Математика алғырлары

42

Математика алғырлары

Мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,      жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Сайыс барысы:                                                                                                       Құрметті оқушылар, Ұстаздар!                                                                                                 Бүгінгі сайысымызды  Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ.  Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”  Осы  сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың —  өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың  болып табылады.

Ғылымдардың    патшасы   атанған,                                                                                                        Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған                                                                                       Төзбейтін өтірікке жалғандыққа                                                                                                              Ақыл  ойды тәртіпке келтіретін                                                                                                               Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «Математика алғырлары» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Командаларды ортаға шақырайық.

1 топ — _______________________

2 топ -_______________________

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

 

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

  1. 1.
  2. 2.
  3. 3.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі – Таныстыру .

 

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,

 

 

2-кезең —«Бәйге»!

 

Бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші белгі    берсе, сол топ  жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.

                             Сұрақтар :

  1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)
  2. 80 санының 25%-і неге тең? (20)

3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)

4.Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (4 баласы бар.)

  1. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады?    (35)
  2. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)
  3. 20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек?               (9)
  4. 8. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?                            (13)
  5. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
  6. 10. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)

 

3-кезең «Бәрі бір әріптен» сайысы

Командалар «П», «С» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп  термин жазған команда- 20 ұпай, келесі- 10 ұпай

Көрермендермен ойын :

  1. Бұл саған … дейді шешесі

Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай

Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың

( сабақ )

2.Үлкендер сөзімен , өмір- ол …

1 сынып сонымен  басталады

11 сынып сонымен  аяқталады

(емтихан)

  1. 3. Әр есепте бар

Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң …. бере біл.

(жауап)

  1. 4. Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі

( Қате)

 

4-кезең -Үйге тапсырма

 

 

5-кезең-«Даналар дәрісі» кезеңі:

 

1.Математика — ғылымдар патшасы, ал арифметика — математика патшасы.

(К. Гаусс)

  1. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек.

(М. В. Ломоносов)

  1. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген математик

(Р.  Декарт)

  1. Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі.қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы. ( Қ.Сатпаев)
  2. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым.      ( әл-Фараби)

(О . Жәутіков )

6-кезең Тапқыр болсаң — талас жоқ 

  1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?           (18)
  2. 2.  Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?        ( 9)
  3. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын ,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?

(қызымсың дегені)

  1. 4. Бір азаматтың әкесі  Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович .Ол азаматтың аты-жөні кім?

(Владимир Николаевич)

5 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім

Бұл шындық , басынан аяғына дейін.

Бірақ  суреттегінің ұлы,

Менің әкемнің ұлы

Суреттегі кім?        ( Менің әкем)

6 .Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

( Бір ғана мотоцикл)

  1. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.

(1 және 2)

  1. 8. Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады?

(4=1*2*3*4=24)

  1. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады

(11*10=110)

  1. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

(53)

11 .Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.

6*(8+20):4-2=40)

12 .Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек?

(52:2=26 26+26+26+52=130 )

Жұмбақтар (көрермендерге)

  1.  Күшіне сенген бір мықты Жығып салып сегізді.                 (Шексіздік)        

 

  1.  Бірдей санды бірнеше рет,
    Көбейтуден тұрады.
    Егер оны ықшамдасаң,
    Қандай атау болады?                    (Дәреже)

 

  1. Егіз туған қос жүйрік,
    Жарыса шауып терлейді.
    Бірін-бірі көрмейді
    Дамылсыз қанша шапсада,
    Бір мәреге келмейді.                      (Параллель түзулер)

 

  1. Айналған шешу құралына,
    Төрт саны араласқан құрамына.
    «Теңдеудің түбірлері нешеу?» – деген
    Қандай сан жауап береді сұрағыма.           (Дискриминант)

 

  1. Оң сандарға қол шатырдай,
    Қалпақ болған беделі
    Квадраттасаң егер оны,
    Жоғалтасын сен оны                                     (Квадрат түбір)

 

 

Әділқазыларға сөз беріледі.

Осымен «Математика алғырлары» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!