Төртбұрыштар тарауын қайталау

223

 

Сабақтың

тақырыбы:

Төртбұрыштар тарауын қайталау
Жалпы мақсаттары: Оқушылардың төртбұрыштар туралы білімдерін кеңейту.Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру
Сілтеме: 1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2.     «Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә.Н.Шыныбеков/

3.     8-сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы

/ авторлары  Ә.Н.Шыныбеков/

Оқу нәтижесі: Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді.

 

Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.

 

Сабақта қолданылатын материалдар: 1.     8-сыныптарға арналған  төртбұрыштар жиынтығы.

2.     Төртбұрыштар /плакат/

3.     Проектор

 

 

 

Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері

СТО, ОүБ, Блум таксономиясы

 

1.     Топтық жұмыс

2.     Жеке жұмыс

3.     Жұптық жұмыс.

4.     Сыныппен жұмыс.

Дерек көздері: Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар.

 

 

Тапсырмалар:

 

«Геометрия» оқулығы бойынша берілген 42-47 есептер

Логикалық есептер,  кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, сөзжұмбақ шешу.

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Психологиялық ахуал /2 мин/

— Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар.

Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріндер: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.

                Блум таксономиясы бойынша:

Ойлау деңгейі Мұғалім тапсырмалары Оқушы іс-әрекеті
Білу

/7 мин/

1)                Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу

(        ,          ,        ,            )

 

 

2) Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау

 

Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды

 

 

Топ мүшелері тапсырманы қорғайды

Түсіну

/5 мин/

Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі

 

1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады.
2) Параллелограмның қарама-қарсы…тең болады.
3) Тік төртбұрыштың …тең.
4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5) Барлық қабырғалары тең…квадрат деп аталады.
6) Трапецияның …табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.

  Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді.
Қолдану

/5 мин/

Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.

№1.  Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см.

№2  Тіктөртбұрыштың  қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабы: 62 см
№3. Ромбының бір бұрышы 50 0 –қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.Жауабы: 500, 1300, 1300
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең?Жауабы: 10 см 

Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді
Сергіту сәті

/3 мин/

Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.

 

Үшбұрыштардан өз топтарына қатысты фигура шығарады. Барлық топ мүшелері бірігіп орындайды

 

Талдау

/5 мин/

№1. Квадраттың  периметрі 3,2 см. Қабырғасын тап
№2. Трапецияның орта сызығы 7 см. Табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табанын табыңдар.
№3. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15 м. Екінші қабырғасы 2,5 м қысқа. Қабырғаларын тап.

№4 Трапецияның табандарының қатынасы 2:3, орта сызығы 24 дм. Табандарын табыңдар.

 

Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді.
Жинақтау

/7 мин/

І топ. «Параллелограмм»
Төртбұрыштар туралы өлең шығару
ІІ топ. «Ромб»
Төртбұрышты фигураларды пайдаланып сурет салу.
ІІІ топ. «Трапеция»
Сөзжұмбақ құрастыру.

IV топ «Квадрат»

«Сиқырлы шаршы»  Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты 3 см неше квадратқа бөлуге болады.

 

Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді.

 

Бағалау

/5 мин/

1. + (иә) және – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек. Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын үй тапсырмасы,тест, топтық, зерттеушілік жұмыстары бойынша өзі бағалайды.

 

Қасиеттері Қарама-қарсы бұрыштары тең Қарама-қарсы қабырғалары тең Қарама-қарсы қабырғалары паралель Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді Диагональдары тік бұрыш жасай қиылысады Барлық бұрыштары тік Диагональдары биссектриса болады Диагональдары тең Барлық қабырғалары тең Барлық бұрыштарының қосындысы 3600
Фигуралардың атауы
Тіктөртбұрыштар  

Параллелограмм

+ + + + +
 

Тіктөртбұрыш

+ + + + + + +
 

Ромб

+ + + + + + + +
 

Квадрат

+ + + + + + + + + +
Трапеция + + +
 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты Үй тапсырмасы Тест тапсырмалары Есеп шығару Шығармашылық жұмыс Жалпы ұпай саны
           
           
           

 

 

Кері байланыс Не білдім? Нені білгім келеді? Не үйрендім? Сабақтан алған әсерлері бойынша тақтаға стикерлерді жабыстырды
Үйге тапсырма

/1 мин/

Трапецияның орта сызығын табуға 2-3  практикалық есеп құрастыру

 

Өздік жұмыс