Кері есептер

90

Сабақтың тақырыбы: Кері есептер

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға кері есептер туралы түсінік беру.

Кері есеп құруға үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін,ойлауын,зейінін,есте сақтауын дамыту.

3.Қоршаған ортаны таза ұстауға,әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,ойын түрлері.

Көрнекілігі:көктемгі орман суреті,аңдар,бәйшешек,белсенді тақта.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,ана тілі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

-психологиялық дайындық

2.Қызығушылықтарын ояту:

Күн ұзарып,қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?(көктем)

-Көктем айларын атаңдаршы?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Алда қандай көктемнің алғашқы мерекесі келе жатыр?

-Бұл кімдердің мерекесі?

-Көктемде табиғат оянады,

Қар астынан қандай гүл шығады?(бәйшешек)

-Сендер анарыңа бәйшешек сыйлағыларың келе ме?

-Ендеше көктемді шақырайық.(көктем келеді)

Көктемнің сиқырлы таяғы бар екен біз одан бір себет бәйшешек сұрайық(оқушылар гүл сұрайды)

Бірақ көктемнің қолындағы сиқырлы таяғының сиқырлы күш қуаты таусылып қалыпты,олай болса біз сиқырлы таяқтың  күш қуатын орнына келуіне көмек берейік.Біз ол үшін орман ішіндегі аңдардың,құстардың тапсырмаларын орындайық.

-Кәне көзімізді жұмайық (тақтаға көктемгі орманның суреті ілінеді)

-Балалар орман іші түнеріп тұр,жарқырап тұру үшін не болу керек?

-Күн.

-Күніміз жарқырасын десек мына сандарды дәптерімізге көркем етіп жазып шығайық:

1.8 9

9 8

  1. Балалар мынау қандай аң?

-кірпі

-Кірпі туралы не білесіңдер?(оқушылар өз ойларын айтады)

-кірпінің тапсырмасы:

3.Өткен тақырыпты қайталау

Математикалық тапсырма

4+1               7-2                   8+2

6-6                 5+0                  10-4

7+3                2+3                   7-4

(слайд арқылы тексеру,бағалау)

-Балалар мынау қандай аң?

-аю

-Аю туралы не білесіңдер?(оқушылар аюдың қыста қайда  ұйықтайтынын,оның балаларынқалай атайтынын айтады)

-Аюдың екі тапсырмасы бар екен.

4.Жаңа сабақ: «Кері есеп»

(слайд арқылы түсіндіру)

1 тапсырмасы:

а) Көк шар-5

Қызыл шар-?,3-еуі артық

Ш:5+3=8(ш)

Жауабы:8 қызыл шар.

ә) Қызыл шар-8

Көк  шар-?,3-еуі кем

Ш:8-3=5(ш)

Жауабы:5 көк  шар.

б) Қызыл шар-8              ? артық

Көк  шар-5

Ш:8-3=5(ш)

Жауабы:көк шардан,қызыл шардың 3-еуі артық.

Бұлар- кері есептер.

2 тапсырмасы:

Мына есепті шығарып,оған  кері есептер құрастыр.

Орманнан 3 қонжық және 2-еуі артық кірпінің баласын көрдік.Кірпінің баласы нешеу?(1 оқушы есепті талдай отырып шығарады, тақтаға 2 оқушы шығып кері есеп құрастырады)

-Жарайсыңдар,әрі қарай жол жүрейік.Аспанда құстар ұшып жүр,бұл қандай құстар?

-ұзақ

-Құстар туған жерлеріне оралып балапан басуға дайындалып жатыр (оқушылар құстар туралы білетіндерін айтады)

-Осы жерде демалып алайық.

 

5.Сергіту сәті:1,2,3 қарлығаш боп ұш,

4,5,6 қарлығаш боп қалқы,

7,8,9,10 қарлығаш боп қон.

Құстардың тапсырмасы:

Үш қатардан үш оқушыдан шығып,салыстыруға арналған есептер шығарады:

4+6*6+4                      5+3*5+4                     3+2*3+0

7-2*9-3                        4+4*4+0                     8+0*8-8

Балалар қараңдар біздер бәйшешекті таптық.Қызыл,сары бәйшешектер көп екен.

Енді бәйшешегімізді жинап алу үшін өткенді қайталау мақсатында математикалық тестті  орындап жіберейік.

(Дайын парақты таратып беру,шығарту,слайд арқылы тексеру,бағалау)

Міне,балалар көктемнің сиқырлы таяғына сиқырлы күш қуаты қайтып келді.Көктем сіздерге рахмет айтып,бір себет гүл сыйлайды.Біз де көктемге әдемі көктемгі гүлдер үшін рахмет айтайық.Енді мектепке оралайық.

6.Қорытынды:Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен таныстық?Қандай жұ-мыстар жүргіздік.Сабақ сендерге ұнады ма?

7.Бағалау:Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтап,мадақтау,бағалау.

Себеттегі гүлдерді таратып беру.

8.Үйге тапсырма:154 бет №4 есеп.

№3 Алға орта мектебі

1 «в» класс

Өткізген:Қабдылдина А.Ж.