Күнтізбелік — тақырыптық жоспар Математика 5 сынып

489

Күнтізбелік — тақырыптық жоспар Математика 5 сынып

  1. ТҮСІНІК ХАТ

Математика – өзiнiң мазмұнында сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер, геометриялық фигуралар мен шамалар, комбинаторика, статистика және ықтималдық теориясы элементтері өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын  кіріктірілген оқу пәні.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейiндегi базалық пән ретiндегi математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, сызу, жаратылыстану және т.с.с. оқу пәндерiн) оқытудың алғышарттарын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Мақсаты: оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің жоғары дамытушы әсерін қамтамасыз ету шарты ретінде тұрақты есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Математиканы оқытудың негізгі  міндеттері:

  • сан ұғымын жүйелі дамыту;
  • сандармен жазбаша және ауызша арифметикалық амалдарды орындау біліктіліктерін қалыптастыру;
  • тәжірибелік есептерді математика тіліне аудару біліктіліктерін қалыптастыру;
  • оқушыларды алгебра және гоеметрия пәндерін жүйелі оқуға дайындау.

Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке  жетістіктері мен шығармашылығы ұстанымдары басшылыққа алынды.

Ғылымилық ұстанымы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі жалпы, жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнде математика курсында барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді,  оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты сақтауды көздейдi.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен әрекеттер тәсілдерін саналы әрі берік игертудiң негізiн қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді анықтауға,  өзіндiк бағалау мен өзiндiк бақылауды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның  маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Ыңғайлылық ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру белгiлi бiр жетістікке жетуге, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өзiнiң алға жылжу бағытын анықтауына көмектеседі.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5 сыныптағы  «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сынып – аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат.

 «Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Негiзгi орта бiлiм беру деңгейiндегi математиканың вариативті мектеп компоненті бағдарлама мазмұнының стандарт деңгейін меңгертуді көздейді, сондай-ақ кейбiр тақырыптарды тереңдете оқытуға бағытталуы және мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес, қызықты есептер және қиындығы жоғары есептер шығару; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігінiң белгiлерi және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті базалық мазмұн негіздерін оқытуға бағытталған.


  1. «МАТЕМАТИКА» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

5-сынып

(аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)

 

Қайталау (20 сағат)

Натурал сандардың бөлiнгiштiгi  ( 20 сағат)

Санның бөлгiшi мен еселiгi..  Натурал сандардың 2, 3, 5, 10-ға бөлiнгiштiк белгiлерi. Жай және құрама сандар. Дәреже. Натурал сандарды жай көбейткiштерге жiктеу. Ортақ бөлгiш және ортақ еселiк.

 

  Жай бөлшектер және оларға  амалдар қолдану ( 60 сағат)

  Шеңбер және дөңгелек. Жай бөлшек. Бөлшектiң негiзгi қасиетi. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар. Бөлшектерді айналдыру. Бөлшектердi ортақ бөлiмге келтiру. Бөлшектердi салыстыру. Бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу және азайту. Аралас сандарды қосу және азайту. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Санның бөлігін және бөлігі бойынша  санды табу. Бірігіп орындалатын жұмысқа есептер шығару.

 

  Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (44 сағат)

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектi  оқу және жазу. Ондық бөлшектi салыстыру, дөңгелектеу. Ондық бөлшектердi қосу және азайту. Ондық бөлшектердi көбейту және бөлу. Мәтiндi есептер шығару. Ондық және жай бөлшектерге амалдар  қолдану. Бiрнеше санның арифметикалық ортасы.

 

  Пайыз (16 сағат)

Пайыз. Пайызға берiлген негiзгi есептер. Диаграммалар. Формула. Формала бойынша есептеу.

Бұрыш.  Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. Берiлген шамадағы бұрышты салу. Дөңгелек

Статистикалық мәлiметтердi беру тәсiлдерi, кестелер мен диаграммаларға байланысты мысалдар.

 

  Қайталау. Есептер шығару (10 сағат)

 

ІІІ. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5-сынып оқушысы:

 

— натурал санды өрнектiң мәнiн есептеу;

— белгiлерiн пайдаланып сандардың 2, 3, 5 және 10-ға бөлiнгiштiгiн анықтау;

— алымы мен бөлiмiн көрсете отырып жай бөлшектердi  оқу және жазу;

— бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi салыстыру;

— алымы мен бөлiмдерiнiң ортақ бөлгiшiне қысқарту арқылы жай бөлшектердi ықшамдау;

— қарапайым жағдайда жай бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiру;

— жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

— разрядтарын ажырата отырып ондық бөлшектердi дұрыс оқу және оларды жазу;

— жай бөлшектер мен ондық бөлшектердiң өзара байланысын анықтау, сандардың жазылуының бiр фомасынан қарапайым түрде екiншi формасына өту;

— жиi кездесетiн   сияқты   қатынастарды пайдалану;

— кез келген ондық бөлшектердi салыстыру;

— берiлген разрядқа дейiн ондық бөлшектердi дөңгелектеу;

—  ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

— жай және ондық бөлшектерi бар санды өрнектердiң мәнiн есептеу;

— берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша  санды табу;

— сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

— арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

— күрделi емес комбинаторикалық есептердi шығару барысында қажеттi варианттарды таңдай алу, өз ойын жеткiзе алу;

— арифметикалық ортаны, моданы, медиананы, ауқымды табу;

—  сәйкес формуланың  көмегiмен шамалардың мәнiн есептеу;

— геометриялық фигураларды ажырата алу және салу;

— сызғыштың, бұрыштың, траспортирдiң, циркульдiң көмегiмен күрделi емес өлшеулер мен салуларды орындау;

  • амалдардың компоненттерi арасындағы тәуелдiлiктер негiзiнде теңдеулер шешу;

— берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша  санды табу;

— сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

— арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

  • ”пайыз” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.

 

 

  1. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

5 сыныпта математика курсын оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететен пәннің оқу материалы мазмұнынының теориялық және практикалық құрамды бөліктерінің тиімді арақатынасы ұсынылады.

Курсты оқытылатын оқу материалдары математиканы ары қарай оқытудың және сыбайлас пәндердi (физика, химия, география, сызу және т.б.) оқытудың iргетасы болып табылады. Бұл курс өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

Сонымен бiрге 5 сыныпта оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игерту бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Сондықтан орнықты есептеу дағдыларын жеткiлiктi деңгейде қалыптастыру мұғалiмнiң негiзгi назарында болуы қажет.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, пайыз, пропорция  және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге  көмектеседi.

Мәтiндi есептердi шығару оқушыларды функцияны оқып-үйренуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мұнда баға, тауарлардың саны мен құны, жылдамдық, уақыт және жүрiлген жол және т.б. шамалардың арасындағы маңызды тәуелдiлiктер меңгертiледi. Мұндай есептердi шығаруда оқушылардың ойлау қабiлеттерi дамытылады, пәнге деген қызығушылықтары артады, төзiмдiлiкке, iзденiмпаздылыққа тәрбиеленедi. Есептер арқылы оқушылар қоршаған ортадағы математикалық тұрғыда сипатталатын фактiлер мен заңдылықтарды байқайды, нақты өмiрлiк жағдаяттарды символдық математикалық формаға ауыстыруға үйренедi. Бұл оқушылардың математикалық моделдi құру бiлiктерiн қалыптастырудың  бастапқы кезеңдерiн құрайтын қолданбалы арифметиканың  мәнi жөнiндегi түсiнiктерiнiң қалыптасуына көмектеседi, белгiлi алгоритмдердi қолдануға, нәтижелердi түсiндiруге мүмкiндiк жасайды. Соған байланысты мәтiндi есептердi шығарудың арифметикалық тәсiлiне  басымдылық берiледi.

Геометрия элементтерiн оқытып-үйретудiң негiзгi мiндетi – геометрияның жүйелi курсын оқып-үйренуге, басқа оқу пәндерiн оқып-үйренуде, күнделiктi өмiрде қарапайым геометриялық дағдыларды белсендi қолдануға оқушыларды дайындау.

 

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Мақсат — міндеттер Көрнекілік-тер
І тоқсан 45 сағат
Қайталау (20 сағат)
1 Натурал сандардың жазылуы 1 Өткен материалды пысықтау, еске түсіру                                                                                             Кестелер,  презентациялар,     компьютер, жұмыс дәптері
2 Кесінді және оның ұзындығы 1 Кесінді. Кесіндінің ұзындығың таба білуді қайталау.
3 Координаталық сәуле 2 Координаталық сәулемен жұмыс істеуді үйрету..
4 Натурал сандарды салыстыру 1 Сандарды салыстыру дағдыларын дамыту.
5 Натурал сандарды қосу 1 Натурал сандарды қосуды тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
6 Натурал сандарды азайту 1 Натурал сандарды азайтуды тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
7 Натурал сандарды көбейту және бөлу 2 Натурал сандарды көбейту және бөлуді тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
8 Санды және әріпті өрнектер 2 Санды өрнек , әріпі өрнек ұғымдарымен  таныстыру және өрнектің мәнін таба білуге үйрету
9 Теңдеу 3 Теңдеу  шешу алгоритімідерін  есептер шығаруға тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру   Кестелер,       презентациялар,

  компьютер, жұмыс

                       дәптері

10 Мәтінді есептер 3 Мәтін есептерді шешу алгоритмін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
11 Бұрыш 2 Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
12 Шеңбер. Дөңгелек 1 Шеңбер және дөңгелек элементтерін, қасиеттерін , есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Натурал сандардың бөлінгіштігі (20 сағат)
13 Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар 3 Натурал санның бөлінгіштігі есептер шығаруға тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары                                 
14 Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері 1 Натурал санның бөлінгіштіктіңнегізгі қасиеттерін  есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
15 2,3, 5, 9. 10 сандарына бөлінгіштік белгілері 3 2;3;5;9:10 сандарына бөлінгіштік белгілерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
16 Бақылау жұмысы №1 1 Мемлекттік стандарттың орындалуын тексеру
17 Дәреже 1  

 

 

18 Натурал сандарда жай көбейткіштерге жіктеу 2 Құрама сандарды жай көбейткіштерге  жіктеу тәсілдерін

есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары                        
19 Ең үлкен ортақ бөлгіш 3 Ең үлкен ортақ бөлгіш, өзара жай сандар ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
20 Ең кіші ортақ еселік 3 Ең кіші ортақ еселік ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
21 Есептер шығару 2 Ережелерін есептер шығаруда

тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

22 Бақылау жұмысы №2 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
Қайталауға арналған жаттығұлар 1 сағат
23 Қайталау арналған жаттығулар 1 Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану (60 сағат)
24 Жай бөлшек 1 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презентациялар, компьютер жұ мыс дәптері
25 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. 3
ІІ тоқсан 35 сағат
26 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. 1 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  Кестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе  қағаздары
27 Дұрыс және бұрыс бөлшектер. 1 Дұрыс және бұрыс  бөлшектер ұғымдарын білу
28 Аралас сандар 1 Аралас сан ұғымдарын білу
29 Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру 3 Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруды үйрету.
30 Координаталық  сәуледе жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеу. 3 Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу дағдыларын қалыптастыру
31 Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру. 4 Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері, тестер жинағы
32 Жай бөлшектерді салыстыру. 4 Жай бөлшектерді салыстыру дағдыларын қалыптастыру
33 Бақылау жұмысы №3 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
34 Қайталауға арналған жаттығулар 1 Жіберілген қателер бойынша жұмыс.
35 Жай бөлшектерді қосу 2 Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
36 Жай бөлшектерді азайту 3 Жай бөлшектерді азайту ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презентация-лар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жина-ғы, кеспе  қағаздары
37 Аралас сандарды қосу 2 Аралас сандарды қосу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
38 Аралас сандарды азайту 5 Аралас сандарды азайту ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
39 Бақылау жұмысы №4 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
40 Қайталауға арналған жаттығулар 1 Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
ІІІ тоқсан 50 сағат
41 Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту 3 9,10,12.01 Жай бөлшектермен аралас сандарды көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  

 Кестелер, презентациялар, компьютер, жұ-мыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаз-дары

42 Өзара кері  сандар 1 Өзара кері сандар ұғымын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
43 Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу 4 Жай бөлшектермен аралас сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
44 Жай бөлшектерге амалдар қолдану 5 Жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
45 Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу 4 Санның бөлігін табу формуласын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
46 Бірігіп  орындайтын жұмыстарға берілген есептер 3 Бірігіп  орындайтын жұмыстарға берілген есептер шығару алгоритмін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
47 Бақылау жұмысы № 5 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
48 Есептер шығару 2 Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (44 сағат)
49 Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу 2 Бөлшек сандардың ондық жазылуын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презентациялар, компью-тер, жұмыс  дәп-тері, тестер жинағы, кеспе қағаздары
50 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру 3 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды үйрету.
51 Ондық  бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. 2 Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу,салыстыру ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
52 Ондық бөлшектерді салыстыру. 2
53 Ондық бөлшектерді қосу 1 Ондық бөлшектерді қосу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары

54 Ондық бөлшектерді азайту 2 Ондық бөлшектерді азайту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
55 Бақылау жұмысы № 6 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
56 Қайталауға арналған жаттығулар 1 Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
57 Ондық бөлшекті натурал санға көбейту 2 Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
58 Ондық бөлшектерді көбейту 4 Ондық бөлшектерді көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
59 Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. 3 Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
60 Ондық бөлшектерді бөлу         2 Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
61 Бақылау жұмысы № 7 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
62 Ондық бөлшектерді бөлу 1 Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
ІV тоқсан 40 сағат
63 Ондық бөлшектерді бөлу 2   Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе   қағаздары

64 Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, … және 0,1; 0,01; 0,001; … сандарына көбейту және  бөлу 2   Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, … және 0,1; 0,01; 0,001; … сандарына көбейту мен  бөлуді білу дағдыларын қалыптастыру
65 Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану 6   Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
66  Сандарды дөңгелектеу. 2 Сандардың жуық мәндері .Сандарды дөңгелектеу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
67 Сандардың арифметикалық ортасы 2 Бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, мода, өзгеріс ауытқуы ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
68 Бақылау жұмысы № 8 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
69 Қайталауға арналған жаттығулар 2 Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Пайыз (16 сағат)
70 Пайыз 2 Пайыз.Санның пайызін табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе

                        қағаздары

71 Берілген санның пайызын табу 2 Санның пайызін табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
72 Пайызы  бойынша санды табу. 3 Пайыз бойынша  санды табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
73 Пайызға негізгі есептер 2 Пайызға берілген  есептер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
74 Диаграммалар 2 Дөңгелек және бағанды диаграмма салу; таблицалар салу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
75 Формула. Формула бойынша есептеу. 4 Периметрі, ауданы,көлем,қозғалыс, заттың құнының формулаларын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
76 Бақылау жұмысы № 9 1 Оқушылардың білімдерін тексеру
Қайталауға арналған жаттығұлар (9 сағат)
77 Өрнектер 1 Өрнектің мәнін таба білуге үйрету  Кестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тес-тер жинағы кеспе қа- ғаздары
78 Жай бөлшектерге амалдар қолдану 2 Жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
79 Ондық бөлшектерге амалдар қолдану 1 Ондық бөлшекке бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
80 Пайыз 2 Санның пайызын табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
81 Қорытынды бақылау жұмысы 1 Мемлекттік стандарттың орындалуын тексеру
82 Пысықтау 2 Өткен материалды пысықтау, еске түсіру
Барлығы  170 сағат