«Математика таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемінде» атты математикадан сыныптан тыс сағаты

204

Тақырыбы: «Математика таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемінде» атты математикадан сыныптан тыс сағаты

 

Мақсаты:

Сандардың, цифрлардың құпия-сырларын пайдалана отырып жасалатын математикалық фокустар, ребустар, шарадалар, логикалық сұрақтар арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру

Міндеттері:

  1. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі  шеше білуіне ықпал жасау;
  2. Зейінді, логикалық ойлауды және жаңа білімге деген құштарлықты арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Адамзат дамуындағы математиканың алатын орны туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың жалпы математикалық мәдениетін дамыту;
  3. Оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасы мен бір ұжымда жұмыс жасауын қалыптастыру, өз білімдерін көрсету кезінде: сабақ және сабақтан тыс уақыттарда бойларында сенімділік пен қанағаттану қасиеттерін дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

 

«Математика таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемінде» атты                                                              математикадан сыныптан тыс сағатының жүру барысы:
1-жүргізуші: Айбол

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар
2- жүргізуші: Айту

Қымбатты математика жанкүйерлері мен осында жиналғандар! Сіздерге осы сыныптан тыс сабаққа қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын
1-жүргізуші: Айбол

Есепті түрлі-түрлі есептер шығарамыз,
Арасында фокус көріп қызығамыз.
Ойға орамды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Айту

Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді бастайық,

Барлығымыз қатысып,

Сыйлықтарды алайық
1-жүргізуші: Айбол

Дене қыздырар қызықты сұрақтар:

1) Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
2) Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
3). Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? ( 4 сағат)

 

2-жүргізуші: Айту

Алдарыңызда Дүние жүзілік сиқыршылар жарысының болашақ жеңімпазы 6  сынып оқушысы Қадырова Гүлдана: Календардың көмегімен жасалатын фокус. Мұқият қарап, белсене қатысып отырыңыздар.

 

1-жүргізуші: Айбол

Келесі сиқыр «Тақ сандардың қосындысын табу» фокусы көрсетуші Жоғары дәрежелі Маг 5 сынып оқушысы Нұрсағатов Оразай. Байқаңыздар, алданып қалманыздар.

 

2-жүргізуші Айту

Қалай таңғажайыптар мен сиқырлар әлемі, Сіздерге ұнады ма? Ұнаса ары қарай жалғастырамыз. Енді сандарды көбейтудің әр түрлі әдістерімен танысамыз. Сандарды көбейтудің «Қызғаныш» әдісі, көрсететін Математика ғылымдарының болашақ академигі, сиқыршы Сағынбаев Ержас.

 

1-жүргізуші: Айбол

Көрермендермен ойын

  1. Екі ойыншы шығып, тақтадағы 1-ден 30-ке дейінгі сандарды тауып, санап шығу керек. Кім бірінші тапса, сол жеңімпаз болып табылады.
  2. Мына суреттерде неше үшбұрыш немесе төртбұрыш бар? Кім жылдам санайды екен?
  3. Математикалық ребустар. Кім шешеді, сол жеңіске жетеді.

 

2-жүргізуші Айту

Көбейтудің қазіргі заманғы әдісі бар екен? Мен соны білгім келіп тұрғаны. Ендеше Математика ғылымдарының болашақ профессоры, иллюзианист Сарқытханова Еркежанмен бірге көбейтудің жаңадан шыққан әдісі арқылы сандарды көбейтуді үйренеміз.

 

1-жүргізуші Айбол

Бізде тағы бір сиқырлы фокустың уақыты келіп тұр алдарыңызға калькулятор мен комппьютерден тез есептейтін болашақ ұлы сиқыршы 5 сынып оқушысы Ахмади Нұрболды шақырамыз. Ол бізге «Таныс цифрлар» фокусын көрсетеді. Абай болыңыздар, қалталарыңыздағы, сөмкелеріңіздегі заттар жоғалып кетпесін.

 

2-жүргізуші Айту

Ендігі кезек көрермендермен ойында

Тақтада сызбалар көрініп тұр, осы сызбаны қолымызды алмай, бір өткен жерді екінші рет қайталамай сызып шығу керек. Кәнекей, кімнің батылы жетіп сызып шығады екен.

 

1-жүргізуші Айбол

Мектебіміздегі сиқыршы ару қыздарымыздың бірі  5 сынып оқушысы Сымбатқызы Балеркенің көрсетуінде «Фибоначчидің 10 саны» фокусын тамашалайсыздар. Өте сақ болыңыздар! Қастарыңыздағы көршілеріңізге көз қырын салып отырыңыздар. Ғайыптан жоғалып кетіп жүрмесін.

 

2-жүргізуші Айту

Бізге сандар тек есептер шығару үшін ғана керек емес екен. Сандардың бойында тұнып тұрған неше түрлі ғажайыптар мен сиқырлар жиналған. Сондай сандардың қасиетін мектебіміздегі болашақ ұлы математиктердің бірі 6 сынып оқушысы Төлегенова Ақбота сіздерге көрсетеді.

 

2-жүргізуші Айту

Көңілді сұрақтарға кезек берейік.

  1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
    2. 4 балада неше саусақ бар? ( 40 )
    3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).
    4. Күн көзі жылына неше рет шығады? Жауап: 365

1-жүргізуші Айбол

Болашақ сиқыршы, ойлы да зерделі математик  5 cынып оқушысы Жолдыбаев Темирлан  «Сиқырлы кестесімен» есте сақтаған санды табу фокусын көрсетеді.

 

2-жүргізуші Айту

Келесі фокус «Төрт қалай үшке айналады». Орындайтын сиқырлы математик 5 сынып оқушысы Ауғамбаев Бауыржан.

 

2-жүргізуші Айту

Болашақта атақты фокусшы, ұлы маг, математика ғылымдарының академигі болуды армандайтын арманы биік оқушы Бижұманов Айболдың  көрсетілуінде «Кубиктің көмегімен орындалатын фокус». Көріңіздер, фокусты көрсетуге белсене қатысыңыздар.

 

1-жүргізушісі Айбол

Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде -деп сөз кезегін математика пәні мұғалімі Қонысбек Дарын Талғатұлына береміз.

 

Осымен оқушылар күшімен дайындалған «Таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемі» атты математикадан сыныптан тыс сағатымыз аяқталды. Осы сағатқа белсене қатысқан оқушыларға көп-көп рахмет! Барлығыңызға математикамен шұғылданып, оның сиқыры мен таңғажайыптарына үңіле беріңіздер дей келе Сіздермен көріскенше сау болыңыздар  демекпін.