Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)

81

Күні:

Сынып:

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік тақырыбына есептер шығару.Теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту.

Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік:  Үлестірме материалдар.

Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

III. Қызығушылықты ояту

« Не білемін»

  1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз?
  2. Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
  3. Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
  4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолы?
  5. а=0 және в˂0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
  6. а=0 және в˃0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?

III. Мағынаны ашу. Кубизм стратегиясы

А-деңгей

№1013

1)3х-7˂х+1,    2)2+х˃8-х,        3)1-х≤2х-5,         4)2х+1˃х+6,    5)4х+2˃3х+1,   6)6х+1˂2х+9,

3х-х˂1+7,       х+х˃8-2,            -х-2х≤-5-1,       2х-х˃6-1,           4х-3х˃1-2,         6х-2х˂9-1,

2х˂8,               2х˃6,                  -3х≤-6,             х˃5.                     х˃-1.                 4х˂8,

х˂4.                 х˃3.                    х≥2.              Ж: (5;+∞)           Ж:(-1;+∞)               х˂2

Ж: (-∞;4)           Ж: (3;+∞)          Ж: [2;+∞)                                                            Ж: (-∞;2)

В-деңгей

№1022

1)х-тің қандай мәндерінде 7,6+2х-(3х-6,4) өрнегінің мәні оң сан болады?

7,6+2х-(3х-6,4)˃0,

7,6+2х-3х+6,4˃0,

-х˃-14,

х˂14.

2)у-тің қандай мәндерінде у+2,8+(9,8-3у) өрнегінің мәні теріс сан болады?

у+2,8+(9,8-3у)˂0,

у+2,8+9,8-3у˂0,

-2у˂-12,6,

у˃6,3.

3) х-тің қандай мәндерінде 6(х+1)-5х-3 өрнегінің мәні оң сан болады?

6(х+1)-5х-3˃0,

6х+6-5х-3˃0,

х˃-3.

4) у-тің қандай мәндерінде 5(у+2)+8+у өрнегінің мәні теріс сан болады?

5(у+2)+8+у˂0,

5у+10+8+у˂0,

4у˂-18,

у˂-4,5.

  1. Ой толғаныс. Түртіп алу стратегиясы

Қатесін тап

№1023

1)5у+9≤3-7у,       2)3х+1≤4х-5,      3)6-5у˃3у-2,              4)3-7у˃5у-3,

5у-7у≤3-9,            3х-4х≤-5+1,        5у-3у˃-2-6,                 7у-5у˃-3-3,

-2у≤-6,                   -х≤-4,                  2у˃-8,                         2у˃-6,

у≥3.                       х≤4.                     у˃-4.                           у˃-3.

Сәйкестендіру тесті:

реті Теңсіздік белгіленуі
1 5(х-2)≥2х-1 A. х≤2
2 7х-8≤5х+2 B. х˃7
3 4(х-3)≤х-6 C. х˂-2
4 3+2(х-1)˃8+х D. х≤5
5 2х+5˂х+3 E. х≥7
6 3х+4≥2х+11 F. х≥3

 

Жауабы: 1-F,  2-D,  3-A,  4-B,  5-C,  6-E.

V.Үйге тапсырма: №1017, №1023(3,6)

  1. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

VII. Қорытынды