Шеңбер және дөңгелек

Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық: шеңбер және дөңгелек ұғымдарына түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру;

ә) коммуникативтік: математикалық сауаттылықты арттыру;

б) проблемалық: шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету, диаметр мен радиустың қатынастарын есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас (жаңа материал түсіндіру)

Сабақтың әдісі: көрнекілік (иллюстративті), сөздік (баяндау, сұрақ-жауап), практикалық.

Педагогикалық технология: ҮӨЖ-нің, деңгейлеп-саралап оқытудың элементтері, сұрақ-жауап

Оқытудың түрі: ұжымдық, даралап оқыту

Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, циркуль.

Көрнекілігі: слайдтар, гимнастикалық сақина, стакан, кесе, глобус.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)

  1. Жаңа материалды меңгерту бөлімі
  2. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.
  3. Үй тапсырмасын беру бөлімі.

VII. Сергіту сәті.

VIII.. Қорытынды бөлімі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жоқ оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

№367

№368

.

№381

 

ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)

. О
. Е
. К
. L
А
В
С
D

1.

 

 

 

Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?

  1. Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?

 

  1. Жаңа материалды меңгерту бөлімі

Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады.

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.

. О
О .
. В
. С
А .

 

 

 

 

 

 

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар.

Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.

Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. АС, СВ, АВ – доғалар. Жазылуы: .

Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, оның керегелері шеңбер бойымен орналасады. Жердің параллель сызықтары – шеңберлер. Кейбір аспаптардың шкалалары да шеңбер бойымен орналасады. Мысалы, сағат циферблатның шеңбері 12 үлкен бөлікке, 60 кіші бөлікке бөлінген. Үлкен бөліктің әрқайсысы 1 сағатқа сәйкес, кіші бөлігінің әрқайсысы 1 минутқа сәйкес.

  1. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.

№382. Ауызша.

№384.

см

см

см

№385.

км

№386

С .
 . D

 

 

 

 

 

 

CD = 5см

R1 = 2см

R2 = 3см

D1 =2 4

Жауабы: 4см және 6см.

 

  1. Үй тапсырмасын беру бөлімі.

№383, №388, №389

VII. Сергіту сәті.

Сергіту сәті. «Тез есепте!»

Радиусы бойынша диаметрді тап:

 

см

см

см 5мм

см

см

см

 

 

VIII.  Қорытынды бөлімі.

Оқушыларды бағалау. Қош, сау болыңыздар!