Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу

111

Қысқа мерзімді жоспар

8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.

 

Пән: алгебра 29.04.2013 Сынып 8
Сабақтың  тақырыбы   Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Сілтеме Алгебра 8-сынып оқулығы

8-сынып дидактикалық материалдар

8-сынып алгебрадан есептер жинағы

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Жалпы  мақсаты Оқушыларға тақырып бойынша толық және терең білім беру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

 

 

 

 Оқу  нәтижесі

— Өз пікірін айтуға, басқаның  ойын  сыйлауға   үйренеді.

– Пікір  таласуға   үйренеді .

-Топпен  жұмыс жасай  отырып  балалар  еркін  ойлауға,  емін-еркін сөйлеуге дағдыланады.

Туындайтын  идеялар Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуде берілген есептерді топпен жұмыс жасау барысында талқылап, шығарып  оқушылардың білімдері толыға түседі
 

Тапсырмалар

1.      Ұйымдастыру кезеңі(«Көтеріңкі көңіл-күй» психологиялық тренинг)

2.      Үй жұмысын тексеру(слайд арқылы)

3.      Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы(«Қайталау – оқу анасы»

сәйкестік тест)

  1. Жаңа сабаққа дайындық(«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)
  2. Жаңа сабақты меңгеру(оқушылар өздіктерінен түсіндіреді)
  3. Сергіту сәті
  4. Сабақты бекіту(оқулықпен жұмыс)
  5. Сабақты пысықтау(деңгейлік тапсырмалар)
  6. Сабақты қорытындылау(қорытынды алгоритмі)
  7. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)
  8. Үй тапсырмасын беру
  9. Бағалау
— Бір-бірлерін жылы лебіздерін білдіреді.

Топқа бөлінеді

— Бірін-бірі тексереді, ұпай беріледі

-Пысықтау сұрақтары  бойынша   сұрақтарға жауап береді.

-топпен жұмыс

-«Математикалық домино» ойыны

-топтық жұмыс

-оқулықпен жұмыс

-деңгейлік тапсырма

— рефлексия

-өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау

 

 

 

І. Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  Сыныпқа психологиялық ахуал туғыза отыра, сыныпты төрт топқа бөлемін(үшбұрыш, трапеция, параллелограмм, ромб).

Әрбір балаға  нәтижелік карта  үлестіріледі. Оны оқушы сабақ бойы толтырып отырады.

 

Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау – оқу анасы» «Ой қозғау» Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Барлық ұпай саны Қорытынды бағасы
Ұпай саны

ІІ. Слайд бойынша бірін-бірі тексереді, бағалайды (Әр дұрыс жауап 1 ұпай).(7 мин)

ІІІ. Қайталау

1) Сәйкестік тест

D [ -1;4)
C ( -1;4]
В [ -1;4]

      

 

2) Функциялардың графиктері бойынша формулаларын жазыңдар:

1-топ(үшбұрыш)                                2-топ(трапеция)

 

3-топ(параллелограмм)                     4-топ(ромб)

 

3) Сан аралықтарын кескіндеу:

1-топ                                            2-топ

[-2;4]  ∩  [1;6] =                          [-9;4) È (1;6] =

 

3-топ                                            4-топ

[-4;1] ∩ [3;7] =                            (-2;4)  È  [1;6] =

ІҮ. «Ой қозғау»

  • Математикалық домино ойыны
  • Бақылау сұрақтары

Ү. Жаңа білім.

Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар, жағдаяттар ұсынылады:

— Біз теңдеу мен теңсіздік туралы сөз қозғадық. Ендеше, квадрат теңсіздік дегеніміз не? – еске түсіріп көрелік.

— Квадрат теңсіздікті шешудің неше әдісі бар?

— Қатаң және қатаң емес теңсіздіктердің айырмашылығы неде?

— Интервалдар әдісімен шешуді қалай түсінесіңдер?

ҮІ. Сергіту сәті. Оқушыларға қызықты, логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. (6 мин)

Оқушыларға 12 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді, қате болса алға созады.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс:

І топ(үшбұрыш) — №296(3), ІІ топ(трапеция) — №296(4), ІІІ топ(параллелограмм) — №297(3), ІҮ топ(ромб) — №297(4) есебін түсіндіре  отырып тақтаға орындайды. Қалғандары осы есепті дәптерге орындайды. Болған соң тексеріледі және сұрақтарға жауап береді.

Дарынды оқушы

 

ҮІІІ. Сабақты пысықтау.

Деңгейлік тапсырмалар: (Жауабын тақта арқылы әркім өзін тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай) (8 мин)

А деңгейіндегі есептер.

1-топ      (х — 1) (х + 4)≥0                                      3-топ  (x-8)(x+11)<0

x –1 =0        x+ 4 =0                                          x-8=0        x+11=0

x=1              x=-4                                               х=8           х=-11

Жауабы: (-∞;-4]  [1; +∞)                                  Жауабы: (-11;8)

2-топ      (х+2) (х-3)<0                                          4-топ (х+7) (3- х ) < 0

x+2=0      x-3=0                                                x+7=0          3-x=0

x=-2        x=3                                                    х=-7              х=3

Жауабы: (-2; 3)                                                     Жауабы: (-∞; -7) (3; +∞)

В деңгейіндегі есептер.

1. -2х2 – 5х +30                                                   3. x(2-x)>0

D=25+24=49;     x1=-3;       x2=0,5                            x=0   2-x=0

-2х2 – 5х +3=-2(x+3) (x-0,5 )                                              x=2

Жауабы: (-∞; -3]  [0,5; +∞)                               Жауабы: (0; 2)

2. –x2 – 2x + 8>0                                                    4.  -2х2-х+6

D=4+32=36                                                                 D= 1+48=49

x=-4     x=2                                                                  x1=-2           x2= 1,5

–x2 – 2x + 8= -(x+4) (x — 2)>0                                    -2х2-х+6х-2=-2(x+2) (x-1,5)

Жауабы: (-4; 2)                                                           Жауабы:  [-2; 1,5]

С деңгейіндегі есептер

1. 5х(3+x) (x — 9) <0                                                 2.  5x2-2x-30

5x=0    3+x=0     x-9=0                                                  D=4+ 60 = 64;  х1= 1       x2= -0,6

x=0      x=-3       x=9                                                      5x2-2x-3 =5(x -1)(x+0,6)

Жауабы: (-∞; -3) (0; 9)                                             Жауабы: [-0,6; 1]

3. 3x2 -7x +2 <0                                                        4.  – 2x2 -5x +30

D=49 – 24 = 25;    х1= 2      x2=                                 D= 25 + 24 = 49;   х1= -3   х1=0,5

3x2 -7x +2=3(х-2)(х-)0                                            – 2x2 -5x +3 =- 2(x+3)(x-0,5)

Жауабы: (; 2)                                                              Жауабы: [-3; 0,5]

ІХ. Сабақты қорытындылау(әр топ квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады).

Х. – Енді  «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

  • Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
  • Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
  • Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

ХІ. Үйге тапсырма беру.

  • «Интервалдар әдісі» тақырыбы бойынша № 296(1,2), №297(1,2) есептерді есептеп келу.
  • Тест

1.  аx+b>0, ax+b<0 түріндегі теңсіздік …

деп аталады.

a)      Квадрат теңсіздік        b)Сызықтық теңсіздік      c)Биквадрат теңсіздік

2.  аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік …  деп аталады.

a)      Квадрат теңсіздік      b)Сызықтық теңсіздік       c)Биквадрат теңсіздік

3. Нақты R сандар жиынын сан түзуі деп атайды. Оны теңсіздік түрінде … белгілейді.

a)      (-¥;¥)              b) [-¥;¥]             c)[0 ; ¥)

6.   X<3 теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды табыңыз

a)      3                      b) 2                       c)0

7.    x≥-5 теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз

a)      -4                    b)0                        c)-5

8. 2X-1<3 теңсіздігінің оң шешімін табыңдар?

a)      (-¥;2)             b)(0;2)                  c) (1;2)

9. -2X-5<-3 теңсіздігінің теріс шешімін табыңдар?

a)      (-1;¥)             b)(-¥;-1)               c)(-1;0)

10. -x2+6x-5≥0 теңсіздігін шеш:

a)      [1;5]               b)(-¥;1]È[5;¥)      c)[2, 3]

ХІІ. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып практикалық жұмыстарды орындаған ұпайларына байланысты бағаланады.

6 – 12 ұпай — «3»

13 – 20 ұпай — «4»

21 – 42 ұпай — «5»