«Математика –ғылымдар патшасы » сайысы

«Математика –ғылымдар патшасы » сайысы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:           1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  1. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
  2. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
  3. Математикалық сұрақтар
  4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
  5. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
  6. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

                                                                                                   (К.Гаусс)

  1. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

                                                                                                  (М.В.Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика-ғылымдар патшасы» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға топтарды шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

I кезең. Кезекте амандасу рәсімі І топ .     ІІ топ.     III топ.

II кезең. Тапқырлық сайыс (логикалық сұрақ).

                          I топ.

  1. Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (иә, мысалы,1,8,15,22,29-шы).
  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Кітаптың құны 1 теңге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?(2тенге)
  4. Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы алты партия ойнаған.Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?( 4партия)

                           II топ.

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
  2. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12күнде қанша жұмыртқа салады?(48)
  3. Үш метрлік 60бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек.Қанша рет аралап кесу керек?(300 рет)
  4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ. «Біліктілік» сайысы. I топқа.

  1. АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
  2. Трапецияның екі бұрышы 1120 және 650-қа тең. Оның қалған бұрыштарын есептеңдер.

                II топқа.

  1. Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
  2. Теңбүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 560-қа тең. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
  3. Математикалық сұрақтар. (әр топқа жеті сұрақтан)

                          I топқа.

  1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
  2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
  3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
  4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
  5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)
  6. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
  7. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

II топқа.

  1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
  2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
  3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
  4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
  5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
  6. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

7.Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

  1. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
  2. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
  3. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
  4. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
  5. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
  6. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
  7. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
  8. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
  9. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
  10. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы.

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.

8.613-64146√5

 

В. √64 + √25                            К.. 5√2-11√2                     Д. √180

Е. √1.21+5√2.25                      Л. (3- √5)2                         И.0,7√400

 

-4√51214√20√20

 

А.-8√7+20√7                                       С.2√5      У. √8+10√2         С.5√92 — √2300

Г.0,5√80 – 1/6√180

 

VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)

  1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
  2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
  4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
  5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
  6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
  7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
  8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
  9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
  10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
  11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
  12. 225 нешенің квадраты? (15)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.