Ондық бөлшектерді қосу

27

Сабақтың тақырыбы:   Ондық бөлшектерді қосу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ондық бөлшектерді қосуды үйрету.

Міндеті:

а) білімділік:  оқушыларға ондық бөлшектерді қосудың әдіс – тәсілдерін  үйрету,

еркін есеп шығаруға баулу;

ә) тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық:  оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық

тілде еркін сөйлеуін дамыту.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, сызғыш, жауап парақтары.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:  түсіндіру, сұрақ – жауап, ой тудыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

а) оқушылармен амандасу;

ә) оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру;

б)  сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  1. Психологиялық дайындық.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз әрдайым

Тек көңілді бастаймыз

Білім жолымен жүреміз

Арасында ойнап та күлеміз

  1. Үй тапсырмасы: №969,970
  2. Өткен тақырыпты пысықтау. Математиикалық диктант (ондық бөлшектерді жазу).
  • ондық таңбалар дегеніміз не?
  • ондық бөлшек дегеніміз не?
  • ½, ¾, 1/10, 1/5, ¼ неге тең?
  1. Жаңа сабақ.

Мысалы:    4,21+5,47=4      +5       = 9       = 9,68

 

Ондық бөлшекті қосу үшін:

  • Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
  • Ондағы аттас разрядтар бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астаны үтір тура келетіндей) етіп жазу керек;
  • Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
  1. Есептер шығару. №990(ауызша), 993,995,997
  2. Сергіту сәті. Математикалық жаттығу жасау.

Бастапқы қалып, аяқ иыққа тең. Дұрыс жауап – қолдарыңды алға созасыңдар, қате болса – қолдарыңды жоғары көтересіңдер.

              0,7+0,2=0,9                      3,5+0,5=3

3,5+0,5=4                         0,91+0,09=2

1,2+3,8=31                       1+0,8=1,8

  1. Тест жұмысы:
  2. Ондық бөлшекті қосуды орында: 5,4+4

а) 7          в)  5,8           с) 9,4

  1. Ондық бөлшек түрінде жаз: 9:1000

а) 0,9          в)  0,009           с) 0,09

  1. Есепте 5,26+а, егер а=108,074

а) 1133,34          в) 133,334           с) 113,1

  1. Теңдеуді шеш: х-0,2=2,8

а) 3          в)  5,8           с) 3,8

  1. Х – тің орнына ондық бөлшекті жаз: 46,695<Х<46,82

а) 45,7          в)  46,7           с) 46,92

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім (оқушылармен ой бөлісу).
  2. Оқушыларды бағалау.
  3. Үйге тапсырма №200, 203
  4. Қорытынды.