Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару

Сабақ тақырыбы:  Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Білімділігі:  Ондық бөлшектерді қоса білу, азайта білу дағдыларын қалыптастыру және  алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілетін  дамыту.

Тәрбиелігі: Тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу,  пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ түрі:  ертегілер еліне саяхат, «Бауырсақ» ертегісі желісі бойынша өткізілген пысықтау сабақ.

 

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, слайд, кеспелер

 

Әдіс-тәсілдер: практикалық жұмыс, саралап-деңгейлеп оқыту

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: оқушылар қатысымын, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Өткенді ауызша қайталау. Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережелерін еске түсіру.

ІІІ. Сабақ тақырыбын, барысын түсіндіру. (слайд 1-2).

«Бауырсақ» ертегісін бастау. (слайд 3). Ерте-ерте ертеде шал мен кемпір болыпт. Кемпір бауырсақ пісіріп суытуға терезе алдына қойыпты. (слайд 4). Сол кезде бауырсақ сыртқа домалап түсіп, орманға қарай қыдыра жөнеліпті. (слайд 5) алдынан кездескен аңдардан құтылу үшін аңдардың тапсырмаларын орындау керек. Бауырсаққа бүгін сіздер көмектесесіздер.

ІҮ. Қоян тапсырмасы.

1019-есеп. (1,2,7,8,)

Ү. Қасқыр тапсырмасы.

1020 – есеп.

2021 – есеп.

(Жекелеген оқушыларға кеспелер тарату. 1014,1026,1030-есептер)

ҮІ. Сергіту сәті.

Тапсырмалар беріледі. Дұрыс болса қолдарын жоғары көтереді, бұрыс болса төменге қолдарын созып еңкею.

 

ҮІІ. Аю тапсырмасы.

1023-есеп. 2,4

1025-есеп. 2,4

 

ҮІІІ. Түлкі тапсырмасы.

1028-есеп. 1,2,3,4

1029-есеп. 1,2,3,4

 

ІХ. Тест тапсырмалары. Кілт бойынша тексеру.

 

Х. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

 

ХІ. Сабақты қорытындылау.

 

ХІІ. Үйге тапсырма беру.

 

І) 1019, 1023, 1025 – есептердің қалғандары.

ІІ) Бақылау жұмысына дайындық.