өзіндік білім көтеру жоспары

1195

өзіндік білім көтеру жоспары

Білімі:   жоғары,  1995 жылы Алматының Қыздар педагогикалық  институтын

математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады

 

 Квалификациялық категориясы-бірінші санатты

 

Біліктілікті көтеру:

2004–Математикаға оқытудың жаңа технологиясы және мемлекеттік стандарт,48с

2008ж.–«Қиындығы жоғары есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері»,36 с

2013ж

 

Өзіндік білім көтеру жұмысының тақырыбы:

 

Өзіндік білім көтеру тақырыбы: «Математика сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру».

 

Жұмыс 2014 жылы басталды.

Жұмысты 2017 жылы аяқтауға болжам жасалды.

 

Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:

 

Негізгі тәрбиелік мақсаты – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру

Міндеттері:

  • Ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.
  • Оқушы білімін тексерудің барлық түрлерінде оқушыларға жекелейжәне дифференциалды тапсырмалар беру
  • Оқушы білімін тексерудің диагностикасын және мониторингсін жасау.

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық іс-әректтің негізгі идеясы :

 

  • Әр оқушыға тұлға ретінде қарау
  • Білім мен тәрбие беру;
  • Ғылымға құштарлығын арттыру
  • Дифференциалданған және жекелей тапсырмалар беру;
  • Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру;
  • СТО технологиясын қолдану
  • Дамыта оқыту теориясын қолдану (Л. В. Занков );
  • Танымдық қызығушылығын дамыту теориясын қолдану (И. Гальперина, Щукина ).

 

Өзіндік білім көтерудің мақсаттары:

 

  • Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
  • Математикалық білімді тереңдету.
  • Педагогика ғылымының жетістіктерін,озат тәжірибені оқып-үйрену.
  • Жалпы мәдени деңгейді көтеру.
Іс-шараның тақырыбы мерзімі
 

1

 

«Оқушылардың танымдық қызығушылығын және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша әдебиеттер оқу

ӘБ отырысында оқып- үйрену қорытындысы туралы есеп беру (ӘБ жоспары бойынша)
2 Кабинеттің материалдық-техникалық базасын жақсарту . 2017жылға қарай
3 Математика сабақтарында СТО технологиясын қолдану  

2014-2015оқу жылы.

4 5-сыныптың математикасына үлестірме материалдар дайындау 2014-2015 оқу жылы
5  Л. В. Занковтың, Давыдовтың,газет-журналдадағы жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқып-үйрену  

Кезең ішінде

6 Аудандағы және мектептегі сыныптан тыс шараларға, сондай-ақ физика, математика, география, биология сабақтарына қатысып озат тәжірибені үйрену. Жыл бойы
7 Өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша тәжірибе тарату (Аудандық ӘБ-тегі сараптама есебі) 2017ж

 

Білім беру процесіндегі бағдарламалық-әдістемелік құралдар жасау:

 

Іс-шара Мерзімі
1 5-11 сыныптардың математика оқулықтары бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау Оқу жылдары бойынша
2 11-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары оқулығы бойынша сабақ жоспарларын жасау Тамыз-қыркүйек 2012ж
3  Математикадан тақырыптық тест құрау Тамыз-қыркүйек 2013
4 5-сынып математикасы бойынша бақылау жұмыстарын құрау Тамыз-қыркүйек 2011
5 Математиканың негізгі тақырыптары бойынша жаттығу жұмыстарын жасау Жыл бойы
6 «Интеграл» қолданбалы курстың бағдарламасын жасау Тамыз-қыркүйек 2014
7 Авторлық бағдарлама « Параметрлік теңдеулер» Тамыз-қыркүйек 2015
8 ҰБТ –ді талдау және сараптау парағы бойынша оқушы біліміне диагностика жасау (интернетті пайдалану) Жыл бойы

 

Әдебиеттер тізімі:

  • Журнал «Математика в школе» 2008 — 2016 жылдар
  • «Математика және физика» журналы 2009 – 2016ж.
  • Интернеттегі әдістемелік материалдар.
  • Кітаптар:
    • «Мастерская учителя», мақалалар жинағы «5 за знания «баспасы, М. 2005 жыл;
    • «Нестандартные формы внеклассной работы в 7-11 классах», изд. «Учитель — АСТ», Волгоград, 2006 жылы.
    • Математика 5-11 сынып практикум (Дрофа)
    • Электронды оқулық 11 -сынып

 

 

 

 

Білімді практикада қолдану

 

  Іс-шара Мерзімі
1 Аудандық ӘБ отырыстарындағы,мектептегі пән бірлестігіндегіндегі баяндамалар,рефераттар, ӘБжоспары бойынша
2 Іс-тәжірибе тарату 2017жыл
3 Тақырып бойынша өзіндік талдау жасау Қаңтар-сәуір2017.
4 Аудандық,аймақтық конкурстарға қатысу

 

Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесіне қатысу:

  • Математикадан олимпиада материалдарын дайындау. Мектепішілік олимпиада өткізу. Қорытындысын шығару.
  • Математика пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысатын команданы дайындау.
  • Математика апталығын дайындау және өткізу.
  • Ашық сабақтар өткізу

  Білім көтеруде мұғалімдерге өзара көмек көрсету:

  • 2012 жылғы стандарт бойынша 7.9 сыныптардағы математика бағдарламасын пайдалана отырып күнтізбелік жоспар құруға көмектесу.
  • Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу
  • Жылына 1-2 рет қиынды бақылау өткізіп, өзара дәптер тексеру.
  • Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену және оны ӘБ отырыстарында талдау
  • Математиканың қиын тарауларын оқып-үйрену
  • Электронды оқулықтарды пайдалануда мұғалімдерге көмек көрсету.