Жай бөлшектер (ІІІ тарауды қайталау)

26
5- апта 5-күн  2 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер (ІІІ тарауды қайталау)
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты: Жай бөлшектер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту; Оқушыларды өз бетінше оқуға , кітаппен жұмыс істеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт бағдар беру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар жай бөлшек туралы түсініктемесін, қасиеттерін естеріне түсіріп, оларды қысқарту, ортақ бөлімін табу, жай бөлшекке амалдар қолдануды  есептер шығару барысында қолдана білуге үйрету.
Түйінді идеялар: Әр оқушы өз деңгейінде бағаланады. Әр оқушының жеке қабілеті анықталады.
 Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, оқулық.
Сабақта қолданылған модульдер:  «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» , «Диалогтық оқыту».
 

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың зейінін      сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бүкіл сынып бойынша оқушылардың үй тапсырмасын саналы, сапалы дұрыс орындағандығын тексеру. Тексеру барысында байқаған кемшіліктерді жою және олардың пайда болу себептерін зерттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Сабақ тақырыбын ашу  жұмыс жүйесі

 

 1. Ой қозғау

 

І топ: жай бөлшектерді қосу

ІІ топ: жай бөлшектерді азайту

ІІІ топ: жай бөлшектерді көбейту

ІҮ топ: жай бөлшектерді бөлу

 

 

 

 

 

 

2.Практикалық жұмыс

Топтарға  тақырып бойынша  оқулықтағы есептер бөлініп беріледі.

І-ші топ: №1435 (1, 3); № 1437  (1,3)

ІІ-ші топ: №1435 (2,4); № 1437 (2,4)

ІІІ-ші топ: № 1435 (5,6);  №1437 (5,6)

ІҮ топ: № 1436 (1); № 1439

 

ІІІ. Бекіту.

Оқушылардың  алған білімдері тек сандық есептерді шығаруда   шектелмей,  мәтіндік есептерді де    қолдануын үйрету.

 

 

 

 

ІҮ. Қорытындылау.

Не білдік?

Не үйрендік?  деген сұрақтарға оқушылардан жауап алу.

 

Ү. Бағалау.

 

1.Әр тапсырманың орындалуы бойынша  топтар  мына критерийлер бойынша  бағаланады: берілген жауаптардың дұрыстығы, мазмұндылығы, топ мүшелерінің қатысу үлесі.

2.Әр топ өз мүшелерін бағалайды.

 

ҮІ. Үйге тапсырма: № 1438,

1442*

Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындау.

Сынып кезекшісінің есебі.

 

 

 

Үй тапсырмасын түсініп орындап келген оқушыларға  карточкалар бойынша тапсырмалар орындайды. Ал үй тапсырмасын түсінбеген оқушылар кешенді талдау арқылы құрылған алгоритм бойынша есеп шығарып үйренеді.

 

 

№1432

1)    45-ке бөлінетін ең үлкен үш таңбалы санды табу.

Есеп шешу алгоритмі:

—         Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

—         45-ке бөлінетін санның соңғы цифры  (0 және 5)

—         Сол  цифрларға аяқталатын ең үлкен үш таңбалы сандар (995, 990)

—         Соның ішіндегі 45-ке бөлінетіні (990)

 

 

 

 

Оқушылар берілген тапсырма бойынша анықтамаларды,тұжырымдамаларды,  қайталап, әр топтан бір немесе бірнеше оқушы баяндап береді. Сөйтіп, оқушылар өз беттерінше және топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірінің білімдерін толықтыру арқылы сабақ тақырыбын ашады.

 

 

 

Топ мүшелері берілген есептерді бірігіп шығарып, шығару жолдарын  бір-бірлеріне үйретеді. Мұғалімнің сұрауы бойынша топтағы кез келген оқушы тақта алдына шақырылып есеп шығару жолдарымен таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

№ 1441

Комбайн — 3

Күні — 6

І-ші – 20 күн

ІІ-ші – 30 күн

_____________

ІІІ-ші — ? күн

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтар Ой қозғау Прак.

жұмыс

Мәтін

есеп

Ортақ

баға

І
ІІ
ІІІ
ІҮ