Бірнеше санның арифметикалық ортасы

73

Сабақтың тақырыбы: Бірнеше санның арифметикалық ортасы

Сабақтың мақсаты:1.Бірнеше санның арифметикалық ортасын табу ережесін,

орташа жылдамдылықты таба білу,орташа өнімділікті

таба білу.

2.Оқушылардың ойлау,шығармашылық,есептеу қабілетін

дамыту.

3.Ұжымдылыққа,белсенділікке,жауапкершілікке тәрбиелеу,

тез ойлап,өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: эвристикалық методпен жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдіс- тәсілі: ұжымдық,топтық ойлау әрекеті,сұрақ-жауап,түсіндірмелі.

Сабақтың түрі:топтық білім жүйелеу, «саяхат»сабақ түріндегі жаңа білім беру сабағы

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,геометрия пәндерімен

Көрнекілік: тірек сызба,деңгейлік тапсырмалар,жолдама,плакаттар,карточкалар.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезең

                           ІІ.Қайталау.Ауызша есептер

                           ІІІ.Жаңа сабақ

                           ІV.Сабақты бекіту

                           V.Деңгейлік тапсырмалар.

                          VI.Шығармашылық,логикалық есептер

                          VII Қорытынды

                          VIII:Үйге тапсырмасы.Бағалау

1.Бүгін қандай күн?-12-сәуір.

Бүгін қандай тарихи күн? – Ғарышкерлер күні.

Қандай ғарышкерлерді білеміз?-Тоқтар Аубәкіров,Талғат Мұсабаев.

Ең бірінші ғарышқа қай адам ұшты? – Юрий Гагарин.

Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?-Көп білу керек,жігер,шыдамдылық, шыныққан болу керек.

Сондықтан,еліміздің болашақ ғарышкері болу үшін,бүгін біз ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз.Күн жүйесінде неше планета бар? 9 планета.Біз саяхат барысында, өткен сабақты қайталап,жаңа сабақты игере отыра,оны бекітіп,әр планетаға аялдама жасаймыз.Логикалық есептер,шығармашылық есептер шығарып,ребустар шешеміз.

Сабақтың барысы:                  Жолдама    

7 «Плутон» аялдамасы  (мәре)

6 «Нептун» аялдамасы (сұрақ-жауап)

5  «Уран» аялдамасы (шығармашылық есептер,ребус шешу)

4  «Сатурн»аялдамасы (деңгейлік тапсырмалар)

3 «Юпитер»аялдамасы (Жаңа сабақ)

2 «Марс»аялдамасы (қайталау есептер)

1  Байқоңыр (ауызша есептер )

Старт.

Саяхатты үш ракетада «Восход» , «Боран» , «Союз» кораблдерінде жүргіземіз.

Сонымен,жолдаманы алу үшін ауызша есептер:0,48:4           28,17:10

8,1:0,9         0,789*0,001        20,5:5       49,76*100        0,567*100       0,75:0,3

7,8*0,8        489*0,001          7,2*0,5       5,054*0,01         54,8*100       0,004*0,1

Байқоңырға жету тапсырмасы: 458,7+0,7679-12,546

0,476+15,4787+0,542

57,75+12,478-5,148

Корабльдерімізге отырып саяхатты бастаймыз.Олай болса,5..4..3..2..1..0 пуск! Ұштық!

Жерге ең жақын планета «Марсқа» жету тапсырмасы: Нұрлан,Марат,Серік үшеу картоп жинауға барды Біраз уақыттан кейін олар тамақтанды,сонда Нұрлан 4 тоқашты,Марат 2тоқашты,Серік 6 тоқашты қосып теңбөлісіп жеді.Әр бала неше тоқаш жеді?

Шешуі: (4+2+6):3=4 т Дұрыс Біз не істедік?Тоқаштарды қосып үш балаға тең бөлдік,сонда 12:3=4 т болады.Мына тірек-сызбадан нені түсінеміз?

 

Берілген сандардың барлығының қосындысын табу

 

 

 

 

 

Қосылғыштарды санау

 

 

 

 

Қосындыны қосылғыштардың санына бөлу

 

 

 

 

 

Бөлінді  (Санның арифметикалық ортасы)

 

«Юпитер аялдамасы» Бұл біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы,сонымен бірнеше санның арфметикалық ортасын табу үшін не істеу керек?

Яғни-бірнеше санның арифметикалықортасы деп,сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

(а+в):2           (а+в+с):3          (а+в+с+д+е):5        (а123+….+аn)

S1+S2+S3

Орташа жылдамдылықты табу үшін  Vорт = ————-

t1+t2+t3

1-мысал   65см, 70см, 65,5см 67,5см  орташа көрсеткішін табу керек

Ш: (65+70+65,5+67,5):4=67см                   Ж:67см

«Сатурн» аялдамасының тапсырмасы:

1-топ  6 мен 8 санының орташа мәнін тап ; 3,4,5,8 сандарының орташа мәні?

2-топ  13,17 нің орташа мәнің тап; 1,2,4,5 сандарының орташа мәні?

3-топ 20,40 санының орташа мәні; 1,7,9,11 сандарының орташа мәні?

Сергіту сәті.

 

 

«Уран» аялдамасының тапсырмасы:Берілген фигуралардың көлемін,ауданын,периметрін табу.Ребус шешу

 

              5       1

2 –  +   –

7       7

 

Т2

                    1

5 – 1 –

7

 

Р

           5/7*14/20

 

       А
          15/24: 3/4

 

       О
           5/7 + 3/14

 

       Қ
            4/9 – 1/3

 

       Т1

 

 

 

1/9

 

 

5/6

 

13/14

        6

2  –

7

 

1/2

       2

3 –

9

  Т

 

   О     Қ       Т    А      Р

 

«Нептун» аялдамасы: 1.Бүгін қандай тақырып өттік?

  1. Бірнеше санның арифметикалық ортасын қалай табамыз?

3.Орташа жылдамдылықты қалай табамыз?

4.Орташа өнімділікті қалай табамыз?

«Плутон» аялдамасына да жеттік.Бұнда біз жолдама бойынша сабақты қорытындылап,бағалаймыз.Енді еркін дем алып,үйге қайтуға дайындаламыз.Сабақты мына өлең сөздерімен аяқтаймыз. «Сайра бұл-бұл,көкейден ән төгілсін,

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер,

Көтерді қазағымның мәртебесін»

Оқушыларды бағалаймын.Үйге №1239.