Қысқа мерзімді жоспар 8-сынып алгебра пәні

Қысқа мерзімді жоспар

8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.

 

Сабақтың дидактика

лық кезеңдері

Жұмыс бағыттары мен әр дидактикалық кезең мақсатыСабақтағы дидактикалық кезең мазмұныЖұмыс тәсілдері, әдіс-формаларыБерілетін уақыт
Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру,  зейінін  мақсатқа бағыттау.Тәсілі: Сұрақ- жауап

Формасы: ұжымдық.

1 мин
Мақсат қоюСабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар мақсатты  жұмыс бағыттарын анықтау.Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуді зерттеуТәсілі: қысқаша мәлімет беру1 мин
Жаңа сабаққа дайындық«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы:

·  «Математикалық домино» ойыны

·  Бақылау сұрақтары

 

Өткен тақырыптарға шолуТәсілі: топтық жұмыс2 мин
Жаңа сабақты түсіндіру·  Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады;

·  Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;

·  Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;

·  Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау;

Сан осі, сан осіндегі нүктенің координатасы, теңсіздік, теңсіздіктердің қасиетін, теңдеу, квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу анықтамасына, формулаларына, өздеріне анықтамасын тұжырымдату.

 

Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу;

 

Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Тәсілі: топтық

 

 

5-10 мин
Жаңа сабақты бекітуТөмендегі есептерді орындата отырып өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде  ізденіске жағдай тудыру.  Есептің орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін даярлауға  қолайлы сәт туғызу.

 

Оқулықпен жұмыс:

№296(3,4),

№297(3,4)

Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру.

Ғылыми дәлелдерге сүйену.

Тәсілі: топтық, жұптық, жекелей.

6-10 мин
Жаңа сабақты пысықтауДеңгейлік тапсырмалар орындайдыА, В және С деңгейлік есептерді топпен шығарып тақтада қорғайды

 

Есеп шарты бойынша

жарқын идеялар жәрмеңкесі

Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.

Шығармашылыққа жетелер  түрлі  әдістер арқылы ізденіске бағдар беру.

Тәсілі: ұжымдық, топтық , жекелей.

 

10 мин
Жаңа сабақты қорытуӨзіндік ізденіске бағыттау.

 

Әр топ теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады.Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу.

Тәсілі: топтық, ұжымдық

3-4 мин
Рефлексия«Табыс» ағашын отырғызу

·   Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

·   Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

·   Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Қағаздан жасалған алмаларды өздері таңдап алып, ағашқа магнит көмегімен жабыстырады.Тәсілі: жекелей1 мин
БағалауОқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға  сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.6 – 12 ұпай — «3»

13 – 20 ұпай — «4»

21 – 42 ұпай — «5»

Топтық және жекелей жетістіктерді бағалау. Ұпай саны бойынша бағалау2-3 мин
Үй тапсырмасыҮй тапсырмасы- келесі сабақтың іргетасы.

Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде тест жұмысын орындау. Үй тапсырмасын  дұрыс орындауға бағыт беру

№296(1,2), №197(1,2) есептер арқылы оз ойларын дәлелді  ізденіске  және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттауЖауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу.3-4 мин