Қолданбалы курстың тақырыбы: Экология процесіндегі математика 10-11 сыныптарға арналған

148

Қолданбалы курстың тақырыбыЭкология процесіндегі математика 10-11 сыныптарға арналған

Мазмұны

1.Түсінік хат

2.Бағдарламасы

3.Тақырыптық жоспарлауы

4.Қолданылған әдебиеттер

Түсінік хат

Бұл курс химия-биологиялық бағытта оқитын 10-11-сынып оқушыларына арналған.Аптасына 1 сағаттан барлығы 34 сағат.Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде, және қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Ерекше қарастырылған мәселелер, экожүйелік деңгейде биологиялық  маңызды өзара әсерлерге қатысты жалпы принциптерді табу, қазіргі заманғы математиканың заңдарына сәйкес олардың табиғатын ашу және осы негізде биологиялық құбылыстармен сипатталуға барабар болатын математикалық модельдеуді өңдеу. Математикалық модельдеу бойынша қазіргі заманғы зерттеулердің жағдайын тәжірибе жүзінде бағалауға пайдалана алады.Математика мен экологияның байланысы,экологиялық мәселелерді шешудегі математиканың ролі туралы.

Курстың мақсаты— Математиканың экологиямен байланысын көрсету,ашу. Математикалық білім деңгейін көтеру.Осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.оқушының  көзқарасын және жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеу.

Міндеттері:Білімділік- Математикалық білімін дамыта отырып оқушылардың жалпы білім деңгейін,экологиялық білім деңгейін кеңейту.Зерттеу, талдау синтез жасауға үйрету.Математикалық  ойлау қабілетін кеңейтуболып табылады.

Дамытушылық -оқушылардың ізденісін, тапқырлығын, зеректігін дамыту. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін жақсарту дамыту;

Тәрбиелік- нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер оқушылардың математикалық ойлауы тереңдеп,өз көзқарасын ашық білдіріуі, математика пәніне қызығушылығынң артуы,Экологиялық мәселерді талдап,зерттеп оны шешудің жолдарын қарастыра білуі.

 

 

Бағдарлама

1.Кіріспе (1 сағ)

2.Экологияның негізгі бағыттарындағы математиканың қолданылуы (11сағ)

Экологиядағы математиканың ролі. Жалпы экология туралы түсінік.геоэкологиядағы математика.Адам экологиясындағы математика

Су ресурстарындағы математиканың қолданылуы

3.Математикалық биология (4 сағ)

Табиғат цифр түрінде. Математикалық биология.

4.Қолданбалы экологиядағы математиканың қолданылуы (5 сағ)

5.Экологиялық есептер ( 4 сағ)

ҰБТ –ДА кездесетін экологияға қатысты есептер.ертінділер туралы есептер теңдеуге келтірілетін экологиялық есептер.Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің негізгі әдістері. Теңдеу-салдар.. Мәндес теңсіздіктер жүйесі. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктер.

6.Экологиялық мәселелер (4 сағ)

Қазақстанның экологиялық мәселелері .Ғаламдық экологиялық мәселелер де математиканың ролі.

7.Экология мен экономика  (1 сағ)

Экология мен экономиканың  байланысы.Экономиканың экологияға әсері

8.Бақылау зерттеу жұмыстар (2 сағ)

Кездейсоқ шаманың таралу заңдылығы. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары (математикалық күтім, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу). Таңдау әдісінің элементтері (жиілік, салыстырмалы жиілік, полигон);
9. Қорытынды  (1сағ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқу тақырыптық-жоспарлауы

Барлығы -34сағат, аптасына 1 сағат

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат саны

 

мерзімі

1 Кіріспе

 

1
2 Жалпы экология туралы түсінік  

1

3-5 Геоэкологиядағя математика 3
6-8 Адам экологиясындағы математика  

3

9-10 Су ресурстарындағы есептеулер  

2

11-12 Өсімдік ресурсындағы математика  

2

13-15 Математикалық биология

 

 

3

16-17 Табиғат цифр түрінде 2
18-20 Қолданбалы экологиядағы математика 3

 

21-22 Әлеуметтік экология 2
23-24 Экологиялық есептер 2
25 Экология мен экономика 1
26-27 Қазақстанның экологиялық мәселелері 2
28-29 Есептеулер 2
30-31 Ғаламдық экологиялық мәселелер 2
32-33 Бақылау зерттеу,

есептеулер жұмыстары

2
34 Қорытынды 1

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер                                                            

1.Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының
Оспанова Г.С., Бозашатева Г.Т., «Экология» Алматы
2.Молдахметова Г.З., Ғазалиева А.М., Фазылова С.Д.,
Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы:
3.А.Көшербаев.Тау –кен және байыту өндіріс экологиясы.
4.Е.Шілдебаев. Қызық экология. Әдебиет
5.Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.
6.Карманов В.Г. Математическое программирование. Москва, 1975.

7.Таха Х. Введение в исследование операций. Москва, 1985.

8.Орлова И.В., Половников В.А., Федосеев В.В. Курс лекций по экономико-математическому моделированию. Москва, 1993.

9.Кенжебяев С, Махмутов С. «Табигат коргау.». А., 2009

10.Ю.Глухов В.В. и др. «Экономические основы экологии», С-П., 2005 ж.

11.Аманжолов  Дж.’Т  «Методические  указания  для  проведения   практических занятий по курсу «Нормативно-экономическая оценка природных ресурсов.» А.,КазГАУ, 2007 ж.

12.Сборник кейсов но «Экономике природопользования», Гарвардский институт по Международному развитию, А., КазГАУ, 2007жг.

  1. «Закон о государственной экологической экспертизе.», А., 2007 ж..«Положение о Министерстве экологии и природных ресурсов»

14.КР Конституциясы (непзп зац)

15.Экономика Казахстана на пороге 21 века/ Под ред. К.Б Мамырова- А: Экономика, 2008