Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі.

115

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі.

Сабақтың мақсаттары: ах+ву=с теңдеуіндегі айнымалылардың ең  болмағанда біреуінің коэффициенті нөлге тең болмағанда оның графигі түзу сызық болатынын білу.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кестелер, формулалар жазылған кесінділер, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Логикалық тапсырма шешу.
  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту
  • Математикалық диктант өткізу.
  • Жаңа сабақты бекіту.
  • Үйге тапсырма беру.
  • Сабақты қорытындылау, бағалау.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

 

Логикалық тапсырма.

 

 

                   +                  = 8                  —              =?

 

 

+                 =9

 

+                 =?

 

Оқушыларды зейінін сабаққа аударын алғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында у=3х-2  екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді. а=3   в=1   с=-2

у=3х-2  теңдеуінің графигі төменде көрсетілген.

Координаталық жазықтықтағы координаталары теңдеудің  шешімдері болатын нүктелер жиыны екі айнымалысы бар теңдеудің графигі деп аталады.

1-мысал  х-2у=4 сызықтық теңдеуінің графигі

ах+ву=с  теңдеуіндегі а≠0    в≠ 0   с≠0    болса, оның графигі  ординаталар Оу осімен (0;с/в) нүктесінде, ал абсциссалар Ох  осімен (с/в; 0)  нүктесінде  қиылысатын түзу болады.

 

 

Ах+ву=с теңдеуіндегі  в=0 а≠0 с≠0  болсын.

2-мысал4х+0*у=8 4х=8 х=2

бұл жағдайда теңдеудің графигі Ох абсциссалар осімен (2,0)  нүктесінде қиылысатын, Оу осіне параллель  түзу болады.

Ах+ву=с теңдеуіндегі  а=0 в≠0 с≠0  болсын.
3-мысал 0*х+3у=9  3у=9  у=3

бұл жағдайда теңдеудің графигі ординаталар осімен (0,3) нүктесінде қиылысатын, ал Ох абсциссалар осіне параллель түзу.

Ах+ву=с екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ең болмағанда бір айнымалысының коэффициенті нөлге тең болмаса, оның графигі түзу сызық болады.

№1452 оқушылар ауызша жеке жауап береді.

І деңгейлік тапсырмалар.

№1453 теңдеу графигін салыңдар.Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, орындайды.

х+у=3
у=3-х

х+4у=3

=3-х

у=3/4-1/4*х

№1454     5х+3у=15 теңдеуіне тиісті нүктелерді табу.Оқушылар дәптерлерінде жеке орындайды.

№1455 2х+у=5 теңдеуінің графигін салу. х=2 болса, у-тің мәні неге тең?

у=5-2х  теңдеуінің графигі

2*2+у=5    у=1

оқушылар жұптық жұмыс жүргізеді.

Математикалық диктант.

  • у=-2х+2 теңдеуінің графигін салыңдар.
  • у=2х+3 теңдеуінің графигін салыңдар.

Бекіту сұрақтарына оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай фигура болады?
  • у=0 болса, график қандай болады?
  • х=0 болса, график қалай болады?

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма №1459,1460 есептерді шығару.