Ондық бөлшектерді қосу /азайту/ тақырыптарын қайталау сабағы.

26

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу /азайту/ тақырыптарын қайталау сабағы.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Ондық бөлшектерге амалдар қолданып, есептерді жылдам

орындауға  дағдыландыру.

  1. Туған жердің табиғатымен таныстырып, оны сүйе білуге

тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

 

Сабақтың барысы:

 

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  2. Өткен сабақтарды пысықтау. «Венн диаграммасы»

 

ІІ. Негізгі бөлім.

— Балалар, Бүгін сендермен «Туған жерім — мақтанышым» саяхат сабағын жүргізгелі отырмыз.

 

1-аялдама-«Байқошқар».

Байқошқар- ыстықсың сен кетсем жырақ,

Елден келген ауылдастан жүрем сұрап,

Құмдақ таспен, жол салатын баурыңдағы,

Арманым, жол салуға пайдалансақ!

 

  1. 1,245+(0,155+3,02);                                       2.     (416,01+213,99)+15,3;
  2. (134,06+16,03)+5,94                                       4.      917,325+(36,675+43)

 

2-аялдама-«Ақтөбе»

Ақтөбеден сырғанаймыз шанаменен,

Денені шынықтырып, санаменен.

Әттең,шаңғы болса деп арман етем,

Жарысып, шаттанатын балалармен!

 

№956.    Шаңғышы бірінші сағатта 13,09 км, ал екінші сағатта одан  0,87 км артық сырғанады. Шаңғышы екі сағатта неше километр сырғанады?

 

3-аялдама-«Жалтыр»

Жалтыр-су мал сусынын қандырғандай,

Маңайы малға өріс, шалдырғандай.

Туған жер, айналаңда жасыл ағаш

Қарасаң көздеріңді тойдырғандай.

 

  1. х+8,45=17,923;                    2.   8,635+х=14,62;
  2. 71,93+у=98(3/20);            4. 7,28+у=13(1/4).

 

4-аялдама-«Шабақты»

Шілдеде Шабақтыға шабыламыз,

Шолпылдатып, су ішінде табыламыз.

Балық аулап, дем алып, тынығамыз.

Картопты отқа қақтап, қуырамыз.

 

Ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы 7,85км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 3,2 км/сағ. Қайықтың ағыспен жүзгендегі және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдық-тарын есептеп шығар.

 

5-аялдама-«Шие терейік»

Лагерь, Үрпек, Шұбара-шиелі жер,

Күзге таман жеміс-жидек теретіндер,

Қыс азығын, жаз ойлап сабылады,

Біздің жерден бәрі де, табылады.

 

Екі жәшіктегі шиелердің массалары бірдей. Бірінші жәшіктен екінші жәшікке 2,7 кг  шиені салғанда, екінші жәшәктегі шиенің массасы бірінші жәшәктегі шиенің массасынан қанша көп болады?

 

6-аялдама-«Ақансері мазары»

Аруағыңнан айналайын Сері –Бабам,

Әндерің ел аузында тамсандырған,

Жастары ауылымның пір тұтады

Өзіңді болашақта өнерқуған.

 

  1. (3,557+х)/2=4;                                                 2.  (х-0,731)/3=5;

 

     7-аялдама-«Ас адамның арқауы»

Ал, кәне, таза ауада тынығыйық,

Ас ішіп, бойымызға әл жинайық,

Жарысып, ойын ойнап, шат-шадыман

Салауатты өмірде шынығайық..

 

№1026.

  1. х+(16,3-9,25)=2,113+5,887; 2. у-(63,72-32,86)=12,64-3,5;

 

ІІІ. Сабақты қортындылау.

 

  1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз /азайтамыз/?
  2. Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады /азайтады/?
  3. Ондық бөлшектерді қосуда, қосудың қандай қасиеттері орындалады?
  4. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса, қалай азайтады?

 

ІV. Үйге тапсырма:

№1026(3,4);    № 1004.