Аралас сандарды азайту

Математика              5 «Б» сыныбы            

 

Сабақтың атыАралас сандарды  азайту
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсатыv   Аралас сандарды  азайту туралы мағлұмат беру.

v   Аралас сандарды азайту тәсілдерін  үйрету.

v   Тапсырманы орындауда өзара жұптасып,  топтасып  жұмыс жасауға     тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижеv  Аралас сандарды  азайту туралы мағлұмат алады.

v   Аралас сандарды азайту тәсілдерін  үйренеді.

v  Тапсырманы орындауда өзара жұптасып,  топтасып  жұмыс жасайтын болады.

 

Негізгі  идеялар І.Бөлімдері  бірдей  аралас  сандарды азайту  үшін :

1.    олардың  бүтін  бөліктерінің  айырмасын ,  бөлшек  бөліктерінің  айырмасын  табу  керек.

2.    бүтін  бөліктерінің  айырмасы мен  бөлшек  бөліктерінің  айырмасының  қосындысын  аралас  сан  түрінде жазу керек 

ІІ.Бөлімдері әр  түрлі аралас  сандарды азайту  үшін :

1.    аралас  сандардың  бөлшек  бөліктерін  ең  кіші  ортақ  бөлімге  келтіру керек;

2.  бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.      

Тапсырмалар Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс,сұраққа жауап)
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Есептер шығару»
ТапсырмаларЖеке жұмыс     « Тест »

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 3 минут)

  1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу,  топтастыру.
  2. Оқушыларды топқа бөлу( 3 топқа бөлу)

ІІ.  Менен сұрақ, сенен жауап  (сұрақ –жауап)  (4 минут)

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ?
  2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?

 

  ІІІ. Топтық  жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут)

Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды.

І.Бөлімдері  бірдей  аралас  сандарды азайту  үшін :

  1. олардың бүтін  бөліктерінің  айырмасын ,  бөлшек  бөліктерінің  айырмасын  табу  керек.
  2. бүтін бөліктерінің  айырмасы мен  бөлшек  бөліктерінің  айырмасының  қосындысын  аралас  сан  түрінде жазу керек.

Мысалы :

ІІ.Бөлімдері әр  түрлі аралас  сандарды азайту  үшін :

  1. аралас сандардың  бөлшек  бөліктерін  ең  кіші  ортақ  бөлімге  келтіру керек;
  2. бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.

 

Мысалы :

 

ІІІ.Натурал  саннан  аралас  санды азайту  үшін  натурал  санды  аралас  сан  түрінде  жазу керек.

Мысалы :

ІV.  Аралас саннан  натурал  санды азайту.

Мысалы :

ІV. Жұптық  жұмыс  (15 минут)

 Оқулықтағы № 690-693 есептер

  1. Жеке жұмыс  « Тест » (10 минут)

Мұғалім екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.

 

 

 

VII.Кері байланыс. Рефлексия. (Не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)

 Әр оқушы стикерге жазып тақтаға іледі

Кейінгі тапсырмаларЕсептер шығару.
Кейінгі оқуЕреже жаттау.