Бұрыштың түрлері (есептер шығару)

89

Сабақ тақырыбы: Бұрыштың түрлері (есептер шығару)

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Бұрыш», «Бұрыштың түрлері» тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
  2. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
  3. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).

Пәнаралық байланыс: информатика, математика, тарих

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
  2. Үй жұмысын тексеру.

Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.

  • Бұрыш дегеніміз не?
  • Бұрыштың қандай элементтері бар?
  • Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
  • Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?
  • Транспортир не үшін қажет?

 

 

Презентация көмегімен келесі анықтамалар мен қасиеттерді қайталаймыз:

  • Тік бұрыштың градустық өлшемі;
  • Сүйір бұрыш;
  • Доғал бұрыш;
  • Толық бұрыш;
  1. Бұрыштардың түрлері тақырыбына есептер шығару.

№1

  • Жазыңқы бұрыштың 50%-ті, 25 %-ті нешеге тең?
  • 150° -тың 30%-тін табыңдар.

№1479, №1480 тапсырма (кітаппен жұмыс)

Сөзжұмбақ

  1. Тік бұрыштың жартысы неше градусқа тең?
  2. Транспортир бұрышты өлшеуге арналған …
  3. Бұрыштың өлшем бірлігі
  4. 180°-қа тең бұрыш қалай аталады?
  5. Сүйір бұрыш 90°-тан …

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма беру. §44. Бұрыштардың түрлері 299-бет
  2. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісімен бұрыштың анықтамасын және оның элементтерін, қайталап шығу. Оқушыларды бағалау.