Параллелограмның ауданы

55

 

Сынып:   8 1-сабақ Пәні:  Геометрия
Сабақтың тақырыбы Параллелограмның ауданы
Жалпы мақсаттар: —  параллелограмның, ромбының аудандарын біледі;

—  тең құрамдас фигуралар туралы түсінік қалыптасады;

—  параллелограмм, ромбының аудандарын және олардың элементтерін анықтау үшін есептер шығаруға жаттығады;

— бұрын білетін ақпаратпен байланыстырады.

Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс — тәсілдер Тәсілі :  жеке, жұппен, топпен Әдісі: АКТ, СТО
Оқыту нәтижесі: Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
Түйінді идеялар Параллелограмм, параллелограмның қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагоналі, периметрі; тіктөртбұрыш, тіктөртбұрыштың ауданы, үшбұрыштардың теңдігінің белгісі.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, электронды оқулық
Сабақтың барысы : Уақыты: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин Көңіл – күйін анықтау. Мұғалім оқушылармен амандасады, слайд арқылы қызықты суреттер көрсе-тіп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Жақсы көңіл-күйді білдіретін смайликтер таңдап алып, бір-біріне сыйлайды.
2 мин Топқа бөлу.   Тіктөртбұрыш, квадрат, параллелограмм, ромб Оқушылар ұқсас  фигуралармен  бірігіп 4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.
Ой жинау 5 мин Өткенді жинақтау. Сұрақтарға жауап беру.                                                       1) Температура оң, теріс сандар-мен және нөлмен де өрнектеле алады. Аудан неге тек оң санмен өрнектеледі?

2) Өздеріңе таныс жазық фигура-ларды естеріңе түсіріңдер. Олар-дың қайсылары жай фигура болады? Неге?

3) Егер тіктөртбұрыштың қабыр-ғаларының ұзындықтары шектел-ген ондық бөлшектермен өрнек-телуі мүмкін бе? Жауабын түсіндіріңдер.

4) Тікбұрыштың ауданы шектел-ген ондық бөлшекпен өрнектелген. Оның іргелес қабырғалары  шексіз ондық бөлшекпен өрнектелуі мүм-кін бе? Жауабын түсіндіріңдер.

Оқушылар  жекелеме жұмыс жасайды, жұппен ақылдасады, топпен бірігіп, ортақ шешім шығарылып, өнім жасалады,  скипер қорғайды. Түрлі-түсті стикерлер арқылы бағаланады.
Жаңа тақырып:

Мағынаны ажырату.

 

20 мин

   Әр топтағы оқушыларға  жеке  оқулықтағы жаңа тақырыпты оқып, «Түртіп алу» әдісін пайда-ланып, жұппен,  топпен  талқылап,  «Параллелограмның ауданы»  та-қырыбына постер жасауды сұрай-ды. Уақытты дұрыс пайдалануды тапсырады.   Әр оқушы оқулықтағы тақырыпты жеке оқып, жұппен, топпен талдайды.   Әр  топтан бір-бір оқушыдан шығып, постерді жариялайды, топ жетекшісі қорғайды.
Ой толғаныс 10 мин Жаңа материалдағы білімді түсін-генін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау.

І – ІІ топтарға:  Ромбының ауданын S=a² sinα формуласымен есептеуге болатынын дәлелдеп көріңдер. Мұндағы α – ромбының қабырғасы, ал α – ромбының бұрышы.

ІІІ – ІV топтарға: Ромбының ауданы оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең дәлелдеңдер: S= , мұндағы   d₁, d₂ –  ромбының диагональдары.

Есептер шығарады.

№ 252,  № 254

 

 

 

 

Ойларын айтады, дәлелдейді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 252

Берілгені: а=4,5 дм,  һ=2,6 дм. Табу керек: S

Шешуі:  S = a ∙ h

S = 4,5 дм ∙2,6 дм = 11,7 дм² Жауабы: 11,7 дм²

№ 254

1)Берілгені: S = 2,4 м²,                          a = 1,5 м. Табу керек: һ

Шешуі:   h =

h =  = 1,6 м.

Жауабы: 1,6 м.

Сергіту сәті 2 мин Логикалық сұрақтар қойылады.

1) Үстелдің төрт бұрышының бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?

2) Квадраттың диагональдарын жүргізсе неше үшбұрыш пайда болады?

3) Айдар қабырғасы 5 см болатын шаршыны 2 тіктөртбұрышқа бөлді. Біреуінің периметрі 16 см болса, келесі тіктөртбұрыштың периметрін анықта.

4) Шаршыны бірдей бөліктерге бөлді. Шахмат тақтасы сияқты бөліктерді ақ және қара түспен бояғанда ақ бөліктердің саны 25 болды. Шаршыны барлығы қанша бөлікке бөлді?

 

Жауабы: бесбұрыш

 

 

Жауабы: 8 үшбұрыш

 

 

Жауабы: Жауабы: 14 см

 

 

Жауабы: 49 бөлік

Бағалау 2 мин Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралармен  арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс 1 мин Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып жапсырады. Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
Кейінгі жұмыс 1 мин № 253, № 255