Ондық бөлшекке бөлу

58

Сабақтың тақырыбы:  Ондық бөлшекке бөлу

Мақсаты: Оқушыларды :

Білімділік: Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есептеуге пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі басқаруға ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа ,өз мүмкіндіктеріне сенуге,еңбектенуге , жеңіске жетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,ой-өрісін дамыту,теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ                                                                                      

Құрал-жабдықтар: Компьютерлік сынып, интербелсенді тақта, суреттері бар карточкалар.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тугендеу

Оқушылар , «саяхатшы Дара» мультигін көрген боларсыздар.Бүгінгі сабағымызда Дара сіздерді ертіп, қазынаны іздеуге саяхатқа шықпақшы. Шығамыз ба?

Саяхатқа шығу үшін бірінші жол сумкасын дайындаймыз.( Дара үй тапсырмасын дұрыс орындап келген оқушыларға жол сумкасын таратады).

Үй жұмысын тексеру (1-слайд шығып тұрады: жол сумкасының  суреті )

№1121. Бірінші поезд 4 сағатта 251,6 км ,екінші поезд 5  сағатта 298 км жол жүреді. Поездардың  жылдамдықтарын тауып,салыстырыңдар.

Шешуі: 1-ші поезд жылдамдығы : 251,6:4=62,9 км/сағ.

2-ші поезд жылдамдығы : 298:5=59,6 км/сағ.

62,9>59,6

Жол сумкасына жолға керекті заттарды салуымыз керек , ол үшін Дараның сұрақтарына жауап беруіміз керек.

2- слайд ашылады . Нанды алу үшін ( нанның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Қандай тарауды оқып жатырсыңдар?

Жауап: Ондық бөлшектер . ( дұрыс жауабын жазған оқушыға нан суреті артында 1 ұпай жазылған таратылады).

3-слайд . Колбасаны алу үшін ( колбасаның суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекпен жазыңдар:

  • Нөл бүтін жүзден тоғыз:0,09
  • Он бес бүтін , мыңнан жетпіс бес : 15,075

4-слайд.Жіпті алу үшін (жіптің суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді салыстыр:

40,01 < 400,1

5-слайд.Тассай суын алу үшін (тассай суының суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді қосу

72,51+0,325=№72,835

6-слайд. Фонарик алу үшін (фонариктің суреті шығады)

Сұрақ : Ондық бөлшекті азайту

18,3-7,65=10,65

7-слайд. Компас алу үшін (компастың суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

28,04 8═224,32

8-слайд.Орманмен жүру үшін (орманның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

8,5:50=0,17

Орман (аюлардан құтылу үшін).Орманмен 1,2 сағатта 5,52 км жо жүрдік

Сұрақ: Қандай жылдамдықпен жүрдік?

Оқушылардың өздері 5,52:1,2 бөлу керек екенін айтады,яғни ондық бөлшекке бөлу керек екенін,оны өтпегенін айтады . олай болса,жаңа сабағымыздың тақырыбы:

                                          Ондық бөлшекке бөлу (мақсаты айтылады)

5,52:1,2═

1,2-де бір ондық таңба болғандықтан,бөлінгіштегі үтірді де , бөлгіштегі үтірді де оңға қарай бір цифр аттап көшірдік:

55,2:12═ 4,6 км/сағ

Ондық бөлшекке бөлуді натурал санға бөлуге келтіріп орындауға болады.

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

  • Бөлгіштегі қанша ондық таңба болса,бөлгішпен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшру керек.
  • Шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.

9-слайд. Аюлардан өту үшін ( ормандағы 4 аюдың суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекке бөлу

Мысалы: 1) 2,5:0,5 ═5                                                2)5:0,5═1

2,5:0,5═25:5═5                                            5:0,5═50:5═10

  • 9:0,09═100 9:0,09═900:9═100
  • 0,36:1,2═0,3 0,36:1,2═3,6:12═0,3

10-слайд . Қсақырлардан өту үшін (қасқырлардың суреті шығады)

№1145 шығару

13,125:1,5=8,75

13,125:1,5=131,25:15=8,75

11-слайд . Өзеннен өту үшін ( өзеннің суреті шығады)

0,385:0,77=0,5

0,385:0,77=38,5:77=0,5

12-слайд . Дельфиндерден өту үшін (дельфиндердің суреті шығады)

9,02:5,5=1,64                                                     9,02:5,5=90,2:55=1,64

13-слайд. Айдаһардан өту үшін (айдаһардың суреті шығады)

№1151. 1) 0,1х=6,     х=6:0,1  ,    х=60

2)0,2х=72,     х=72:0,2 ,         х=720:2,        х=360

14-слайд. Сандықты алу үшін алаяқтардың қателестірген үтірін дұрыста: (сандықтың суреті)

86,1:0,41=8810:4,1=210

15-слайд. Кілтті алу үшін (кілттің суреті шығады)

  • 27,1:0,1=271
  • 0,32:0,01=32

16-слайд. Есікті ашу үшін (есіктің суреті шығады)

Ондық бөлшекке бөлу ережесі

17-слайд. Қазынаны табу үшін өлең шығару (гимназия сыныбы)

Кітап-білім қазынасы

18-слайд. Үйге тапсырма : №1148