Иррационал өрнектерді түрлендіру

524

11- сынып. Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Иррационал өрнектерді түрлендіру                                     Мақсаты:

— Иррационал өрнекті түрлендіруді үйрену;

— Ұжымда жұмыс жасау арқылы білімді өзбеттерінше меңгеру;

— Бір-біріне көмек жасай отырып, ҰБТ –ге дайындықтарын шыңдау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Activote құрылғысы,плакаттар, оқулықтар.төс белгілер.

Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдері: Ұжымдық оқыту,топта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, АҚТ, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс,жеке жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту.

Пәнаралық байланысы:Өзін-өзі тану пәні.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

«Мен саған тілеймін»   тренинг арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды  ұйымдастыру. Орнымыздан  тұрып  « шеңбер құрып»  бір-бірімізге қарап жылы тілек айту «Мен саған тілеймін… Жылы атмосфера орнауы. Сыныпты 3-топқа бөліп отырғызу.

  1. Өткен сабаққа шолу жасау:

Бір-біріне допты лақтыру арқылы сұрақ қойып, оған жауап береді.

  1. Оқушыларға бүгінгі сабақтыі тақырыбы мен мақсатын айтып кету.
  2. Жаңа материалды меңгеру:

а)Жаңа материалды оқушылар топта берілген тапсырмаларды орындау арқылы меңгереді.

1-топтың тапсырмасы:

1-ші және 2-ші мысалдардың шығарылу жолдарын талдау.

2-топтың тапсырмасы:

3-ші  мысалдың шығарылу жолдарын қарастыру.

3-топтың тапсырмасы:

4- ші мысалдың шығарылу жолдарын қарастыру.

 

 

 

ә) Ұжымда түсінгендерін өзге топ мүшелеріне түсіндіру:

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті: Оқушылар орындарынан тұрып, шағын ойын ойнайды.

«Тұрғын ,үй, дауыл»

  1. Сабақты бекіту : Жаңа құрылған топ мүшелері алған мәліметтерін жинақтап, постер құрып, оны қорғау. Оқушылар әр топты бағалау үшін «екі- жұлдыз, бір-ұсыныс» айту.
  2. Алған білімдерін практикада қолдану үшін:

Әр топ  өз орындарына отырып, топта есептер шығарады. №109,110

№109

  • (1-топ)
  • (2-топ)
  • (3-топ)

№110

  • =2 (1-топ)
  • =1 (2-топ)
  • ()2+6=30 (3-топ)

Топ мүшелері өздері орындаған тапсырмаларын тақтада қорғау. Өзге топтар дәптерге жазып алу.

  1. Оқушылардың өз жұмыстарын бағалау үшін Activote құрылғысымен тест тапсырады. Алған бағаларын күнделіктеріне қояды.
  2. Сабақты қорытындылау. Рефлексия (кері байланыс).Смайлкке өз пікірлерін жазып, тақтаға ілу.

Бүгінгі сабақта:

маған ұнағаны түсінбегенім  маған жеке көмек керек

 

 

 

  1. Үй жұмысы: Күрделі түбірлер формуласын оқу және жазу. №111 (қосымша 109(4)-110 (4))