5 саны және цифры

  1. Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры 38 бет

Сабақтың мақсаты: 1. 5 санының шығуы. 5 санын 1,2,3,4 сандарымен     салыстыруға, жазуға үйрету.  2.Ұқыптылыққа баулу   3.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  5 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -4 саны қандай сандардың қосындысы.

— 4 саны қандай сандардан артық ?  — 4 саны қандай сандардан кем?

Мына сандарды салыстыр.

4*3   4*2   4*1   4*0   4*5

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

  1. Сандар қатарында ең бірінші тұратын сандарды ата. Келесі санды қалай шығарып алдық? 0+1=1   1+1=2       2+1=3       3+1=4       4+1=5     2. 5 санын қалай шығарып аламыз?

Кері амал құрап көрейік: 5-1=4   4-1=3      4-2=2                  4-3=1                  4-0=4

Ү. Жаңа білімді тексеру.  1. 5 саны қалай шықты? 2. 5 санын 4,3,2,1, сандарымен салыстыру.  5>4        5>3   5>2   5>1   5>0

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:    Дәптермен жұмыс:  

 5 санын жазып үйрену.

4+1           5-1             5-4

3+1            4-3             4-1

ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгін сендермен қаншаны білдік? Ол санды қалай шығарып алдық?