2 санының құрамы . Сандарды салыстыру.

  1. Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы . Сандарды салыстыру. 23 бет

Сабақтың мақсаты: 1. 2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың   нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді  азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана   сезімін ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау 2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а)  Демонстрациялау арқылы түсіндіру. -Сол қолымда неше дәптер бар?

-бір. -Оң қолымда неше дәптер бар? Сол қолымдағы дәптерді оң қолыма қосып ұстап, біз не істедік? -Көк дәптерді ,қызыл дәптерге қостық.  Оны амал таңбаларын қолданып жазып көрейік: 1+1=2 Осылай 2-1=1 теңдігін де түсіндіремін. ә) 2- ні 2- мен, 2 мен 1-ді, 1 мен 1-ді салыстырып,салыстыру ережесін тақтаға жазу. 2=2           2>1    1=1           1<2` теңдік ,теңсіздік таңбасымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс:

 

1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

салыстыру.     2>1            1<2 Бұлар теңсіздіктер

2=2                    1=1 Бұлар теңдіктер.

4.Өлше салыстыр.

Сергіту сәті:

ҮІ. Сабақты қорытындылау:         

 Бүгін біз сендермен  <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?

ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау