Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

136
  Сабақтың тақырыбы:   Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Сілтеме: Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева, Г.П. Жетпісбаева Математика дидактикалық материалдар, оқыту әдістемелік кітапшасы.

9-15 беттер

Сабақтың мақсаты: Таңбалары әр түрлі сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, есептер шығарту.
Нәтиже: 1. Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдануды меңгереді.

2. Өз беттерінше есептер шығара білуге қалыптасады.

3. Сандар жөніндегі білімдерін кеңейтеді.

Түйінді идеялар: Оқушылардың топпен жұмыс істеуге, сыни тұрғыдан ойлануға бағыт бағдар беру.
Әдіс-тәсілдері:  Топқа бөлу, сұрақ қою, талдау-талқылау, ойын элементтері
Негізгі дереккөздер: 6 – сынып оқулығы, қосымша оқулықтар, интербелсенді тақта
Психологиялық ахуалды орнату. Ұйымдастыру кезеңі   2   мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу.

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Сынып тақырыпқа сәйкес топқа бөлінеді.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

                                                                         I. Қызығушылықты ояту  8  мин (Топпен жұмыс)
Миға шабуыл. Өткенді еске түсіру.

1. Топ атын қорғау.

2. Әр топқа «Сақина ойыны» беріледі.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Сақинадағы белгісіз сандарды дөңгелекшелерге қойып, есептеп табады.  Әр топ бір-бірін бағалайды. Жауаптардың дұрыстығы тексеріледі, топ аралық бағалау жүргізіледі. «Бағдаршам» стратегиясы қолданылады.

 

 

II. Сабақтың негізгі бөлімі   10  мин
1. Тапсырмаларды топтарға бөледі, постер таратады. Жалпы топтарға сабақтың тақырыбына сай эссе жазу тапсырылады.

 

1-топ: Ертегі құрастыру

2-топ: Табиғатпен байланыстыру

3-топ: Күнделікті тұрмыста қолданылуы

 

 

1. Рационал сандарды қолданып, ертегі жазады, суреттейді.

2. Сабақ тақырыбына сай мысалдарды табиғат құбылыстары арқылы жазады, суреттейді.

3. Күнделікті өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Бағалау  «Бағалау критерийі»  бойынша жүргізіледі.

 

 

 

III. Мағынаны тану    18  мин

2. Әр түрлі есептерді топтарға бөліп беріп, постер таратады.

1-топ:

 

1. Амалды орындаңдар:
 

2. Шаршының қабырғасы АВ. Оның ұштары А(-3,4), В(5,6). Шаршының ауданын және периметрін табыңдар. Бірлік кесіндіні 1 см деп алыңдар.

 

2-топ:

 

1. Теңдеуді шешіңдер:

 

 

2. Шеңбердің центрінің координатасы О(-3)- тең. Шеңбер координаталық түзумен В(1) және С(-7) нүктелерінде қиылысады. Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңдар.

 

3-топ:

 

1. Өрнектің мәнін табыңдар:

, мұндағы  a= -2,  в= -1

 

2. Шеңбердің центрі координаталық түзуде 3-те орналасқан: О(3). Егер шеңбер диаметрі 8-ге тең болса, шеңбер координаталық түзуді қандай нүктелерде қиып өтеді.

 

Жұмыстың орындалуын қадағалайды, бағыт береді.

 

 

Әрбір топ берілген есептерді

шығарады, түсіндіреді.

Постерде орындаған жұмыстарын тақтаға іліп, қорғайды. Топ аралық бағалау болады.

IV. Сабақты бекіту   2  мин
Есептер құрастыру.

 

Әр топ сандардан, амал таңбаларынан санды өрнектер құрастырады. Өрнектердің санына сай топ жұмысына баға беріледі.

 

V. Қорытындылау   2  мин
Мұғалім топтардың жұмысына қорытынды жасайды.
VI. Бағалау   1  мин
Критерийлерді ескере отырып қорытынды баға шығару. Белсене қатысады. Әр топ осы сабақ бойынша жинаған балдарының орта балы бойынша бағаланады.

 

VII. Үйге тапсырма   1  мин
Үйге тапсырма беру. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алу.
VIII. Рефлексия   1  мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша қорытындылау. Өздерінің пікірлерін, сезімдерін таратылған парақшаларға екі сөз, бір тілек жазып, жабыстырады.