Өрнектер. Формулалар (І тарауды қайталау және бекіту сабағы)

80
5- апта 4-күн  2 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. Формулалар  (І тарауды қайталау және бекіту сабағы)
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты: Математикалық өрнектер туралы түсініктерді, ұғымдарды, қасиеттерді оқушылардың естеріне түсіріп, практика жүзінде геометриялық  фигуралардың түрлі өлшемдерін, дененің жүрілген жолын, заттың құнын есептеу  барысында білімдерін нығайту.
Оқыту нәтижесі: Өрнектердің мәндерін табуды, салыстыруды, ықшамдауды үйренеді. Осы тақырыптан туындайтын формулаларды есеп шығаруда пайдалана алады.
Түйінді идеялар: Әр оқушы өздігінен жұмыс жасап үйренеді. Оқушының жеке қабілеті анықталады.
 Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс
Сабақта қолданылған модульдер: Диалог арқылы оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
 

 

Сабақтың барысы

Мұғалімнің

 іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың зейінін      сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Үй тапсырмасын орындай алмаған оқушыларды анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2. Тақырыпқа қатысты ережелерді сұрау.

 

ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.

1.Интерактивті технологияны (диалог арқылы оқыту) қолданумен аталған тақырыптың ережелерін оқушылардың естеріне түсіру.

—  санды және әріпті өрнектердің анықтамаларын беріңдер;

 

—         бұл өрнектер жалпы түрде қалай деп аталады?

 

 

 

—         қосудың, көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айтыңдар;

 

—         тік төртбұрыштың, үшбұрыштың периметрінің, ауданының, параллелепипедтің көлемінің, жүрілген жолдың, заттың құнының формулаларын  сұрау.

 

2. Практикалық жұмыс

— білімі жақсы екі оқушыға тақтада  №1424(1) көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнекті ықшамдап мәнін табу және  №1425(1) теңдеуді шешу есептерін шығарту.

 

 

 

 

— №1427 мәтіндік есепті шығарту алдында оқушыларға ой туғыздыру: ситуация  арқылы (ағысқа қарсы, ағыстың бойымен жүзу кезіндегі жүзушінің жылдамдығының өзгеруі) оқушыларды әңгімеге тарту. Есептің шартымен танысып, шешу жолдарын талдау (сыни тұрғыдан ойлауға оқыту)

 

 

 

 

 

ІҮ. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)

Сыныпты үш топқа бөліп,

шығармашылық жұмыс арқылы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту. Топтық жұмыс мақсатымен таныстыру.

Топтық тапсырма:  Мәтіндік есеп құрастырып, оның өрнегін жазу және шешу.

Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық  ойлау қабілеттерін арттыру.

 

Ү.Сабақты қорытындылау

 

ҮІ. Оқушыларды бағалау

(Бағалау критерийлері арқылы)

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:

№1424 (2,3,4);  №1425 (2-6);

№ 1426; №1428.

 

 

 Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындау.

 

 

 

 

 

Берілген есептерді шығару барысында қолданылған ережелерді айтып беру. Ал мәтіндік есептің мазмұнын түсініп айту және есептеу жолдарын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  бір-бірінің жауаптарын толықтыру арқылы тақырыпқа қатысты теорияны естеріне түсіріп тұжырымдап береді.

Тақтада түрлі амалдардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін тұжырымдамасын айтып, әріптік өрнек арқылы жазады.

 

 

Оқушылар берілген геометриялық фигуралардың аталуын, олардың анықтамасын және  өлшемдерін анықтау формулаларын интерактивті тақта арқылы көрсетеді.

 

Жүрілген жол формуласын жазып, түрлендіру арқылы уақытты және жылдамдықты анықтау формулаларын жазады.

 

 

 

 

3(х+5)+7х,  х= 4

Өрнектегі жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру арқылы ықшамдайды да мәнін табады.

7(х+8)-25=66

Теңдеудегі жақшаны ашып, белгілі сандарды теңдіктің оң жағына ауыстырып, белгісіз көбейткішті (х) табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөледі.

 

 

Оқушы есептің берілгенін қысқаша түрде тақтада және дәптерлеріне түсіріп, қайықтың қозғалыс сызбасын сызады.

1)    Қайықтың меншікті жылдамдығын табу үшін ағыспен және ағысқа қарсы қайықтың жылдамдықтарын қосып, екіге бөледі. (10км/сағ+6км/сағ)/2=8км/сағ

2)    Ағыс жылдамдығын табу үшін қайықтың ағыспен жүзген жылдамдығынан меншікті жылдамдығын азайтады.

10км/сағ — 8км/сағ = 2км/сағ

 

 

 

 

 

Оқушылар деңгейлері аралас үш топқа бөлінеді.

Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не қажет екендігін оқушылар атап кетеді (достық, ауызбіршілік, жауапкершілік, белсенділік т.б.)

Бірігіп тапсырманы орындап, біреуі интерактивті тақтада шешімін жазады.