Қиялды дамыту сабағы

116

Сабақтың тақырыбы:   Қиялды дамыту сабағы

Мақсаты:  1.Тақырыптың мазмұнымен таныстыру, математикалық

амалдарды орындауға есептер шығару.берілген сөздердің қатесін

табуды ұғындыру

  1. есептерді қатесіз шығаруға, дәлдікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
  2. ойлау, есептеу қабілеттерін, есептеу дағдыларын дамыту.Арифметикалық

амалдарды орындай білуге дағдыландыру

Сабақтың типі:  білімжі тиянақтау

Әдісі:  талдау,   кестемен жұмыс

Көрнекілігі:   кестелер, санжұмбақ

 

Жүру  барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Өткен сабақта өтілген материалдарды қайталау
  4. Жаңа сабақ бойынша мағлұматтар беру

 

Ширату

  • Сен оны қусаң, р қашады, ал сен одан қалсаң ол қуады. Ол не?
  • Жерде жорғалайды, ал өзіне жақындатпайды.
  • Сынған кеседе не қалады.
  • Бір-біріне қатты ұққсас екі бала.
  • Қыздардың мойнына тағатын әшекей
  • Егер ол болмаса, ештеңе айтпас едім
  • Ең қысқа өсімдік

 

1-бөлім:  Бір-біріне  ұқсамайтын үш көбелектің  суретін сал және бля

 

2-бөлім. Қуанған, мұңайған, таңданған және ашуланған баланың суретін сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-бөлім: «Математикалық жұмбақ» ойыны.Кестені толтыр.

 

 

1 2 3 4
5 6 7
8 9 10
11
12 13 14

 

 

 

Тігінен:

  1. 9 –дың 7-ге көбейтіндісі
  2. 54+23-35 өрнегінің мәні
  3. 1000 санының алдында тұратын сан
  4. 5000-4925 сандарының айырмасын тап.
  5. 598-580 айырмасы неге тең
  6. Кіші санды жаз: 2456,  7871, 462,  92,  8540,  101
  7. 9609 бен 9571  сандарының айырмасын тап.
  8. 8 ондықты  8 бірлікке кеміт.
  9. 2064 пен 24сандарының бөліндісін тап.
  10. 2070:15-66 өрнегінің мәні неге тең..

Көлденеңнен:

  1. 43+37-8 өрнегінің мәні
  2. 6 –ның 8-ге көбейтіндісі
  3. 1096 және 997 сандарының айырмасы
  4. 7 және 5 сандарының көбейтіндісі
  5. Азайғыш 3670, азайтқыш 3652
  6. 45 санын 54- ке арттыр.
  7. 8 ондықты 7 бірлікке кеміт.
  8. 87 санынан кейінгі сан.
  9. 6140 пен 2790  сандарының қосындысынан 8855 санын азайт.
  10. Үш жүздікті он есе кеміт.
  11. 625-тің 25- ке бөліндісі
  12. Ең үлкен бірліктердің көбейтіндісі неге тең?

 

4-бөлім. «Дұрыс па?» ойыны. Қатесі болса, түзет.Артық сөзді  сыз.

Тауық еті қатты дәмді екен.

Әсем еттен орап орама жасады.

Балалар Медеу мұз айдынына мұздан  конькимен сырғанауға барды.

Жел қатты күшейе бастады.

 

  1. Оқушылардың жауабын бағалау

 

 

Көк                               — өте жақсы

 

Жасыл                          —  жақсы

 

Сары                             — орташа

 

 

 

Қызыл                           -ойдағыдай болмады

 

7.Үй жұмысын беру.  Берілген кестедегі есептер шығарылып тұр, алайда олардың шығарылуында кейбір қателіктер бар.Жаубы дәл келетіндей етіп, қатесін дұрыста.

 

  1. Қорытындылау Нені білдік? Нені үйрендік?