен 1+1 деп жазып, 2-1 түсіндіру.

ә) Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру. 1 шаршыға тағы 1 шаршыны қосқанда  2 шаршы болады.   1+1=2 1 дөңгелекке 1 дөңгелекті қосқанда 2 дөңгелек болады.     1+1=2 2 дөңгелектен 1 дөңгелекті алып тастаса,1 дөңгелек  қалады. 2-1=1

Сергіту сәті:

Бірден кейін тұрамын          Бірден кейін тұрағым.

1-ді 1-ге қосқанда                  Мен шығамын шырағым.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды.

2) Дәптермен жұмыс

«+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу.

 

Ұзындығын салыстыру.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау:          

Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?

ҮІІ. Үйге тапсырма   ҮІІІ. Бағалау