Санды және әріпті өрнектер

108

Сабақтың тақырыбы:     Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:  1. 1-сыныпта алған санды және әріпті өрнектер туралы алған білімдеріне сүйене отырып, өрнектерді жазу және мәндерін табу жолдарын үйрету, берілген сызба нұсқалар арқылы есептер құрастырып шығару жолдарына машықтандыру;

  1. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
  2. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:   жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:   түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.

Көрнекілігі суреттер

Қосымша материалдар:   дидактикалық үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:        1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды сабаққа дайындау.

  1. Өткенді бекіту: математикалық диктант

а-ға 6-ны қос;        20-дан а-ны азайт;         2-ге, 4-пен а-ның қосындысын қос

Қандай өрнектер жаздық? Бұлардың мәнін таба аламыз ба?

Әріпті өрнектердің мәнін табу үшін не істейміз?

  1. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту
  2. Жаңа сабақ:

Тақтамен жұмыс:   №1 есеп: берілген тапсырмаларды оқып, талдау жүргізу;

20 – 1             76 – 6               90 – 10                19 + 1                70 + 6                  90 + 10

— Бұлар қандай өрнектер? (санды өрнектер) Олардың мәнін бірден таба аламыз ба?

№2 есеп:

а – 8     а – 30           а = 38                         а + 8      8 + а            а = 30

  • Бұлар қандай өрнектер? Оларды қалай табамыз? (олардың мәнін табу үшін әріптердің орнына қойылатын белгілі бір сан болу керек)

№2 есеп:  Өткенді бекітуге арналған тапсырма: (Оқушылар екі топқа бөлініп орындайды. Әр қатар өз тобының есебін шығарады)

  1. Өзіндік жұмыс: № 3 есеп:

Әр жолдағы сандарды салыстыру;  Әр бағандағы сандарды салыстыру

Әр қатардағы сандар бір бірлікке, әр жолдардағы сандар 1 ондыққа артып отырады.

  1. Сергіту сәті: «Кел, ойнайық!» (жылжымалы суреттер пайдалану)

Күз мезгілі келіп, қара суық басталыпты. Ормандағы аңдар ауырып қалыпты. Олар дәрігер Айболитке келіпті. Айболит олардың кезекке тұруын өтініпті. Біз аңдардың таласпай кезекке тұруына көмек көрсетейік

24-1
74-4
80+6
21+1
30+30

 

 

№4 есеп: Есептер құрастырып, оларды шығару

 

 

 

 

  1. Бекіту: №5 есеп: Суретте берілген көпбұрыштарды салыстырту

— Оларды неліктен көпбұрыштар деп атаймыз?

— Көпбұрыштар үшбұрыштан басталады. Сондықтан бұл жерде төрт көпбұрыш бар.

— Олардың барлық төбесі – 16, барлық бұрыштары – 16, барлық қабырғалары да – 16.

  1. Шығармашылық тапсырма:

Самат екі балықтан, Марат бір балықтан ұстаса, барлығы 12 екі балық болса, онда Самат барлығы 8 балық, Марат 4 балық ұстаған .

  1. Қорытынды:

— Сонымен әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады? Санды өрнектердің мәнін ше?

— Санды өрнек пен әріпті өрнектің қандай айырмасы бар? Қандай амалдар қолданамыз?

  1. Үйге тапсырма: № 6 есеп (33-бет)   11. Бағалау:

 

(2 сынып математика сабағы)