Жай бөлшектерді көбейту Есептер шығару

37

Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Есептер шығару

Мақсаты:    Білімділік:  Жай бөлшектерді көбейту ережесін есептеулерде              қолдана білуге  үйрету;

 Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын  жетілдіру, жеке даралық қасиеттерін арттыру;

     Тәрбиелілік:  Ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке баулу;

Күтілетін нәтиже:

  1. Тақырыпты жан-жақты меңгереді;
  2. Оқыту үрдісінде ұлттық педагогиканың қолданылуы арқылы елжандылыққа тәрбиеленеді;
  3. Логикасы дамиды;

 

Сабақтың типі: Жинақтау.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Оқыту формасы: Жеке, топтық

Әдіс-тәсілдер: Ойын арқылы оқыту технологиясының элементері

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет және тіл

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Кезекшінің көмегі арқылы оқушыларды түгелдеу

Оқу құралдарын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту

«Хан талапай» ойыны арқылы өтілген тақырыптан алған білімдері тексеріледі. Ойынға екі ойыншы қатысады. Кезектесіп асықтарды атып, сұрақтарға жауап береді.

1-сұрақ: Бөлшектер қалай көбейтіледі?

2-сұрақ: Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеді?

3-сұрақ: Аралас сандардың көбейтілуін түсіндіріңіз?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту

 

ІV. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, біз бүгін «Жай бөлшектерді көбейту» тақырыбы бойынша  есептер шығармыз. Сабағымыз «Алтын қақпа» телеойыны негізінде өтіледі.

 

І. ТАС  қақпа тапсырмасы:

/ Тас қақпаны ашу үшін алдымен төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет. Сонда ғана тас қақпаның қақпасы ашылып, оның тапсырмасын орындауға жол алады./

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

/ сызғыш, линейка/

  1. Он екіге жетіп,

Жүрген кері кетіп.

/ сағат, часы/

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.

/ натурал сан, натуральные числа/

 

/ жоғарыдағы сұрақтарға жауап алынған соң тас қақпаның есептері шығарылады./

№779-есеп. Шарты: Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік  қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамдау.

 

1

 

 

 

2

 

3

 

4

 

ІІ. КҮМІС  қақпа

  1. Квадраттың қабырғасы – 10 см. Ауданын тап. /100/
  2. Квадраттың қабырғасы – 9 см. Периметрі нешеге тең? /36/
  3. «К» әрпінен басталатын математикалық сөздерді ата / Көбейту, км, кесінді, көлем/

№788-есеп. Шарты: Амалдарды орындау.

№791-есеп. Шарты: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеңдер.

ІІІ. АЛТЫН қақпа

  1. 1 тонна мақта  ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?
  2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі? Бір жұмыртқа пісу үшін  неше минут уақыт  керек?
  3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы – бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

№780-есеп. Шарты: Тік төртбұрыштың ұзындығы  см, ені   см. Оның ауданын табу керек.

шешуі: S=a*b

 

 

Табу керек: S-?                                                    Жауабы:

 

№785-есеп. Шарты:  Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу

Сергіту  сәті

Логикалық есептер

 

  1. 3 санына байланысты қандай ұлттық ұғымдарды білесіз?

/ үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, үш жұрт/

  1. 7 санының мағынасы. / 7 ата, 7 қазына, 7 күн, 7 жұт/
  2. Қазақша өлшем бірліктері / елі, сүйем, қарыс, адым, шөкім, шымшым, атам, тұтам, білем құлаш, т.б./

VІ. Жаңа сабақты бекіту

Тест

  1. Қосуды орында

975:(25*13)*305-908 = 7

А. 6                           В. 8                        С.9                  Д. 7

  1. Теңдеуді шеш 9(х-4) = 207

А. 17                          В. 13                     С. 24               Д. 27

  1. Көбейтуді орында 679*79=

А.                               В                            С                     Д

  1. Бөлшекті қысқарт 10хzу/15хуz

А. 2хz/5у;                  В. 2у/3х                 С. 5у/3z          Д. 10у/15х

  1. Өрнекті ықшамда 3х-4ху-х(2у-5)

А. -6ху-2х                 В. 8х-6ху               С.  8х-2ху      Д. 8х+2ху

 

VІІ. Жаңа сабақты қорыту

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика» — деп ұлы ғалым М.В.Ломоносов айтқандай,  ғылымның түрлі  саласын меңгеруге, жан-жақты болып өсуге математика  пәнінің ықпалы зор. Сондықтан осы пәнді жақсы игеруге бар күштеріңізді жұмсауларыңыз қажет, балалар. Бүгінгі сабақ арқылы біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.

VІІІ. Үйге тапсырма

№789-есеп. Шарты: Амалды орында.

№790-есеп. Өрнектің мәнін тап.

 

ІХ. Білім бағалау.

Оқушылар білімі  бағаланады

 

р/с Оқушының аты-жөні Өз бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға