«Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбына есептер шығару

41

Тақырып: «Ондық бөлшекті натурал санға  көбейту» тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу.
  2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
  3. Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар: кітап құралдары, үлестірмелі   қағаздар,     интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қайталау сұрақтары:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?
  2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.
  3. Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, көбейтіндідегі үтірді қалай қояды?

ІІІ. Математикалық диктант.

  • 0,02*2=0,04;
  • 0,05*6=0,3;
  • 0,003*10=0,03;
  • 0,012*7=0,084;
  • 1,003*3=3,009;
  • 2,1*4=8,4;
  • 5,0002*3=15,0006;
  • 0,003*15=0,045;
  • 0,009*1000=9.
  1. Қатені тап.

 

  1. “Қас қағым сәт”-үтірін тап:
     а) 1,83 × 10=1 8, 3;                            г) 91,065 × 100=9 1 0 6, 5;

ә) 12,085 × 100=1 2 0 8, 5;               ғ) 2,1561 × 1000=2 1 5 6, 1;

б) 7,5492 × 1000=7 5 4 9, 2;             д) 0,103 × 10=1,03;

в) 1,51 × 10= 1 5, 1;                          ж) 2,758 × 100=275,8;

з) 63,0457 × 1000=63045,7.

 

  1. Топтық жұмыс: “Кім жылдам”

І топ:  (40-(3,16 × 10+1,838))+(2,6+3,7) × 5=40-33,438+31,5=38,062.

ІІтоп:  (79-(28,31 × 4-58,9))+(2,3+1,8) × 6=79-54,34+24,6=49,26.

ІІІтоп: (83-(17,27×10-99,3))+(18,07-6,03)× 2=83-73,4+24,08=33,68.

IV топ: (95-(18,15*10-99,4))+(20,5-7,8)*4=95-82,1+50,8=63,7.

VII.Кітаппен жұмыс:

№1060

  • ;
  • ;
  • .

VIII. Топтық жұмыс: Мәселе есептер.

І топ: Меншікті жылдамдығы 19,5 км/сағ моторлы қайық ағыс жылдамдығы 2,8км/сағ өзенде ағыспен 2 сағ, ағысқа қарсы 3 сағ жүзді. Моторлы қайық барлығы қанша қашықтыұты жүзіп өтті?

S=2(19,5+2,8)+3(19,5-2,8)=2*22,3+3*16,7=44,6+50,1=94,7км

Ж: 94,7 км

ІІ топ: Жолаушылар поезында 15 вагон бар. Оның 0,6-сы купелі вагондар, қалғандары плацкарт вагондар. Жолаушылар поезында неше плацкарт вагон бар?

15*0,6=9 — купелі вагондар

15-9=6 — плацкарт вагондар

Ж: 6 вагон

ІІІ топ: «Ту-134» ұшағы 900 км/сағ жылдамдықпен, ал 0,4 сағ 850 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол барлығы қанша қашықтықты ұшты?

S=1,5*900+0,4*850=1350+340=1690км.

Ж: 1690 км.

ІV топ: бір диванды қаптауға 3,25 м, ал бір орындықты қаптауға 0,75 м мата керек. 2 диванды және 12 орындықты қаптауға неше метр мата қажет?

2*3,25+12*0,75=6,5+9=15,5 м

Ж: 15,5 м.

  1. «Арифметика кілті» кітабының авторы кім?

К. Л. Ә.

И.     А.       Ш.

11,46 34,6 34,65 73,6 106,26 167,52
Ә Л К А Ш И

Х. “Кім тапқыр?”

 

 

 

 

ХІ. Сабақтың қорытындысы. Бағалау

ХІІ. Үй жұмысы: №1053, №1057, №1061, №1062, №1063.