Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

153
Сынып:   6 « А » Күні: 02. 05.2013 жыл Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы Бір  айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін  шешу
Жалпы мақсаттар: —  сан аралығын біледі;

— қатаң теңсіздіктер, қатаң емес теңсіздіктерді біледі;

— бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуді ұғынады;

— бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шеше білуге үйренеді;

— Бұрын білетін ақпаратпен байланыстырады.

Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс — тәсілдер Тәсілі :  жеке, жұппен, топпен Әдісі: АКТ, СТО,
Оқыту нәтижесі: Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
Түйінді идеялар Сан аралықтары, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, электронды оқулық
Сабақтың барысы : Уақыты: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

2 мин

Көңіл – күйін анықтау. Тақтаға  «Көңіл-күй » плакатын іліп, оқушылар ға өз көңіл –күйлерін білдіру тапсыры лады.Сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейде ұстау керектігі тапсырылады. Сабақ басында өзінің көңіл-күйін білдіретін смайлик таңдайды, бір-біріне көрсетеді,  жапсырады.
2 мин     Топқа бөлу

Төрт түлік, отбасы, түстер, техника

Оқушылар ұқсас  фигуралармен  бірігіп 4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.
«Қызығушылықты

ояту »

5мин « Теңсіздік »  тақырыбы на ассоциациялық карта жасауды топтарға тапсырады.

-Оқушылар теңсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер ? Осы сұраққа жауап іздеңдер.

 

Оқушылар  жекелеме жұмыс жасайды,жұппен ақылдасады, топпен бірігіп, ортақ шешім шығарылып, өнім жасалады,  скипер қорғайды.Оқушыларды топтар ақылдасып, бағалау үшін :   смайликтер пайдаланды.
 

 

 

Жаңа тақырып:

Мағынаны ажырату.

 

 

 

20 мин

   Әр топтағы оқушыларға  жеке электрондық оқулық арқылы жаңа тақырыпты оқып,

«Түртіп алу» әдісін пайдаланып, жұппен,  топпен  талқылап,  «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»  тақырыбына постер жасауды сұрайды. Уақытты дұрыс пайдалануды тапсырады.

  Әр оқушы жеке оқып, жұппен, топпен талдап, электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. Тыңдайды, жазады,еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.Әр  топтан бір-бір оқушыдан шығып, постерді жариялайды, топ жетекшісі қорғайды.Топтар «Үш шапалақ»  әдісімен бағалайды
Ой толғаныс 10 мин Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау.

Сұрақтар

 

 

Есеп шығарады

№ 1574 ( 1,2,3,4 )

№ 1575 ( 1,2,3,4 )

 

Ойларын айтады,есеп

шығарады,ерекшелігін көрсетеді,сұрақтар береді. Жазады.

№ 1574

1)          Жауабы:

2)             Жауабы:

3)

Жауабы: шешімі жоқ

4)   Жауабы:

№ 1575

1)

Жауабы:

2)

Жауабы:

3)

Жауабы:

4)

Жауабы:

Өзін-өзі бағалайды.

Сергіту сәті 2 мин « Сағат » тілек айту

 

 

« Сағат » тілек айту

1-қолыңызды қысыңыз

2-арқасынан қағыңыз

3-күлімсіреңіз

4-қол бұлғаңыз

5-көзіңізді қысыңыз

6-мақтау айтыңыз

7-басынан сипаңыз

8-тілек айтыңыз

9-қол ұстасып секіріңіз

10-құшақтасыңыз

11-шынтақпен амандас

12-алақанды түйістір

Бағалау 2

мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар, смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс 1 мин Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып жапсырады. Сабақтан соң оқушылар сабақтан алған әсерлерін интервью толтыру арқылы білдіреді.
Кейінгі жұмыс 1

мин

№ 1576