Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау.

31

 

6— апта 2-күн  2 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды  қайталау.
Сілтеме: Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаты: Оқушылардың  ондық бөлшек  туралы білімдерін тиянақтау. Оқушының білімге деген қызығушылығын тудыру, қабілетін анықтау, жүйелі білім алудың қажеттілігін ұғындыру.

Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.

Оқыту нәтижесі:  Ондық бөлшектің оқылуын, жазылуын және ондық бөлшектерді  қосу, азайту, көбейту және бөлу алгоритмдерін жақсы меңгерген, оны есеп шығаруда пайдалана білетін , терең ойлы , өзіне деген сенімі мол тұлға қалыптасады.
Түйінді идеялар: Оқушылардың  қызығушылығын ояту, өз ойын қорытындылай білуге  қалыптастыру.
 Ақпарат көздері: Электронды  оқулық,  интерактивті  тақта, оқулық.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері
І.Ұйымдастыру

 

Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың  тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару,  бірігіп шешетін жағдай тудырып, оны бірлесе шешуді ұйымдастыру мақсатында оқушыларды

4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.

 

Сәлемдеседі, кезекші сыныптағы оқушылар туралы  мәлімет береді. Оқу құралдарын дайындап, зейіндерін  сабаққа аударады. Әр топ топ басшысы, хатшы, баяндамашы, таймкипер, бақылаушы  болып рөлдерге бөлінеді.

 

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Бақылаушыға топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп шығуын тапсырады.

 

Бақылаушы топ мүшелерінің үй тапсырмаларын түгел тексеріп шығады.
ІІІ. Өткенді еске түсіру

Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша сұрақтар құрып, қалған 3 топ мүшелеріне  қою арқылы сабақ тақырыбын ашады. (оқушылардың  өздерінің ұсынған идеясы)

 

 

 

І топ

Бөлшек сандардың ондық жазылуы, оларды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру.

 

 

ІІ топ

Ондық бөлшектерді қосу мен  азайту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ топ

Ондық бөлшектерді өзара  және натурал санға көбейту.

 

 

 

ІҮ топ

Ондық бөлшектерді өзара және натурал санға бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Тақырыпты практикалық бекіту

Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар берілді.

І топ: №1443 (1),   №1444(1)

ІІ топ: №1443 (2),   №1444(2)

ІІІ топ:№1443 (3),   №1444(3)

ІҮ топ:№1443 (4),   №1445(1)

 

 

Ү. Сабақты  қорытындылау

Сабақты сұрақтар арқылы қорыту.

1.Жазылуы

2.Салыстыру

3.Оқылуы

4.Қолданылуы

 

ҮІ. Үйге тапсырма: №1443 (5,6);  №1445 (2);  №1447

 

ҮІІ. Бағалау

 

Топтар өзара бірін-бірі бағалайды. Жеке оқушылардың үлесі әр түсті фишкалар беру арқылы бағаланады.

 

«5» — қызыл

«4» — көк

«3» — сары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қандай сан ондық  бөлшек деп аталады?

2.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады ма?

3.Координаталық сәуледе ондық бөлшек қалай кескінделеді?

 

 

1.Ондық бөлшектердің қосу ережелерін атаңдар.

2.Егер азайтқыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен не кем болса, онда   қандай амалдар орындалады?

3.Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса не істеу керек?

4.Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?

 

 

1.Ондық бөлшекті натурал санға  қалай көбейтеді?

2.Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.

 

 

1.Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?

2.Ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек?

3.Ондық бөлшекке бөлу ережесін айтыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтан  бір-бір баладан шығып интерактивті тақтада ондық бөлшектердің амалдарын қолданып,  есеп шығару жолдарын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

Әр топтың бағалау парағы:

Мысалы І топтың бағалау парағы

 

ІІтоп ІІІтоп ІҮтоп
Өткенді еске түсіру
Практикалық есеп
Барлығы