Келтіру формулалары. Есептер шығарту

96

9 сынып. Алгебра

Тақырыбы: Келтіру формулалары. Есептер шығарту

 Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік. Оқушыларды келтіру формулаларын есте ұстауға, есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.
  • Дамытушылық. Оқушылардың тригонометриялық функциялар туралы білімдерін кеңейту, келтіру формулаларын қолданып түрлендірулер жасай білу қабілеттерін дамыту.
  • Оқушыларды ойлауға, тапсырманы ұқыпты орындауға, сөйлеу, ойын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Келтіру формулалары

Сабақтың түрі: Дәcтүрлі сабақ

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдары мен сынып тазалығын бақылау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару /1-мин/
  2. Үй тапсырмасын тексеру/5-6 мин/

Үйге берілген тапсырманы нақтылау, ондағы сұрақтарды ішінара тексеру /сұрақ-жауап түрінде/

  • Қандай бұрыштарды толықтауыш бұрыштар деп атайды?
  • Қандай тригонометриялық функцияларды ұқсас функциялар деп атайды?
  • Келтіру формулалары дегеніміз не?
  • № 405 есепті белгілі ретпен тексеру
  • Үйге берілген тапсырманың орындалуын қорытындылау, бағалау
  • Білімдерін жаппай тексеру/5-6 мин/
  • Тригонометриялық функциялар деп қандай функцияларды айтамыз?
  • Тригонометрияның негізгі формуласы деп нені айтамыз?
  • Тригонометрилық функциялардың таңбаларын көрсетіңдер?
  • Тригонометриялық фунциялардың тақ-жұптығын көрсет?
  • Тригонометриялық функциялардың периодтылығы дегеніміз не ?
  • Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін ата ?
  • Келтіру формулалары дегеніміз не?
x π/2-α

90ᵒ-α

π/2+α

90ᵒ+α

π-α

180ᵒ-α

π+α

180ᵒ+α

3π/2-α

270-α

3π/2+α

270ᵒ+α

2π-α

360ᵒ-α

2π+α

360ᵒ+α

sinx cosα cosα sinα -sinα -cosα -cosα -sinα sinα
cosx sinα -sinα -cosα -cosα sinα sinα cosα cosα
tgx ctgα -ctgα -tgα tgα ctgα -ctgα -tgα tgα
ctrx tgα -tgα -ctgα ctgα tgα -tgα -ctgα ctgα

 

  1. Сабақ мақсатымен таныстыру /1-мин/ Келтіру формулаларын пайдалана отырып № 406-408, № 410 есептерді сыныпта шығару. Оқушылардың әр есептің шығарылуын жіті бақылап түсініп жазуына көңіл бөлу
  2. Есептер шығарту /20мин/

 № 406

(0;) бұрыштың тригонометриялық функциялары арқылы жаз

 

 № 407

(0ᵒ;90ᵒ) бұрыштың тригонометриялық функциялары арқылы жаз

 

№ 408

 

№ 410

 

  1. Өткен материалды түсінгендерін тексеру /7-8 мин/

Қосымша есептер: 9сынып тест кітапшасынан 5 сұрақтық тест алу

ҮІ.Сабақты қортындылау, бағалау /3 мин/

VIIІ. Үй тапсрымасын беру /1-мин/№ 411, 412 /Келтіру формуласы бойынша шешіледі/

№ 411

 

№ 412

 

Қасымов Жанат

Түрген қазақ орта мектебі