Модульдік оқыту технологиясын «Квадрат теңдеуді шешу» тарауында қолдану

45

Модульдік оқыту технологиясын «Квадрат теңдеуді  шешу» тарауында  қолдану

Новопокровка  орта  мектебінің  математика  пәнінің мұғалімі  Ж.С Сарыбаева

Қазіргі  уақыт талабы ұстаздан  жаңа әдісті, шығармашылық  ізденісті  талап  етеді.Әрбір  мұғалімнің  негізгі  міндеті  оқушыларға  терең  де  тиянақты  білім  беру.  Осыған  орай мен  сабағымда М. Жанпейсованың  модульдеп  оқыту  әдістерін  пайдаланамын. Оқыту  процесі  барысында оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуға  көбірек  назар  аударамын.  Әрбір  оқушының  өз  мүмкіндігінше, қабылдау  қабілетіне  қарай  оқу  материалын  меңгеруін қамтамасыз  ете  отырып,  әртүрлі  категориядғы  балаларға  бірдей  назар аудара  отырып,  олармен  дербес жұмыс  жасауға  мүмкіндік береді.

Осы  әдісті  қолдана  отырып   «Квадрат  теңдеуді  шешу»  тарауы  бойынша  өткізген  сабағымды  назарларыңызға  ұсынып  отырмын.

Модуль №2. Квадрат теңдеулер 12 сағат.

Бөлімі Бөлінген сағат Сабақтың мақсаты мен түрі Уақыты
Кіріспе бөлімі 1 1.      Модульдің құрылымымен, мақсаты мен міндетімен таныстыру.

2.      Квадрат  теңдеу.Квадрат  теңдеудің  түрлері  мен  формулалары.Виет  теоремасы.  тақырыптарын тірек сызбалар арқылы түсіндіру.

3.      Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

4.      Қорытынды. Үйге тапсырма.

 

15м

 

20м

Сөйлесу  бөлімі 2-3 сабақ 1. «Қарлы  кесек»  ойыны (меңг.ойыны).

2.Есептер  шығару.

Қорытынды. Үйге тапсырма.

 

4 -сабақ 1. «Даналық  ағашы» оқыта  үйрету ойыны.

2.Есептер  шығару.

3, Қорытынды. Үйге  тапсырма.

 

5сабақ

1. «Өзара  оқыту  сабағы»  меңгерту   дамыту  ойыны.

2.Есептер  шығару.

3.Қорытынды. Үйге  тапсырма.

 

6-сабақ

1. «Квадрат теңдеуді шешу. Виет теоремасы» тақырыбына «Өкіл» рольдік ойын

2.Есептер шығару.

3.Қорытынды. Үйге  тапсырма.

 

7-сабақ

 

«Жеке-топтың жұмыс формасы» ойыны.

 

8-сабақ

 

Тақырыпты  пысықтау. Топпен  жұмыс.
9-сабақ 1.«Білім биржасы» қорыту,бекіту.

2. Есептер  шығару

 

10-сабақ Топпен  жұмыс бекіту  сабағы
Қорытын

ды бөлімі

11-сабақ

 

1.      Тест.

2.      Өздік  жұмыс

15 минут

30 минут

12-сабақ 1.Бақылау  жұмысы.

2.Қорытынды.

40 минут

5 минут

Мақсаты 1.Квадрат  теңдеудің  анықтамасын, түрлерін ,   формуласын  білу және  формуланы  пайдаланып   теңдеуді  шеше білу. Виет  теоремасын  қолданып  квадрат  теңдеуді  шеше білу,  түбірлері  бойынша  квадрат  теңдеу   құра  білу.

2.Топпен, жеке  дара  нәтижелі  жұмыс істеу  дағдысын  қалыптастыру,  шығармашылық   қабілетін  арттыру,  зерттеушілік  қабілетін  дамыту.

3.Өзара сыйластыққа бірін бірі тыңдай білуге, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушы нені білуі керек?

  • Квадрат теңдеудің түрлерін, формулаларын білуі.
  • Виет теоремасын, келтірілген квадрат  теңдеуді білу

Оқушы нені меңгеруі керек?

  • Квадрат теңдеуді шешіп түбірлерін табу.
  • Виет теоремасын  пайдаланып  квадрат  теңдеуді  шешу
  • Квадрат үшмүше коэффициентерін a+b+c=0, a+c=b жағдайын  білу

Пайдалынатын қосымша әдебиеттері:

  1. Әдістемелік әдебиеттер:

«Алгебра оқыту әдістемесі» Алматы «Мектеп» 2008ж.

Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы».

«Алгебра» 8 сынып Н.Я Виленкин

«Алгебра-8» А.Әбілқасымова, И. Бекбоев

  1. Шығармашылық жұмыстарды орындау үшін қосымша әдебиеттер:

«Алгебрадан  дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп».

Шығармашылық жұмыстардың тапсырмалары:

  1. «Квадрат  теңдеу» (сөзжұмбақ құрастыру).
  2. «Дискринант патшалығы» (ертегі құру).
  3.  «Менің түйгенім» (квадрат  теңдеу бойынша тезис).

1- сабақ І. Үйымдастыру кезеңі.

ІІ Модульдің құрылымымен, мақсаты мен міндетімен таныстыру.

  1. Квадрат  теңдеу.Квадрат  теңдеудің  түрлері  мен  формулалары. Виет  теоремасы.  тақырыптарын тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
Квадрат теңдеінің түрлері Дискриминанттың мәні Квадрат теңдеінің түбірлері
Толымсыз квадрат теңдеулер

 

 

 

ax2=0

(b=c=0)

x1=0,   x2=0
ax2+bx=0

(c=0)

x1=0,   x2=-
ax2+c=0

(b=0)

->0 болғанда, x1;2
-<0 болғанда, теңдеудің шешімі жоқ
Толымды квадрат теңдеулер

 

 

 

Жалпы түрі:

ax2+bx+с=0,

D=b2-4ac

 

D>0 x1;2=
D=0 x=-
D<0 Теңдеудің шешімі жоқ
b=2n

ax2+bx+с=0,

D=n2-ac

 

 

D>0 x1;2=
D=0 x=-
D<0 Теңдеудің шешімі жоқ
Келтірілген квадрат теңдеуі:

x2+px+q=0, мұндағы p=2k

D=k2-q

D>0 x1;2=-k
D=0 x=-k
D<0 Теңдеудің шешімі жоқ

x1+x2=-                           x1x2=

x1+x2=-p                             x1x2=q

Сабақты  мысалдар  келтіре  отырып  түсіндіру.

  1.  Квадрат  теңдеу туралы түсінік.№113, №114
  2. Квадрат  теңдеудің түрлері. №117
  3. Квадрат  теңдеудің қанша  түбірі болатынын қалай  анықтауға болады? №128 (2,4,6,8)
  4. Квадрат  теңдеудің түбірлерін  табу  формуласы. №133 (2,3)
  5. Виет  теоремасын  және теңдеуді  шеше  білу. №147

ІІІ. Оқулықпен  жұмыс.

1-топ.Квадрат  теңдеу.Квадрат  теңдеудің түрлері.

2- топ Квадрат  теңдеу түбірлерінің формулаларын.

3- топ Виет  теоремасы.

ІV. Дәптермен  жұмыс. №118

Қорытынды.Үйге  тапсырма №115, №128 (1,3,5,7)

2-3  сабақ . «Қарлы кесек»  оқыта  үйрету  сабағы

Мақсаты:

Шарты:қатысушылардың  саны 12 ден 25 адамға  дейін  болуы    мүмкін.Егер  қатысушылар  саны  25-тен  кем  болса: мысалға24 болса-  онда «Д-5» бағыттау  парағы  және  жетоны  ойыннан  алынып тасталынады;  егер 23  болса – «Д-5», «Г-5», егер  22 болса-«Д-5», «Г-5», «В-5» және т.с.с.  алынып  тасталынады.

А әрпі  бар  бағыттаушы  парағын  және  жетонын  (пиджактың өңіріне  не  кеудесіне  қадалады)  алған оқушылар «А үстелінің»  басына  отырады, Б әрпін  алғандар-  «Б үстелінің» басына  және т.с.с.Мұғалім  бір  келелі  мәселе көтереді, проблемалық  сұрақ  қояды  немесе  қандай  да бір  тапсырма  береді (бәріне  ортақ  немесе  әр  топқа  жеке-жеке).  5 адамнан  тұратын  топ 5-7- 15 минут  шамасында  оқу  және  қосымша  әдебиетті  пайдалана  отырып, жауап  аяқталған  соң,  І тур  жарияланады. Оқушылар  орындарынан  тұрып,  әрқайсысы  өздерінің  бағыттау  парағы  бойынша  жаңа  орынға  отырады. Бір  турдың  уақытын  мұғалім  үстел  басында  отырған  барлық  ойыншылар  сөйлеп,  өз  көзқарастарын айтып  үлгеретіндей  есеппен  белгілейді (10-15  минут). Топ  ішінде  уақытты  жүргізуші  қадағалап  отырады. Алдымен  жетонында  «А» әрпі  бар ойыншы,  содан  соң  кезегімен- «Б», «В», «Г»  әріптері  бар  ойыншылар  сөйлейді.

Топ  мүшелерін  тыңдап  болған  соң,  әрбір  оқушы  өзі  жауабын  неғұрлым  қызғылықты,  жоғары  танымдылық,  ақпараттық  деңгейдегі  және  дәлелденген  деп  есептейтін  сөйлеушінің  нөмірін  анықтап,  оның  нөмірін  өзінің  бағыттау  парағындағы  «ең  жақсы  сөйлеуші»  жолына  жазып  алады. І  тур  аяқталған  соң,  балалар  бағыттау  парағына  сай  орын  алмастырады да, ойынның   ІІ  туры  басталады. Барлық  тур (ІІІ-ІV-V)  біткенен  соң,  оқушылар өздерінің  алғашқы  орындарына  қайта  оралып,  мұғалім  олардың  бағыттау  парақтарын  жинапалады  және  нәтижесін  ортақ  параққа  жазады. Сол  ортақ  бойынша  ең  жақсы  ойыншы  және  ең  жақсы  команда  анықталады.

Тапсырмалар  А  тобының  тапсырмасы  1. Толымсыз  квадрат  теңдеуді  жаз және  оны  неге  толымсыз  деп  атайды?

2.№116 (1),№134 (3)  №156 (4)

Б тобының  тапсырмасы  1. Толымсыз  квадрат  теңдеуді   шешу  жолдарын талда.

2.№116 (2),№134 (1)  №156 (3)

В.тобының  тапсырмасы  1. Толық  квадрат  теңдеуді  жаз және  оны   шешу  формулаларын  талда.

2.№116 (4),№134 (2)  №156 (2)

С  тобының  тапсырмасы  1. Виет  теоремасын  қорытып шығар, бірнеше  мысалдар  келтір2.№116 (3),№134 (4)  №156 (1)

Үйге  тапсырма  6.7,8  тақырыптар  №135,№159

Бағалау парағы.