Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу

66

 

Сыныбы:  8 «Б»

Пәні:  алгебра.

Сабақтың  тақырыбы:

  • Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді  шешу.
  • Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік  тәсілмен  шешу.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік : квадрат теңсіздіктердің анықтамасын және қасиеттерін  есептер  шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін   тереңдету , жинақтау , жүйелеу.

Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау  қабілеттерін   жетілдіру, білімдерін  тереңдету, пәнге қызығушылықтарын  арттыру .

Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу ,ұйымшылдыққа , достыққа ,  шапшандыққа  тәрбиелеу. Өз елінің патриотын  қалыптастыру.

Сабақтың  түрі:  Іскерлік «Партиялар  додасы»  ойын  сабағы.

Сабақтың  типі :   пысықтау  сабағы.

Сабақтың  әдісі:  үшөлшемді әдістемелік  жүйесі.

Пәнаралық  байланыс :  казақ  әдебиеті,  тарих , сызу, геометрия ,  ән.

Қөрнекілігі:  Бағалау  парағы ,мақал-мәтел, плакаттар,үлестірмелер.

Құрал-жабдықтар: Интербелсенді  тақта,  Power Point   (слайдттар),

Windows Media  (видео-ролик), Winamp (ән)  бағдарламалары.

 

Сабақтың  барысы:

 

І.  Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылар  3 топқа (партияларға)  бөлініп  отырады. Партия лидерлеріне бағалау парақтары таратылады.

Сары түсті:  «Қазақстан  үміткерлері»   партиясы

Жасыл  түсті: «Қазақстан  дарындары» партиясы

Көк түсті: «Қазақстан  озаттары»  партиясы

Әр партия бағдарламасын ,  ұранын  айтады.

Қ Р-да  7 партия бар(плакат),Қазақстан  туралы видео-ролик көрсетіліп,  «Атамекен»  әні  орындалады

ІІ.  «Заңдар  аясында…»

Саяси партиялардың бағдарламалары  нәтижеге жету  үшін,  заңдарды  білу керек.

 

І  деңгей (5  ұпай)

 

1аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік …  деп аталады.

А) Квадрат теңсіздік

В) Сызықтық теңсіздік

С)  Кері  пропорционалдық  теңсіздік  /  таңдау  тест/

 

 

2)

Формуласы квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу  формуласы ма? /иә,жоқ –альтернативті  тест/

  • Теңсіздіктің шешімі  дегеніміз не?

«Домино»  ойыны / қиындылардан ереже құрау/

4)

Теңсіздікті  шешіңдер.

  • Теңсіздікті графиктік тәсілмен  шешіңдер:

 

 

 

ІІІ.  «Халық  арасында…»

Халық  арасында  партиялардың  салмағын  байқайық,  ол үшін  Internet арқылы edu19kzaral сайтына  халықтан келіп түскен сұрақтарға  шешімін  табу керек.

ІІ  деңгей  (4  ұпай)

  • Функцияның анықталу  облысын  табыңдар: №555(3)

 

 

 

 

  • Теңсіздікті шешіңдер: №558(3)

| 2х+1| ≤1

 

ІV.  «Үгітшілерден  — ұтымды  жауап »

Партия  белсенділерінің  үгіттеу  насихаттау жұмыстарын бақылау.

 

ІІІ  деңгей (3  ұпай)

 

Тапсырма

 

  • №569(2)

а-ның  қандай  мәндерінде

 

 

 

теңсіздігі   кез  келген х  үшін  орындалады?

 

2)   Теңсіздікті  графиктік  тәсілмен  шешіңдер:

 

 

 

3) Логикалық  есеп

 

 

Патриот       3≤х≤6      трио

Білімділік     2≤х≤5          ?

 

  1. Үйге тапсырма : №558(1,4)

№562(4,5)

№ 569(3,4)

VІ.  Бағалау.

Бағалау парағы бойынша «Көшбасшы партия» -ны  анықтау,  оқушыларды  бағалау.

VІІ. Қорытындылау :

Бабалар өсиетімен  қорытындылаймыз

                           Төле би:   Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің баласы бол.

Бір үйдің  атасы болма,

Бір елдің  батасы бол.

Бір танңың  жағасы болма ,

Көп елдің  ағасы бол…

Өзіңе -өзің  кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Досыңа  адал бол.