Санды теңсіздіктерді қосу және азайту

45

Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте

 

Сыныбы  6 Күні  7.02.2013
Сабақтың тақырыбы

Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.

Мақсаты

 

 

Санды теңсіздіктерді қосу және азайтуды меңгеру. Санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалану арқылы санды теңсіздіктерді қосу және азайтуға есептер шығара білу. Тез есептей білуге, логикалық ойлауға үйрену.
Күтілетін нәтижелер

 

 

Санды теңсіздіктерді қосуды және азайтуды меңгереді. Санды теңсіздіктердің қасиеттерін есте сақтайды,есеп шығаруда қолдана алады. Логикалық ойлауға, тез есептеуге дағдыланады. Жауапкершілікті сезінеді.

 

Сабақ түрі Жаңа сабақты меңгеру

 

 

Сабақ әдісі Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Ыстық орындық әдісі, өкіл тәсілі. Тв шоу

 

Керекті жабдықтар

 

 

Компьютер, магнитті тақта, оқулық, , бағалау парағы

 

 

 

 

Сабақ барысы:

 

 

 

 

 

 

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекет  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

Ұйымдастыру

5мин

—         Сәлемдесу;

—         Оқушыларды тугелдеу;

—         Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлерін тексеру;

—         Психологиялық тренинг өткізу

—         Сабақ басындағы көңіл-күйлерін анықтау

 

—         Сыныпты топқа бөлемін  / жұп және тақ сандар деп екі топқа бөліп отырғызу /.

 

—         Бағалау парағымен таныстырып,үлестіру

 

—         Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап арқылы және үйге берілген №934 есепті слайд арқылы тексеру)

 

1)    Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

2)    Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге мысалдар келтіріңдер

3)    Мәндес теңдеу дегеніміз не?

4)    Теңсіздік дегеніміз не?

5)    Санды теңсіздіктердің неше қасиеті бар?

6)    Санды теңсіздіктердің қасиеттерін тұжырымдаңдар

7)    Санды теңсіздіктерге мысалдар келтіріңіздер?

 

 

 

Амандасады, сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

 

Сабақ басындағы көңіл-күйлерін білдіреді.

 

Тренинг арқылы сабаққа ынталарын көрсетеді

 

Топқа бөлінеді.

 

 

Бағалау парағымен танысады

 

 

.

 

Сұрақтарға жауап береді

 

 

Үйге берілген есептің жауабын белсенді тақтадағы жауаппен салыстырып, бір-бірінің тапсырмаларын   тексереді

Тұсаукесер

 

 

5 мин

 

Маршрутты картаны алдарына компьютер арқылы үсыну. Маршрут картаны орындау арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашқызу.

Асанның жылдамдығы х км\сағ,ол 5 км\сағ-тан  артық,Үсеннің жылдамдығы у км\сағ,ол 8 км\сағ-тан артық. Асан мен Үсен бір жерден бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүрді. Олар бір сағат өткен  соң бір-бірінен неше сағатта болады?

 

Қажетті   құрал-жабдықтарың бар ма?

1.  Асанның жылдамдығы қай саннан артық екенін теңсіздік белгісінде жазыңдар.

2. Жазған теңсіздік белгісі астына Үсеннің жылдамдығы қай саннан артық екенін жазыңдар.

3.Теңсіздіктер арасына қосу амалын жазыңыздар

Көршілеріңнен  көмек алуларыңа болады. Қолдарыңнан келсе  жарайсыңдар!

Қиналсаң көршіңнен көмек алуға болады!

4. Теңсіздіктердің оң жағын оң жағымен,сол жағын сол жағымен қосыңыздар.

Жарайсыңдар!

Шыққан нәтижені оқыңыздар. Орындаған тапсырмадан не байқадыңыздар?

 

Бәрекелді!

 

 

 

Оқушылар топпен алдарындағы компьютерден маршрутты картаны орындайды.

Жаңа сабақ тақырыбын ашады

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Жаңа сабақ тақырыбын айқындау. Сабақ мақсатын оқушылармен бірге нақтылау.

 

Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерінше меңгеруіне «Өкіл» тәсілін пайдалану.

Өкіл тәсілінің ережесін таныстыру.

 

Әр топ арасынан өкіл сайланады және 3 сарапшы сайланады. Олар әр топтың жұмысын бағалай отырып сараптама жасайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша тақырыптарын қорғап  шығады. Өзге топ өкілдері бір-бірінің сөзінен кейін сұрақтар қоюға құқылы. Әрбір топтың іс-әрекетін сараптамашылар бағалайды.

 

 

І-топ. Санды теңсіздіктерді қосу

ІІ-топ. Санды теңсіздіктерді азайту

 

 

Топтық жұмыс  5-мин

 

Оқулықпен жұмыстандыру (әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді)

 

Әр топқа қарсы топтың түсіндірген тапсырмасы бойынша есеп шығартамын

 

 

І-топ   А-№940  В-№947  С-№955

 

ІІ-топ   А- №939 В-№948  С-№956

 

 

 

Жаңа сабақты қорытындылау барысында мынадай кестені толтырса, ұлы ғалымның аты шығады. 5-мин

 

 —  9>6         + 9,7>7        —   5>3         —    -8,2>7

   -3<4            2>1              -1<2               1<7,5

Е                       Р                     А                И

 

 

 

+8>15                 +    2,7>6,5            —     5>2,3

   2<4                 4,5<7                         -3<7

   Х                           Д                            М

 

 

Сергіту сәті.

 

І-топ.  Ыстық орындық әдісі

Ыстық орындық әдісін түсіндіріп кетемін:Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді. Оқушылар  белгілі бір  пікіпмен  немесе  басқа  оқушымен,сұрақты  неғұрлым жеке  емес қылу  үшін  немесе мазмұны  жағынан  кеңірек қылу  үшін,   бірге  алға  шығып  сөйлей  алады.Мысалы,  оқушылар  белгілі бір  рольді  немесе  адамды    сомдай  алады

 ІІ-топ. Тв-шоу бағдарламасын дайындайды.

Мұғалім  жүргізуші  оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей  тақырыпты  талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға  қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл  Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы  мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі  шоу.

 

 7-мин

 

 

 

Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын жазады. Бүгінгі сабақ мақсатын нақтылайды.

 

Өкіл тәсілін пайдалану арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгереді, бір-біріне өздерніне берілген тақырыптарды түсіндіріп қорғап шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар оқулықтан берілген есепті шығарады. Топ мүшелеріне көмектеседі.

Қарсы топ есебін тексереіп отырады, ұсыныс,пікірлерін айтады (мысалы: топ есепті дұрыс шығарды алайда олар тақтада орындау кезінде математикалық тілде сөйлесе, біздің шығару жолын тыңдауымызға нақты жеткізілсе) деген пікірлер айтылды.

 

Оқушылар топпен шығарады

Жауабын тақтада тексереді

Өз-өздерін бағалайды.

 

 

 

 

6> 1 11.7 > 8 10 < 19 7.2 > 4.5 -2 < 9.3 12 > 2 7.2 < 13.5

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтар  өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Бір-біріне тапсырма дайындап сұрақ дайындайды.

 

І топ «Ыстық орындық» әдісінде қарсы топтан Білім министрін сомдауды тапсырып,оған сұрақтар дайындады

 

ІІ топ  ТВ шоу бойынша «Жүзден жүйрік бағдарламасын жүргізді. Логикалық және жаңа сабақ бойынша сұрақтар дайындады

Қорытынды

 

 

 

 

 

Оқушыларды сергіту мақсатында сабақты қорытындылау үшін мына ертегіні пайдаландым.

Ертеде Данышпан деген патшаның елінде «Байлық»,  «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт  түлігі сай, үйі, дүние мүлігі ішіп жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам,соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды, нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпаннан: «Байлық» — бір жұрттық, «Бақыт»- баянсыз, «Ақыл» -еңбек,білім деген сүйеніші,тіреуі,тұтқасы да бар.Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп,мәнді де,сәнді де өмір сүреді.

Міне балалар бұдан шығатын қорытынды мынау.Ақыл,білім болған жерде бақыттыда бай боламыз.Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де,білікті азамат болып өсуіміз керек.

 

Оқушыларға Рефлексия парағын үлестіру

Бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалату

 

Рефлексия парағын толтырады, топ мүшелері бір-бірін бағалайды

 

 

 

 

Не үйрендім? Не ұнады? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың өзіндік талдауы

Мұғалім жоспар жасағанда оқушыларының қабілетеріне, жас ерекшеліктеріне назар аударуы қажет деп саналған. Әрбір педагог маман  өз пәнін жетік меңгере отырып, оны аса шеберлікпен оқушыларына жеткізе білуі қажет. Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі.  Сабағымды жоспарлауда жоғарыдаағы айтылғандарды назарда ұстау арқылы жоспарладым.

Сабақ 6-сыныпқа өткізілді. Санды теңсіздіктерді қосу және азайту тақырыбында өткіздім. Сабақты өткізудегі негізгі мақсатым «Оқушылардың өз беттерінше жаңа сабақты меңгеруіне ықпал ету. 3 айлық курс барысында алған теориялық білімімді тәжірибеде қолдану арқылы оқушының өз бетінше  жұмыстана білуге дағдыландырту» болатын.

Алған тақырыбым оқушының өз бетінше меңгеруіне жеңіл берілген.Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуға мотивация бердім. Үй тапсырмасын сұрауда төменгі сұрақтардан жоғарғы деңгейлі сұрақтарды пайдаландым. Оқушы деңгейлеріне қарай сұрақтар қойылды.Оқушылардың өздеріне жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт бердім. Оларға өз беттерінше қолдана білуі үшін және үйренуі үшін алдарынаа тапсырма жазылған ноутбуктарды пайдаландым.  Сабағымда «Өкіл» тәсілін пайдалану арқылы жаңа тақырыпты өздеріне меңгеруіне бағыт бердім.

Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығының оянғанын байқадым. Сабақ кезеңдерінде жоспарлаған әдіс-тәсілдерімнің барлығын жүзеге асырдым деп ойлаймын. Сәтті шыққан сабақ деп айтуға болады. дегенменде орын алған кемшіліктер де кездесті.

Сабағымда бір-бірін бағалауды пайдаландым. Оқушылар бағалау парағынддағы критерийлерді сабақ басында танысып білген болатын. Сол себепті олар бір-бірін әділ бағалауға және берілген критерийлер бйынша өздерінің жақсы көрінуі үшін жұмыстанды.

Жаңа форматта сабақ берудегі сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Сабағымда мүмкіндігімше жеті модулмен жұмыстандым деп ойлаймын. Сабақтарымды жоспарлауда жеті модулді ықпалдастырып отырамын.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша өзгертулер

 

 

Бағалау парағы

 

Сабақ кезеңдері Бағалау өлшемдері Топ мүшелерінің аты-жөні
             
Үй жұмысы

Есептерді шығару

5. тапсырманы толық орындаған
4. Санды теңсіздіктер қасиетін меңгерген
3.Есептің шартын түсінген
2. Тапсырманы мүлде орындамаған
Сұрақ-жауап 5. сұрақтарға нақты жауап берді
4. Мысалдар келтіре алды
3. балама жорамалдармен жауап берді
2. Мүлде жауап бермеді
Тұсаукесер 5.Тапсырманы топпен талқылады
4.тапсырманы орындау арқылы жаңа сабақты аша білді
3. Нақты жауап бере алмады
2. Мүлде жауап бермеді
Өкіл тәсілі 5. Тақырыптың өзектілігі
4.тақырыпты түсінуі
3. сөйлеу шеберлігі
2.нақты мысалдар келтіруі
Деңгейлік тапсырмалар орындау

 (топтық жұмыс)

5.3 деңгей тапсырмасында орындады Есепті дұрыс шығарды
4. А және в деңгей тапсырмасын орындады
3. Тек А деңгейінің тапсырмасын орындады