Сан аралықтары

48

Математика  6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары

Мақсаты: Теңсіздіктердің шешімдері жиынын сан аралығында кескіндеуді, теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды үйрету;

Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, нақтылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін әрі қарай жетілдіру.

Көрнекіліктер: карточкалар, таблицалар, тест тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені
  2. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру, үйге берілген тапсырманы пысықтау.
  3. Жаңа сабақ /негізгі ұғымдар/
  4. Негізгі ұғымдарды бекіту
  5. Ауызша жаттығулар
  6. Есептер шығару
  7. Кестемен жұмыс
  8. Сергіту сәті
  9. Үйге тапсырма беру, сабақ қортындысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-деп бүгін білімнің биік шыңының асуларын ала біліңдер.

Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын тудыру

Үлкен кіші сандарды сен,

Ажыратқың келсе, егер

Қандай  таңба қояр ең? /теңсіздік/

  1. Осыған дейін теңсіздік жайлы не білеміз, еске түсірейік, ол үшін алдарыңда 5 фигура бар , «Еркің білсін!» ,фигура таңдау арқылы оқушылар сыртындағы сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

Тапсырма: теңсіздіктің шешімдерін таптық қой ,

шешімдерін координаталық түзуде кескіндейік

А. 1< х£5

2,3,4,5. Шешімі болмайтын шеткі нүктені  шеңбермен, шешімі болатын нүктені дөңгелекпен кескіндейміз.

(1;5]   оқылуы :1-ден 5-ке дейінгі аралық 5-тің өзін қоса,/жартылай интервал/

Ә.  Келесі теңсіздікке назар салайық : 1£ х<5

Алдыңғы теңсіздікпен салыстырайық , айырмашылығын айтып қорытынды жасауға тырысайық :

Сонымен айырмашылығы неде? Оң жақ шеткі нүкте 4 саны, 5 саны енбейді,

шешімдері 1,2,3,4 [1;5) оқылуы:  1-ден 5-ке дейінгі аралық 1-дің өзін қоса/ жартылай интервал/

Б. 1< х<5 шешімдері : 2,3,4 (1;5) 1-ден 5-ке дейінгі аралық / интервал/

В. 1£ х£5 шешімдері: 1,2,3,4,5 оқылуы: 1 ден 5-ке дейінгі аралық 1 мен 5 тің өзін қоса; /кесінді/

Г. х³3 /сәуле/

Д. х<3/ ашық сәуле/

  1. Сан аралығының түрлері: жартылай интервал, интервал,кесінді,  сәуле, ашық сәуле, сандық түзу
  2. Есептер шығару (ауызша) №986 (7;15);
  3. [-5;5];3.(6;+ ¥); 4. (-¥; 9); 5. (2; + ¥); 6. [0; + ¥);
  4. 987,988,997,1002

IVI, 990 /өздік жұмысы, таблица/

IVI Сергіту сәті

1./Теңсіздік таңбасы өзгереді, теңсіздіктің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орынын ауыстырса; /ие/

  1. а<d а мен d-ның айырмасы оң сан; /жоқ/
  2. Санды теңсіздік дегеніміз құрамында сандар бар теңсіздік; /ие/
  3. Нөл теріс сан /жоқ/

IX Үйге тапсырма: 996/1002 есеп сияқты, 1004, сұрақтар 1-4, 224 бет

 

Ойын «Жұбын тап  »   ойын шарты берілген теңсіздіктердің  белгіленуі дұрыс емес, дұрыстарын тауып қатарына жазу қажет

реті теңсіздік белгіленуі дұрысы
1 -2< х<2,5 (-2;2,5]
2 -2£ х£2,5 (-2;2,5)
3 -2£ х£2,5 (-2;2,5]
4 х³-2 (-¥; -2)
5 х>2 (2; +¥)
6 х£2,5 [2,5; +¥)
7 х<2,5 (-¥; 2,5]