Нольмен аяқталған санға көбейту және бөлу

37

Тақырыбы:  Нольмен аяқталған санға көбейту және бөлу

   Сабақтың мақсаты:

 

  1. Нольмен аяқталған санды көбейту және бөлу мен бөлуде тиімді әдісті талдап таңдауға үйрету;
  2. Есепті теңдеу құру арқылы шығару және қалдықпен бөлу дағдыларын қалыптастыру жұмысын баулу.
  3. Шапшаңдыққа,жылдам шешуге баулу.

 

 Түрі: жаңа сабақ

 Әдісі: сыни тұрғыдан ойлай отырып өз бетімен мағынаны тану.

Көрнекілігі: ақпараттық технологияны қолдану.

 Өту барысы: 1. Ұйымдастыру .

  1. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

— 10-ға  қандай сандар бөлінеді? (толық ондықтар)

— 100-ге қандай сандар бөлінеді? (толық жүздіктер)

— 1000-ға қандай сандар бөлінеді? (толық мыңдықтар)

  1. Жаңа сабақ. Сабақты қысқы спорттық ойындармен байланыстырып есептер шығару.

 

І кезең. «Шаңғы жарысы». (тақтаға 2-оқушы шығады.)

99-4·(28+12):5+24:6=71

600-(383+136:8):1+150=710

      

       ІІ кезең. «Каратэ» жаттығулары

Артық санды тап:

20,30,40,50,64,70

21,39,57,100,88,93

11,33,44,59,66,77

Осы сандардың қандай сыны арқылы таптыңыз?

  • Тұтас ондық емес (64)
  • 100 үш таңбалы сан
  • 59 санында цифрлар бірдей емес

 

       ІІІ кезең.Бүгінгі күн жадын жазу.

14.12.2010. Осы цифрларды кері тәртіппен жаз. 01022141 оқып беріңіз.

Осы сандарды разрядтік қосылғыштар түрінде жаз.

1000000+20000+2000+100+40+1

Бұл сандар тұтас миллион, тұтас мыңдық, тұтас жүздік, тұтас ондық, яғни нөлмен аяқталатын сандар.

Сабақтың тақырыбы: 0-мен аяқталатын санға көбейту және бөлу.

Мұқият қарап мына өрнектердің шығару жолын кім түсіндіріп береді? (слайд)

70·90=70·(9·10)=70·9·10=630·10=6300

70·90=6300 тұтас 7 ондық 9 ондық түрінде көбейтіп нәтижесіне көбейткіштердің 0-дерін қоса жазамын.

6300:90=6300: (9·10) =70

Қорытындылайық: 0-мен аяқталған санға көбейткенде тұтас ондықтарды көбейтіп көбейткіштердің 0-дерін қоса тіркеп жазамыз. Ал 0-мен аяқталатын санға бөлгенде тұтас ондықтарды бөліп, бөлгіштің 0-дерін  бөлінгіштен кемітеміз.       

    Бекіту. Оқулық бойынша

2-жаттығу (ауызша түсіндіру)

5-жаттығу (тақтада)

«Ралли » жарысы. Жаттығу 7 (талдау, өз бетімен)

V                        t                      S

І     ?                   8сағ            ?  320 км артық

ІІ    ?                  3сағ             ?

 

320: (8-3)=64 (км/сағ) жылдамдығы

64·8=512 (км) І машинаның жүрген жолы

64·3=192 (км) ІІ машинаның жүрген жолы

   Жауабы: 512 км, 192 км.

 

   Жаттығу 8. (тақтада 3 оқушы)

x·70=900-200              x:700=15·4                  70·x=630:9

x·70=700                   x:700=60                        70·x=70

x=700:70                  x=60·700                         x=70:70

x=10                         x=42000                          x=1

10·70=900-200           42000:7000=15·4              70·1=630:9

 

«Ауыр атлетика». Теңдеу құрып есеп шығар.

«Жеңіл атлетика». Үйге тапсырма: 6,9-жаттығу. Сызба бойынша есеп.

 

    Қорытынды.