«Математика сабағында оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу арқылы табиғи қабілеттерін ашу»

71

«Математика сабағында оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу арқылы табиғи қабілеттерін ашу»

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ең мықты елу елдің қатарына қосылуы білім мен ғылымның сапалық деңгейде көтерілуіне тәуелді болмақ. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты математикалық білімге бетбұрыс байқалып отырған кезде, оқушыларға математикалық білім беру, олардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне көңіл бөлу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында көп жылдан бергі педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білім баяндауға ынталығын және математика тарихының элементтерінпайдалану         керек.

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты, тартымды есептер,математикалық софизмдер мен математикалық ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табуы керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта, ықыласын арттырып есептерді өздігінен шешуге итермелейді. Қызғылықты есептер мен математикалық ойындар, әсіресе 5,6 сыныптар үшін пайдалы.

Логикалық есептер сан жағынан бай бола тұрып, ойлау, ақыл жүгіртулерді талап етеді. Бұл типтегі есептер оқушыларды жалықтырмайды. Сонымен бірге өздері есептер құрастыруға ұмтылады.

Мысалы: 5-6 сынып оқушыларына, бұл жеке оқушымен жұмыс десе де болады, тапсырма беріп, логикалық, өтілген тақырып бойынша есептер құрсатырып, кітапшалар дайындатуға болады. 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөледі:

1.Репродуктивті деңгей – жалпыға бірдей стандартты негіздегі тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

  1. Алгоритмды деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
  2. Эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп қосымша әдебиетті қолдана отырып жауап береді.

4.Шығармашылық деңгей –оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша материалдармен жұмыс жасайды.

Дарынды оқушылардың дүниетанымын кеңейту шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмысты жүргізудің маңызы зор.  Математикалық олимпиада дайындық жұмыстардың оқушылардың қабілетін дамыту үшін маңызы зор. Дарынды оқушыларға олимпиадамен есептерді шығару жолдарын дайын, шығарылған есептер арқылы консультациялар жүргізіліп соған байланысты есеп жинақтарыдағы есептерді жекелей,топпен шығару арқылы үйренуге болады. 

ҰБТ-тің нәтижесі – ұстаздың үлкен еңбегінің нәтижесі деп есептеймін. Әрбір білім алушыны ҰБТ-ке қалай дайындалу керек, әсіресе мектеп қабырғасындағы жылын қалай тиімді пайдаланса болады деген сұрақ мазалайды. 

ҰБТ-ке дайындықты мынадай этаппен жасауға болады:

  1. Пән мұғалімінің консультациясы
  2. Төмен сынып оқушыларына репетиторлығы
  • Білім алуышның өз бетінше жұмысы

Әрбір мектеп бітіруші өз қалауымен бір 5-сынып оқушысына бекітіледі.

Он күн бойы 5-сынып оқушысына өтілген тақырып бойынша көмек көрсетіп, сол тақырыпта  материалдарына берілген тесттік есептерді шығарады, дәл солай 6,7,8,9,10 сынып оқушыларына көмек көрсетіледі.

Әрбір төменгі сынып оқушыларына көмек көрсетерде, мұғалім мектеп бітірушіге көмектесіп, дидактикамен қамтамасыз етеді.

Осылай мектеп бітіруші материалдарымен ҰБТ-ға дайындалуына болады.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын анықтай психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Сондықтан әр оқушының қабілетін дамыту әр ұстаздың міндеті деп санаймын.